"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 212 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30731 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 416 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 20.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 212 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінде № 20974 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жасылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес берілетін ақшалай төлем;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін қайта есептеу және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу Заңға, "Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына, "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен жасаған зейнетақымен (әлеуметтік) қамсыздандыру туралы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының кадр қызметінің қызметкері құжаттардың көшірмелері "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайдан басқа, құжаттардың көшірмелерін олардың ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін қол қойып, кадр қызметінің мөрімен куәландырады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Агенттіктің, аумақтық органдардың қаржы қызметтері кадр қызметіне осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген мерзім ішінде соңғы қызмет орны бойынша қызметкердің шығарылатын күніне ақшалай қамтылымының мөлшерін растайтын ақшалай аттестатты осы Нұсқаулыққа 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.";

      18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы арнаулы атағын берумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданған кезде аумақтық органдардың кадр қызметі қызметке тағайындалған күннен бастап қызмет өткеру кезеңінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тоқтату үшін, Агенттіктің кадр қызметіне тиісті ақпаратты жолдайды.";

      34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зейнетақы ісінің мұқабасының алдыңғы бетінде аймақтың литері, істің нөмірі, зейнеткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), арнаулы атағы, қызметтен шығарылған күніне атқарған лауазымы мен қызмет орны көрсетіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын;

      2, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада бейнеленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
О. Бектенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
1-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
  Нысан

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарының есебі

      Бұрынғы ____________________________________________________________

      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бөлімшесі атауы)

      _______________________________________________________________ туған

      (туған күні, айы, жылы және орны)

      Бірінші әскери (арнаулы) атағы, сынып шені, біліктілік сыныбы ______________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның (мекеменің) атауы)

      20__ жылғы "__" _________ № ___ бұйрығымен берілді

      Соңғы арнаулы атағы __________________________________________________

      (мемлекеттік органның (мекеменің) атауы)

      20__ жылғы "___" _______________ № ___ бұйрығымен берілді

      Еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау

      үшін еңбек сіңірген жылдарына (күнтізбелік және жеңілдікпен есептегенде)

      ____________________________________________________________________

                  (қызметтен шығарылғанның тегі, инициалдары)

      мынадай қызметтері есептеледі:

Атқарған лауазымы, құқық қорғау органының, бөлімінің атауы

Лауазымға тағайындауға орган, бөлім бұйрығының нөмірі мен күні

Лауазымда қызмет еткен кезеңінің күні, айы, жылы

Еңбек сіңірген (жылдары, айы, күні)

Күнтізбелік есептегенде

Коэффи- циент

Жеңілдікпен есептегенде

1

2

3

4

5

6

Қарулы Күштердегі қызметі:







Құқық қорғау органдарындағы қызметі







Еңбек сіңірген жылдарының жиыны:




Еңбек өтілі:







Еңбек өтілінің жиыны:




Жалпы еңбек өтілі:




      20__ жылғы "___"______ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары: күнтізбелік есеппен ___ жыл___ ай___ күнді, жеңілдікпен есептегенде ___ жыл___ ай___ күнді құрады. Қызметке дейінгі еңбек өтілі күнтізбелік есеппен ___ жыл___ ай___ күн, жеңілдікпен есептегенде ___ жыл___ ай___ күнді құрайды. Күнтізбелік есеппен жалпы еңбек өтілі ___ жыл___ ай___ күнді, жеңілдікпен есептегенде ___ жыл___ ай___ күнді құрайды.

      Еңбек сіңірген жылдарының есебі № ___ жеке ісінің негізінде жасалған, ол

      ________________________________________________ сақтауға берілген.

      (мұрағаттың атауы)

      Есепті жасаған ____________________________________________________

      (кадр қызметі қызметкерінің лауазымы, тегі, инициалдары және қолы, күні)

      Есепті тексерген ___________________________________________________

      (кадр қызметі қызметкерінің лауазымы, тегі, инициалдары және қолы, күні)

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген

      жылдарының есебімен таныстым:

      ______________________________________________________________________

      (қызметтен шығарылған қызметкердің арнаулы атағы,

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы, күні)

      ___________________________________________________ Заңының (Кодексінің)

      (Заңды, Кодексті атауы)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтен шығарылу бабының нөмірі, тұжырымының атауы)

      __-бабы __-тармағының __тармақшасы бойынша 20__ жылғы "__" ___________

      (қызметтен шығарылу күні)

      бастап _______________________________________________________________

      (мемлекеттік органның (мекеменің) атауы)

      20__ жылғы "__" __________ №___ бұйрығымен қызметтен шығарылды.

      Кадр қызметінің мөр орны _______________________________________

      (кадр қызметі басшысының лауазымы,

      _______________________________________

      біліктілік сыныбы, тегі, аты-жөні, қолы)

      20__ жылғы "__" __________

      Ескертпе: жеңілдікпен есептелген еңбек сіңірген жылдары есебінің әрбір тармағында нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтеме болуы тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
2-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
1-1-қосымша
  Нысан

№ _______ АҚШАЛАЙ АТТЕСТАТ

      __________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аттестатты берген бөлімшесінің атауы)

      _______________________________________________________________

      (арнайы атағы, тегі, аты, әкеснің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      куәландырады:

      1. Лауазымдық жалақысы (санаты, коэффициенті) айына _____________ теңге

      2. Арнайы атағы үшін қосымша ақы айына ________________________теңге

      3. Сыныптық біліктілігіне үстемеақы айына _______________________ теңге

      4. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы ___________ теңге

      5. Тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай

      қамтылым айына _____________ теңге

      20__ жылғы "__"__________текті жай-күй бойынша лауазымдық айлықақысын

      есептеуге арналған еңбек сіңірген жылдары 20__ жылғы "___" __________ №

      ______ ______________________________ бұйрықпен ____ жыл ____ ай ____ күн

      болып белгіленді.

      6. Ақшалай ризықтың мынадай түрімен қанағаттандым:

      1) ______________________________________ бойынша лауазымдық жалақы

      2) ____________________________ бойынша арнайы атағы үшін қосымша ақы

      3) ________________________ бойынша сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы

      4) __________ бойынша қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы

      5) ________________________________________________________ бойынша

      баспананы күтіп-ұстауға, коммуналдық төлемдерді төлеуге ақшалай өтемақы

      6) _____________________ бойынша тұрғын үйді жалдауға берілетін өтемақы

      7) Барлығы ________________________________________ бойынша есептелді

      8) Алименттер, кімге:_______________________________________________

      мөлшерінде _______________________________________________________

      9) 20___ жылғы үшін демалыс _________________________________________

      (пайдаланған, пайдаланбағанын көрсету керек)

      10) Сауықтыруға жәрдемақы__________________________________________

      (соманың төленгенін, төленбегенін көрсету керек)

      11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен босатылған кезде төленетін

      біржолғы жәрдемақы ________________________________________________

      (ақшалай қамтылымды, еселігін және сомасын жазумен жазып көрсету керек)

      12) ____________________________________________________ берешегі бар

      (берешек түрі көрсетілсін)

      ______________________________________________ бастап қарамағында тұр

      Еңбек сіңірген жылдары ____ жылғы "____"______________текті жай-күй

      бойынша ______ жыл_____ай _____ күнді құрайды

      (жұмыстан шығарылған күнгі еңбек сіңірген жылдары көрсетіледі)

      Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________

      Қызметкердің ағымдағы есепшоты ____________________________________

      (есепшот № , банктің атауы)

      Аттестат __________________________________________________________

      (қызмет бойынша ауысқан, зейнеткерлікке шығу

      немесе мүлдем қызметтен босатылған)

      байланысты берілді

      20__ жылғы "___" _________ № ______ бұйрыққа сәйкес

      20__ жылғы "___" __________ (берілген күні)

      Мөр орны

      Қаржы қызметінің басшысы                   ____________________________

      (аумақтық органдар үшін                         (қолы, тегі, аты-жөні)

      бөлімше басшысы)

      Бас бухгалтер                               _____________________________

                                                      (қолы, тегі, аты-жөні)

      Аттестатта көрсетілген деректер дұрыс деп есептеймін ___________________

      __________________________________________________________________

                  (қызметтен босатылғанның қолы, тегі, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
3-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
____________________________
(қорытындыны бекітетін
___________________________
адамның лауазымы, тегі,
___________________________
инициалдары, қолы)
20__ жылғы "___"_________

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

      ____________________________________________________________________

      (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға негіз

      ____________________________________________________________________

      болып табылатын "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру

      ______________________________________________________________ сәйкес

      туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормасына сілтеме көрсетілсін*)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бөлімшесі,

      ____________________________________________________________________

      арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалсын.

      Туған жылы, айы, күні _____ жылғы "___" __________.

      20___ жылғы "___" ___________ № ____ бұйрығымен 20 ___ жылғы "___"

      ________ бастап "_________________________________________________"

      (заңнамалық актінің атауы)

      Қазақстан Республикасы Заңының ____-бабы __-тармағыны______тармақшасы

      бойынша қызметтен шығарылды ________________________________________

      (қызметтен шығарылу тұжырымының атауы)

      Еңбек сіңірген жылдары: күнтізбелік есеппен ___ жыл ___ай ___ күн;

      жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ай ___ күн;

      Еңбек өтілі: күнтізбелік есеппен ___ жыл ___ай ___ күн;

      жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ай ___ күн;

      Жалпы еңбек өтілі: күнтізбелік есеппен ___ жыл ___ай ___ күн;

      жеңілдікпен есептегенде ___ жыл ___ай ___ күн.

      Еңбек сіңірген жылдары зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ескерілетін ақшалай ұстау мөлшері:

      лауазымдық жалақысы _________теңге ____ тиын

      арнаулы атағы бойынша жалақы (қосымша ақы), _________теңге ____ тиын;

      Барлығы: _________теңге ____ тиын.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабының және 68-бабы ___- тармағының

      негізінде ______________________________________

      (тегі, инициалдар)

      ақшалай ұстаудан _____% мөлшерінде сомасы _________ теңге зейнетақы төлемдері

      белгіленсін, ол 20__ жылғы "___"_________ бастап төленуі тиіс.

      Кадр қызметінің басшысы _________________________

      (қолы, тегі, инициалдары)

      Кадр қызметінің қызметкері ________________________

      (қолы, тегі, инициалдары)

      Ескертпе:

      *Толтыру кезінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сілтеме көрсетіледі (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының ___-тармағы __ тармақшасы).

      Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары үшін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау негіздемесінде қосымша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 8-тармағы көрсетіледі.

      1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен шығарылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалу шарттары болған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау негіздемесінде қызметтен шығарылған күнде қолданыста болған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның нормаларына қосымша сілтеме көрсетіледі ("Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының __-бабының __-тармағының __тармақшасы).

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
4-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ) АГЕНТСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ (АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СЛУЖБА) ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ІС ПЕНСИОННОЕ ДЕЛО

      Фамилиясы __________________________________________________________

      Фамилия

      Аты-жөні (болған жағдайда) ____________________________________________

      Имя и отчество (при его наличии)

      Арнаулы атағы _______________________________________________________

      Специальное звание

      Лауазымы ___________________________________________________________

      Должность

      Қызмет орыны _______________________________________________________

      Место службы ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
5-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
5-қосымша

      Нысан

Зейнеткерлер мен зейнетақы істерін есепке алу кітабы


р/с

Реті бойынша зейнетақы ісінің нөмірі, тіркеу күні

Зейнеткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) арнаулы атағы, лауазымы, қызметтен шығарылар алдындағы қызмет орны, туған күні

Еңбек сіңірген жылдары, еңбек өтілі, жалпы еңбек өтілі

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі: қандай мөлшерде (% және теңге), қай күннен бастап тағайындалды

Ескертпе: зейнетақы ісі қайда кетті, қайдан келді, төлемді тоқтату себебі мен күні

1

2

3

4

5

6

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
6-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
6-қосымша

      Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зейнетақы куәлігі





      Ескертпелер:

      1. Зейнетақы куәлігінің мұқабасы күңгірт сұр түсті, жоғары сапалы былғарыдан дайындалады. Зейнетақы куәлігінің ашылған түріндегі өлшемі 6,5х19 сантиметр болады.

      2. Зейнетақы куәлігінің беткі жағында ортасынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түстес бейнесі орналастырылған, төменгі жағынан "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ" деген жазу баспаханалық қаріппен орындалған.

      3. Зейнетақы куәлігінің ішкі сол және оң бөліктері белгіленген үлгідегі тангир торының бейнесінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің эмблемасымен көгілдір түсте орындалған. Әрбір ішкі бөліктің оң және сол жағынан бедерлі ақ баспа әріптермен "ҚАЗАҚСТАН" сөзі орындалған.

      4. Зейнетақы куәлігінің ішкі сол жақ бөлігінде мыналар орналастырылған:

      сол жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының бедерлі Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес бейнеленген.

      сол жағынан төменгі бөлігінде зейнетақы куәлігі бланкісінің нөмірі көрсетілген;

      жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ)" деген жазу қара түспен орындалған, оның астынан қызыл түсті "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ" шағын мәтіні орналастырылған.

      оң бөлігінің ортасында қызыл түспен орындалған "№ __ КУӘЛІК" деген жазу орналастырылған, оның астында қара түспен арнайы атағы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және "ЗЕЙНЕТКЕР" деген жазу мемлекеттік тілде көрсетіледі. Зейнетақы куәлігінің нөмірі қара түспен басылады;

      төменгі бөлігінде оң жағынан зейнетақы куәлігінің берілген күні және қолданылу мерзімі "ШЕКТЕУСІЗ" деген жазумен көрсетіледі.

      5. Зейнетақы куәлігінің оң жақ ішкі бөлігінде мыналар орналастырылған:

      жоғарғы жақ бөлігінде қара түспен орындалған "АГЕНТСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ (АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СЛУЖБА)" деген жазу, оның астынан қызыл түсте "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ" шағын мәтіні орналастырылған.

      сол жақ бөлігінде зейнеткердің 3х4 сантиметр өлшемдегі түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет зейнеткері фотосуретке күнделікті киетін нысанды киімде (китель, көгілдір түсті жейде, галстук) бас киімсіз ақ фонда, ордендік планкаларымен және білімі туралы белгілермен (болған жағдайда) түседі. Погондардағы айырмашылық белгілері зейнетақы куәлігін толтыру күніне берілген арнайы атағына сәйкес болуға тиіс;

      оң жақ бөлігінің ортасында қызыл түсте орындалған "УДОСТОВЕРЕНИЕ № __" деген жазу орналастырылған, оның астынан атағы, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі және "ПЕНСИОНЕР" деген жазу орыс тілінде көрсетіледі. Зейнетақы куәлігінің нөмірі қара түспен басылады;

      төменгі бөлігінде оң жағынан зейнетақы куәлігіне қол қоятын лауазымды адамның аты-жөні және тегі көрсетіледі.

      6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зейнетақы куәлігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының қолымен куәландырылады және шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) бейнеленген және оны айналдыра мемлекеттік тілде "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ" деген жазба жазылған, диаметрі 30 миллиметр дөңгелек пішінді мөр басылады.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
7-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
7-қосымша

      Нысан

Зейнеткерлер мен зейнетақы істерін есепке алу кітабы


р/с

Реті бойынша зейнеткерлік куәліктің нөмірі, тіркеу күні

Зейнеткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), арнаулы атағы, лауазымы және қызметтен шығарылар алдындағы қызмет орны, туған күні

Зейнеткерлік куәлікті беру (алғашқы рет немесе ауыстыру №___)

Куәлікті алу: Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы, алған күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 421 бұйрығына
8-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте қызмет өткерген
қызметкерлерге еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін тағайындау және
жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулыққа
8-қосымша

      Нысан

ТАНЫСУ ПАРАҒЫ

      ________________________________________________________________________

      (қызметтен шығарылған қызметкердің, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________

      (заңнамаға сілтеме)

      ______________________________________________________________ сәйкес

Атауы

күнтізбелік есептеуде

жеңілдік есептеуде

Ескертпе

Еңбек сіңірген жылдары




Еңбек өтілі




Жалпы еңбек өтілі




      20__ жылы "___"____________ (қызметтен шығу сәтінде)

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының ____-бабы ____-тармағының негізінде еңбек

      сіңірген жылдары және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлік төлемдердің тиесілі еместігі

      туралы таныстырылдым.

      ____________________________________________________________________

                  (қызметтен шығарылған адамның қолы, тегі, инициалдары, күні)

      Кадр қызметінің қызметкері __________________________________

      (қолы, тегі, инициалдары)

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады