Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 1049 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қарашада № 30571 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 150) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 275 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22710 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 1049 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) (бұдан әрі – жобалар (бағдарламалар) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыруды нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылық жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;

      4) ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

      5) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау;

      6) технологиялық жұмыстар – конструкторлық және техникалық құжаттаманы әзірлеу;

      7) ӘОО-ның жоба (бағдарлама) бойынша зерттеу тобы – ғылыми жетекшінің басшылығымен жобаны (бағдарламаны) іске асыратын зерттеу ұжымы.

2-тарау. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру

      3. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес ӘОО зерттеу тобы ғылыми жетекшісінің және мүшелерінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру бойынша жұмысы мемлекеттік тапсырысты орындау болып табылады.

      Жобалардың (бағдарламалардың) зерттеу топтары ғылыми жетекшілері мен мүшелерінің жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруы әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындауына кедергі келтірмеуге тиіс.

      4. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидалары" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (бұдан әрі – № 575 ҚРҮҚ) сәйкес уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес айқындалған жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі жобаны (бағдарламаны) орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ұсынады.

      5. Жобаны (бағдарламаны) орындау уақытына зерттеу тобының құрамын жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес айқындайды.

      Зерттеу тобының құрамына ӘОО-ның штаттық персоналы – әскери қызметшілер мен азаматтық персонал, сондай-ақ ӘОО-да оқитын магистранттар мен докторанттар енгізіледі.

      Сонымен қатар, жобаны (бағдарламаны) зерттеу тобының құрамына басқа да жеке адамдарды, соның ішінде, егер бұл әскери қызмет міндеттерін орындауға немесе еңбек шартының талаптарын орындауға кедергі келтірмесе, ӘОО-ның штатында тұрмайтын жеке құрамды қосуға жол беріледі.

      Зерттеу топтарының құрамы мен мүшелеріне қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді.

      6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жұмыстарға тиісті рұқсаты жоқ зерттеу топтарының мүшелеріне рұқсат етілмейді.

      Егер жұмыста Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер болған жағдайда, оларды жолдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер жұмыста таратылуы шектелген ("қызмет бабында пайдалану үшін" деген шектеу белгісімен) мәліметтер болса, оларды жолдау "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 429 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. ӘОО-ның гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысуы № 575 ҚРҮҚ-ға, "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды іске асыру үшін ӘОО жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері уәкілетті органмен және (немесе) салалық уәкілетті органмен олардың орындалуын жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері ұйымдастыратын әрбір жоба (бағдарлама) бойынша күнтізбелік жоспарларды қоса берумен шарттар жасайды.

      9. Ғылыми және (немесе) ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау шарттарын, тәртібін айқындау және ӘОО алдында міндеттемелерді қабылдау мақсатында жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері ӘОО басшысымен не оған уәкілеттілік берілген адаммен жобаларды (бағдарламаларды) іске асырудың барлық кезеңіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды орындауға шарттар жасайды.

      10. Міндеттерді бөлу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды орындау шарттарын айқындау мақсатында жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері зерттеу тобының әрбір мүшесімен жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жеке шарттар жасайды.

      11. Жобалар (бағдарламалар) бойынша орындалатын жұмыстарды есепке алу үшін ғылыми жетекшілер жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстарды есепке алу журналдарын ресімдейді. Журналдарда жобаларды (бағдарламаларды) іске асырудың барлық уақыты ішінде орындалған күні, жұмыс (мәлімет) атауы, орындаушылар көрсетіледі.

      12. Жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері жобалар (бағдарламалар) бойынша аралық және қорытынды (қорытынды) есеп беруді № 575 ҚРҮҚ-мен белгіленген мерзімде және талаптарға сәйкес ұсынады.

      13. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатын жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі № 575 ҚРҮҚ-ның 65-тармағына сәйкес бөледі.

      14. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау мақсатында зерттеу тобы қолда бар және жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру үшін қажетті ӘОО-ның жабдығын пайдаланады, ол ӘОО-ның күнделікті қызметтік іс-әрекетіне кедергі келтірмеуге тиіс.

      15. Ағымдағы жылы жобаларды (бағдарламаларды) аяқтау үшін негіз:

      1) Ұлттық ғылыми кеңестің жоба (бағдарлама) бойынша тиісті жылға ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп беруді мақұлдау туралы оң шешімі;

      2) жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі және конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган қол қойған, тиісті жыл үшін орындалған жұмыстар актісі болып табылады.

      16. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды орындау мерзімдері оларды іске асыруға арналған шарттарға сәйкес белгіленеді.

      Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды орындау мерзімі оларды орындау іске асыруға шарттар жасалмай жүзеге асырылатын ағымдағы оқу жылына арналған ӘОО-ның ғылыми жұмыс жоспарлары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және технологиялық жұмыстар мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми ізденісті жүзеге асыру, зерттеулер, эксперименттер, математикалық есептеулер жүргізу, ғылыми гипотезаларды тексеру, модельдер әзірлеу, заңдылықтар белгілеу, ғылыми негіздеу үшін қажетті уақытты негізге ала отырып, ағымдағы оқу жылына арналған ӘОО-ның ғылыми жұмыс жоспарында ұзақтығы 0,5 – 1 оқу жылына белгіленеді.

  Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарының
ғылыми, ғылыми-техникалық
және инновациялық жобаларды
(бағдарламаларды) орындауы
шеңберінде іске асырылатын
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын,ғылыми-зерттеу
және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды,
тәжірибелік- конструкторлық
жұмыстарды және
технологиялық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
нұсқаулыққа қосымша

___________________________________________________________________________ (ӘОО-ның атауы) ____________________________________________________________________________

ҒЫЛЫМИ ЖОБА (БАҒДАРЛАМА) БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ

      __________________________________________________________________________

      (атауы, жеке тіркеу нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ғылыми жетекші: __________________________________________________________

      (ә/атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      ______________________________________________

      Басталды: 20___жылғы "____" _______.

      Аяқталды: 20___жылғы "____" ______ .. ______ парақта

________________ қаласы Жұмысты есепке алу журналы

Р/с №

Күні (уақыты)

Жұмыс атауы (мәліметтер)

Орындаушы

Ескертпе









































      Ескертпе:

      Бақылау журналында жобаларды (бағдарламаларды) іске асырудың барлық уақыты ішінде "Жұмыс атауы (мәліметтер)" деген бағанда олар бойынша жүргізілетін барлық жұмыс, орындалатын мынадай іс-шаралар көрсетіледі:

      1) тауарларды (жабдық, ұйымдастыру техникасы, жинақтауыштар, аспаптар, құрал-саймандар, кеңсе тауарлары, бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалық өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оларды жеткізу, орнату, қосу, теңшеу туралы мәліметтер;

      2) жүргізілетін жөндеу, монтаждау, құрылыс жұмыстары туралы мәліметтер;

      3) іссапарлар туралы мәліметтер;

      4) конференциялар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, симпозиумдар) өткізу не оларға қатысу туралы мәліметтер;

      5) зерттеу топтарының жұмыс кеңестерін өткізуі туралы мәліметтер (оның ішінде басқа адамдарды тарта отырып);

      6) күнтізбелік жоспар тармақтарының орындалу барысы туралы мәліметтер;

      7) жеке кезеңдерді (модельдерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, тактикалық-техникалық тапсырмаларды, техникалық талаптарды) әзірлеуді аяқтау туралы мәліметтер;

      8) зияткерлік меншікке қорғау құжаттарын алу туралы мәліметтер;

      9) монографиялар, оқу құралдары, анықтамалықтар, альбомдар, конференция жинақтарын басып шығару туралы мәліметтер (есептік деректемелер, таралымы, орналасқан жері (шығыс нөмірлері және адресаттар);

      10) сынақтар жүргізу туралы мәліметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады