Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30756 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 200 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11201 болып тіркелген);

      2) "Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі№ 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 5 тамыздағы № 509 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23939 болып тіркелген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 1111 бұйрығымен
бекітілген

Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), орындалған әскери мақсаттағы жұмыстың және әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтердің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысын нақтылайды. Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық әскери өкілдіктердің өнімнің сапасын бақылау және қабылдау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды, наразылық жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді, өнімге нақты шығынды тексеру және келісу жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды және әскери өкілдіктердің ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтиды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бұйым (партия) – бір техникалық құжаттама бойынша шектелген уақыт кезеңінде жасалған және алушының мекенжайына жіберуге арналған біртекті өнім бірлігінің жиынтығы;

      2) біліктілік сынағы – талап етілген сападағы өнімді берілген көлемде шығаруға өнеркәсіп кәсіпорындарының дайындығын бағалау мақсатында өнімді шығаруға қою кезінде жүргізілетін өнімді бақылап сынау;

      3) ғылыми-зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ҒЗЖ) – негізделген бастапқы деректерді алу, өнімді жасау (жаңғырту) қағидаттары мен жолдарын іздестіру мақсатында жүргізілетін теориялық немесе эксперименттік зерттеулер кешені;

      4) жаппай бақылау – әскери өкілдік бұйымдарды жасау мен сынаудың келесі кезеңдерінде орындалу сапасын тексере алмайтын бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер мен технологиялық процесс операциялары үшін, сондай-ақ оны шығаруда меңгеру сатысындағы өнім үшін көзделген сапаны бақылау;

      5) нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі – НТҚ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілетін әртүрлі санаттағы стандарттар, жалпы техникалық талаптар жүйелері, алушының тактикалық-техникалық тапсырмалары (ерекшеліктері), материалдарға, заттарға техникалық шарттар, басқа да құжаттар жататын техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;

      6) қорғаныс өнеркәсібі кешені ұйымы – қару-жарақ пен әскери техника айналымы саласында лицензиясы бар отандық тауар өндіруші және жұмысты, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізуші (бұдан әрі – ұйым);

      7) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) міндетті ұсынымдар тізбесі – әскери өкілдік әзірлеген ұйымның техникалық бақылау бөлімі әскери өкілдікке бақылауға міндетті түрде ұсынуға жататын бұйымдар, құрастыру бірліктері, технологиялық процесс операциялары және бөлшектер тізбесі;

      9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыс пен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінім беретін және тиісті тауарларды (өнімді), жұмысты, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары;

      10) жедел бақылау – Міндетті ұсынымдар тізбесіне кірмеген технологиялық операцияларды және процесті бақылау. Жедел бақылаумен ұйымның НТҚ талаптарын орындауы, өндірістің жалпы мәдениетінің жай-күйі, ұйым зертханаларының жұмысы, цехтардың, учаскелер мен жұмыс орындарының жай-күйі, қабылданған өнімді сақтау қағидаларының сақталуы да тексеріледі. Жедел бақылау кенеттен, уақыттың кез келген сәтінде жүзеге асырылады;

      11) өнімді қабылдау – өнімнің шарт талаптарына (шарттарына) сәйкестігін және оның сапасын бақылаудың оң нәтижесі кезінде жүзеге асырылатын осы өнімнің жеткізуге, сондай-ақ пайдалануға жарамдылығын тексеру және құжаттамалық растау;

      12) өнімді қабылдауды тоқтата тұру – әскери өкілдіктің өнім сапасын бақылау, қабылдау және тиеу процесін негізделген уақытша тоқтату жөніндегі өкілеттіктері;

      13) өнім номенклатурасы – әскери өкілдік сапасын бақылауға және қабылдауға жататын өнім тізбесі;

      14) өнім сапасы – өнімнің арналуына сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру үшін оның жарамдылығын айқындайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы;

      15) өнімді шығаруға қою – жаңадан әзірленген жаңғыртылған бұйымдарды өнеркәсіптік шығаруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешені;

      16) сапаны бақылау – әскери өкілдіктің олардың белгіленген талаптарға (шарт талаптарына) сәйкестігін айқындау мақсатында өнімнің сандық және сапалық көрсеткіштерінің қасиеттерін тексеру жөніндегі қызметі;

      17) сапа менеджменті жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) – өнім сапасын жалпы басқару үшін қажет әдістемелердің, процестің және ресурстың ұйымдық құрылымының жиынтығы;

      18) техникалық құжаттама (бұдан әрі – ТҚ) – өнімнің қолданылу циклінің әрбір сатысында тікелей пайдалану үшін қажетті құжаттар жиынтығы (ТҚ-ға конструкторлық, технологиялық, бағдарламалық, жобалау-сметалық, жобалау құжаттамасы, техникалық шарттар жатады);

      19) техникалық бақылау бөлімі (бұдан әрі – ТББ) – өнімнің белгіленген ТҚ талаптарына (шарт талаптарына) сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыратын ұйым бөлімшесі;

      20) тәжірибелік-конструкторлық жұмыс (бұдан әрі – ТКЖ) – қару-жарақ пен әскери техника үлгісін жасау (жаңғырту) үшін бірыңғай бастапқы құжат (ТТҚ) бойынша орындалатын жұмыс кешені;

      21) ішкі бақылау – ТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкес келмейтін өнім үлгілерін (жүйелерін, кешендерін) әзірлеу, шығару, жаңғырту және жөндеу кезінде қолдануды болдырмау үшін өнім сапасын бақылау;

      22) ішінара бақылау – сапаны бақылау, онда өнім жататын партиядан салыстырмалы түрде оның бірліктерінің аз саны бақыланады, осы бақылау өнім сериялары үшін жүзеге асырылады.

2-тарау. Әскери өкілдіктің өнім сапасын бақылау және қабылдау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру

      3. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) жеткізуге, әскери мақсаттағы жұмысты орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар (бұдан әрі – шарт) әскери өкілдіктің әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыс пен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдау жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

      4. Әскери өкілдік шарт және ТҚ талаптарына сәйкес өнімді шығарудың кез келген сатысында өнім сапасына бақылауды жүзеге асырады.

      5. Жасалған шарт негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы (бұдан әрі – Орталық) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери өкілдік бақылайтын өнім номенклатурасын әзірлейді. Оны уәкілетті орган немесе қорғаныстық тапсырысты алушы бекіткеннен кейін үзінділер әскери өкілдікке жеткізіледі.

      6. Әскери өкілдік шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, олар осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттарды, дайын өнімді қабылдауды және жеткізуді есепке алу журналында тіркеледі. Шарттар талаптарының және мерзімдерінің орындалмауына (бұзылуына) алғышарттар жасалған кезде әскери өкілдік жүктелген өкілеттіктер бөлігінде оларды уақтылы орындау бойынша шаралар қабылдайды, ұйымдарға тиісті ұсынымдарды жолдайды және ол туралы уәкілетті органға (алушыға) және Орталыққа дереу баяндайды.

      7. Әскери өкілдік шарттар негізінде осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық бақылау бөлімі әскери өкілдікке ұсынуға жататын бұйымдардың, құрастырубірліктерінің, технологиялық процесс операцияларының міндетті ұсынымдар тізбесін әзірлейді және кәсіпорынның басшылығымен келіседі. Тізбеге дайын өнім және оның құрамдас бөліктері (құрастыру бірліктері, бөлшектер), оның ішінде шарт талаптарына сәйкес міндетті жаппай, ішінара және жедел бақылауға және қабылдауға жататын технологиялық процесс операциялары енгізіледі.

      8. Міндетті ұсынымдар тізбесі ТҚ талаптарына сүйене отырып, әскери өкілдіктің штат санын, технологиялық процестерді пысықтау дәрежесін, өнім сапасы және сынаудың еңбек сыйымдылығы туралы мәліметтерді ескере отырып әзірленеді. Өнім сапасын бақылауды күшейту және қабылдау үшін ұйымдарға басқа әскери өкілдіктердің лауазымды адамдары, сондай-ақ Орталықтың лауазымды адамдары өнім сапасын бақылау және қабылдау үшін жіберіледі (іссапарға жіберіледі).

      9. Міндетті ұсынымдар тізбесін әскери өкілдік бастығы бекітеді және ұйымның басшысына келісуге жолданады және әскери өкілдік өнімді жасау, сапасын бақылау және пайдалану нәтижесі бойынша нақтылайды.

1-параграф. Өнім сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау нысандары мен әдістері

      10. Өнімді жасау сапасын бақылау ТҚ-да көзделген осы өнімді бақылап сынауды жүргізу арқылы жаппай, ішінара, ішкі немесе жедел бақылау әдісімен жүзеге асырылады.

      11. Бақылау тиімділігін арттыру үшін әскери өкілдік құрастыру бірліктері, бөлшектер, технологиялық процесс операциялары және жалпы бұйым сапасын бақылау әдістемесін (картасын) әзірлейді.

      12. Әскери өкілдік техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексерілген, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұйымды ұсыну туралы хабарлама бойынша ұйымның ТББ-сы қабылдаған бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер, технологиялық процесс операциялары сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады.

      13. Өнім сапасын бақылауды және қабылдауды әскери өкілдік есепке алынған ТҚ жиынтығы бойынша жүргізеді.

      14. Өнім сапасын бақылау процесінде әскери өкілдік:

      1) бақылау үшін қажетті есепке алынған ТҚ-ның бар болуын, оның жай-күйі мен пысықталу дәрежесін;

      2) ұсынылған өнімді бақылау және сынау үшін арналған жұмыс орнының жай-күйін, бақылау-өлшеу сондай-ақ тексеру аппаратурасының, стенділердің, пульттердің, құрал-сайман мен айла-бұйымдардың бар болуын және ақаусыздығын, оның ішінде оларға паспорттардың (аттестаттардың) бар болуын және оларды ұйым метрологиялық қызметінің уақтылы салыстырып тексеруін (калибрлеуін);

      3) ұсыну және ілеспе құжаттаманың бар болуын, дұрыс ресімделуін;

      4) ұсынылған өнімнің жиынтықталуын;

      5) ұсынылған өнімнің ТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігін;

      6) тексерілетін өнімнің сақталу жай-күйін және оны жеткізу тәртібін;

      7) ақауды оқшаулауды;

      8) жұмыс орнындағы және өндірістік учаскедегі өндіріс мәдениетін тексереді.

      15. Сапаны бақылауды аяқтағаннан кейін әскери өкілдік ілеспе құжаттаманы ресімдейді, хабарламада сапаны бақылау нәтижесі бойынша қорытынды береді, ТҚ-ның талабы бойынша бұйымды таңбалайды және пломбалайды.

2-параграф. Жаппай бақылау жүргізу

      16. Ұлттық стандарттар (сынау бағдарламалары) немесе ТҚ талаптарына сәйкес әскери өкілдікке ұсынылатын әрбір бұйымның, құрастыру бірлігінің, бөлшектің немесе технологиялық процесс операциясының сапасын бақылау жаппай бақылау деп түсініледі.

      17. Жаппай бақылаумен әскери өкілдік әскери өнімді (өнімді) жасаудың және сынаудың келесі кезеңдерінде орындау сапасын тексере алмайтын, ал ішінара бақылау оның белгіленген талаптарға сәйкестігін объективті бағалауға мүмкіндік бермейтін анағұрлым жауапты бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер және технологиялық процесс операциялары үшін көзделеді. Жаппай бақылау өнімді шығаруды меңгеру сатысында да және ұзақ үзілістен кейін өнімді шығаруды қайта бастау кезінде де қолданылады.

3-параграф. Ішінара бақылау жүргізу

      18. Әскери өкілдік өнімді ішінара бақылауды ұсынылған бұйымдар партиясынан жүзеге асырады және ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес жүргізеді. Өнімге ішінара бақылау жүргізу үшін бақылау жоспары жасалады, ол бақыланатын партия ауқымын, таңдау немесе сынама ауқымын, бақылау нормативтерін қамтиды.

      19. Өнімді қабылдау аяқталғаннан кейін әскери өкілдік қабылдаудың аяқталу уақытын белгілеумен (өнімді ұсыну уақыты ұсыным құжаты алынғаннан кейін белгіленеді) хабарламаны және ілеспе құжаттаманы ресімдейді, сондай-ақ ТҚ-да көзделген жағдайда өнімді пломбалайды және таңбалайды. Ішінара бақылау кезінде партияны қабылдау туралы қорытындыда сынауға ұшыраған бұйымдардың зауыттық нөмірлері көрсетіледі.

4-параграф. Ішкі бақылау жүргізу

      20. Бұйымдарға ішкі бақылау "Сапаны кешенді бақылау жүйесі. Материалдарды, жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдарды ішкі бақылау. Жалпы ережелер" ҚР ӘСТ 13.45 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

5-параграф. Жедел бақылау жүргізу

      21. Әскери өкілдік жедел бақылауды "Сапаны кешенді бақылау жүйесі. Өндірісті, операцияларды және технологиялық процестерді, материалдарды, жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдарды жедел бақылау. Жалпы ережелер" ҚР ӘСТ 13.53 талаптарына сәйкес жүргізеді. Өндірісті жедел бақылауға тапсырмаға осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери өкілдік бастығы қол қояды және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті жедел бақылауға тапсырмалар беру журналында осы тапсырмаларды есепке алу жүргізіледі.

6-параграф. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындауды бақылау

      22. ҒЗЖ-ны орындауды бақылауды жүзеге асыру кезінде әскери өкілдік:

      1) НТҚ-ны, ҒЗЖ-ны орындауға шарттарды қарауға және келісуге қатысады. Әскери өкілдік осы құжат бойынша ескертулер мен ұсыныстарды уәкілетті органға, алушыға және ұйымға жолдайды;

      2) ҒЗЖ-ға құжаттаманы қарауға және келісуге қатысады;

      3) орындалған жұмыс кезеңдерінің НТҚ талаптарына сәйкестігін тексереді, осы тапсырмалардың барлық өзгерістері мен нақтылануы уақтылы ресімделгенін және бекітілгенін қадағалайды;

      4) бірлескен жұмыс жоспарларын, жасалатын бұйымдарды эксперименттік пысықтаудың кешенді бағдарламаларын және ҒЗЖ-ны орындауға басқа да жоспарлау құжаттарын келіседі, олардың орындалуын есепке алады;

      5) макеттерді, модельдерді, эксперименттік үлгілерді және олардың құрамдас бөліктерін сынау бағдарламалары мен әдістемелерін келіседі, сынауды жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға қатысады;

      6) ұйымның басшылығымен келісу бойынша шарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде ғылыми-техникалық кеңестерде немесе ұйымның кеңестерінде әрбір кезең бойынша жұмысты аяқтау нәтижесін және жалпы жұмыс бойынша қарауға қатысады;

      7) ұйымға шарттар талаптарына сәйкес жұмыс кезеңдерінің орындалғаны туралы куәлік береді;

      8) шарт талаптары, НТҚ және МЕМСТ 7.32 "Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп беру" мемлекетаралық стандартының талаптары орындалмаған жағдайда қабылдау үшін әскери өкілдікке ұсынылатын ҒЗЖ-ны қабылдамайды.

      Жұмысты (жұмыс кезеңдерін) қайта қарауды әскери өкілдік уәкілетті орган бекіткен анықталған кемшілікті жою жөніндегі іс-шаралар іске асырылғаннан кейін жүргізеді.

      23. ҒЗЖ-ны бақылау кезінде әскери өкілдік:

      1) ұйым жүргізетін зерттеулер тақырыбын зерделеуді;

      2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды;

      3) орындалған кезеңдер бойынша қорытынды беруді;

      4) ҒЗЖ (кезеңдері, құрамдас бөліктері) орындалғаннан кейін қалған макеттерді, модельдерді, материалдарды, өлшеу құралдарын және материалдық құндылықтарды, жұмыс құнына енгізілген оларды жасауға немесе сатып алуға шығынды есепке алуды, жүргізуді, сақталуын және қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.

      24. Әскери өкілдік ҒЗЖ-ны қабылдау актісі бойынша уәкілетті орган (алушы) шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

7-параграф. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың орындалуын бақылау

      25. Әскери мақсаттағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың (бұдан әрі – ТКЖ) мазмұны және орындау кезінде әскери өкілдіктің олардың сапасын бақылауды ұйымдастыруы шарттармен белгіленеді.

      26. Әскери өкілдік ТКЖ-ны орындауды бақылауды жүзеге асыру кезінде "Әскери техниканы әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмысты орындау тәртібі. Негізгі ережелер" ҚР ӘСТ 1207 талаптарын басшылыққа алады.

8-параграф. Эскиздік (техникалық) жобаны әзірлеуді бақылау

      27. Эскиздік (техникалық) жобаны (бұдан әрі – ЭЖ, ТЖ) әзірлеу кезеңінде әскери өкілдік "Әскери техниканы әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмысты орындау тәртібі. Негізгі ережелер" ҚР ӘСТ 1207 басшылыққа алады.

9-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасау үшін ТҚ-ны әзірлеуді бақылау

      28. Осы кезең жұмысының мақсаты мен мазмұны өнімнің тәжірибелік үлгісін (құрамдас бөлшектің тәжірибелік үлгісін), оның ішінде пайдалану процесінде өнімді (құрамдас бөлшекті) пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ету үшін арналған оқу-жаттықтыру құралдарын, арнайы технологиялық жабдықты және керек-жарақты жасау және оларды сынау үшін ТҚ-ны, сондай-ақ бағдарламалық құжаттаманы әзірлеуді қамтиды.

      29. Өнімнің (құрамдас бөліктің) тәжірибелік үлгісін жасау үшін ТҚ-ны әзірлеуді бақылауды жүзеге асыру кезінде әскери өкілдік "Әскери техниканы әзірлеу және шығаруға қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмысты орындау тәртібі. Негізгі ережелер" ҚР ӘСТ 1207 басшылыққа алады.

10-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасауды бақылау және оны алдын ала сынау

      30. Өнімнің тәжірибелік үлгісін жасау және оны алдын ала сынау кезеңінде әскери өкілдік "Әскери техниканы әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмысты орындау тәртібі. Негізгі ережелер" ҚР ӘСТ 1207 және "Әскери техника бұйымдарын әзірлеу кезінде олардың сапасын бақылау. Негізгі ережелер" ҚР ӘСТ 13.47 басшылыққа алады.

11-параграф. Өнімнің тәжірибелік үлгісін мемлекеттік сынауды бақылау (өнім құрамдас бөлігінің тәжірибелік үлгісін ведомствоаралық сынау)

      31. Өнімнің (өнімнің құрамдас бөлшегін) тәжірибелік үлгісін мемлекеттік (ведомствоаралық) сынау кезеңінің мақсаты:

      1) жасалатын өнімнің жойғыш мүмкіндігін бағалау, өнімнің (өнім құрамдас бөлшегінің) тәжірибелік үлгісі техникалық және пайдалану сипаттамасының ТКЖ-ны орындауға НТҚ талаптарына сәйкестігін тексеру және растау;

      2) өнімді қарулануға (жабдықтауға, пайдалануға) қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыным беру;

      3) өнеркәсіптік (сериялық) өндірістің мақсатқа сәйкестігі туралы және алушыға өнімді жеткізу үшін өндірісті өрістетуге әзірленген құжаттаманың әзірлігі туралы ұсыным беру;

      4) пайдалану құжаттарын (оның ішінде оқу-техникалық плакаттарды) бағалау және ТҚ-ның пайдалануға қолжетімділігі туралы қорытынды беру болып табылады.

      32. Өнімнің (өнім құрамдас бөлігінің) тәжірибелік үлгісін мемлекеттік (ведомствоаралық) сынау кезеңінде әскери өкілдік "Әскери техниканы әзірлеу және шығаруға қою жүйесі. Бұйымның тәжірибелік үлгісін сынау. Негізгі ережелер" ҚР ӘСТ 1206 және "Әскери техниканы әзірлеу және шығаруға қою жүйесі. Бұйымның тәжірибелік үлгілерін сынау бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу тәртібі. Негізгі ережелер" ҚР СТ 1208 басшылыққа алады.

      33. ТКЖ-ның осы кезеңін жабу үшін негіз уәкілетті органның, алушының және ұйымның бірлескен шешімімен бекітілген мемлекеттік (ведомствоаралық) сынау актісі болады.

12-параграф. Өнімнің өнеркәсіптік (сериялық) өндірісін ұйымдастыру үшін ТҚ-ны түзетуді және бекітуді бақылау

      34. Өнімнің өнеркәсіптік (сериялық) өндірісін ұйымдастыру үшін ТҚ-ны бекіту кезеңінде әскери өкілдік "Конструкторлық құжаттаманы тексеру, келісу және бекіту тәртібі" ҚР Ә СТ 9.2 басшылыққа алады.

13-параграф. Жөндеу құжаттамасын әзірлеуді, тексеруді, келісуді және бекітуді бақылау

      35. Әскери өкілдік жүргізілетін жұмыстың барлық кезеңдерінде жөндеу құжаттамасын әзірлеуді, келісуді және бекітуді МЕМСТ 2.602 "Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Жөндеу құжаттары" мемлекеттік стандартына және "Әскери техника. Жөндеу құжаттары" ҚР Ә СТ 9.3-ке сәйкес бақылайды.

14-параграф. Өнімді шығаруға қою жөніндегі жұмысты бақылау және оған қатысу

      36. Шығаруға қою екі кезеңді: өндірісті дайындауды және өнімді шығаруды меңгеруді қамтиды.

      37. Өнімді жеткізуге шарт өнімді шығаруға қою жөніндегі жұмысты жүргізу үшін негіз болып табылады.

      38. Шығаруға қоюдың мақсаты кәсіпорынның ТҚ талаптарына, сондай-ақ оны жеткізуге арналған шарт талаптарына сәйкес келетін жаңадан әзірленген (жаңғыртылған) өнімді жасауға және жеткізуге әзірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

      39. Шығаруға қою мынадай бұйымға қатысты белгіленеді:

      1) алушының тапсырмасы бойынша әзірленген өнім үлгілеріне (жүйелеріне, кешендеріне) және оның құрамдас бөлшектеріне;

      2) НТҚ бойынша әзірленген салааралық қолданыстағы жиынтықтаушы бұйымдарға.

      40. Егер ТҚ талаптарына және оларды жеткізуге арналған шарт талаптарына сәйкес келетін өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өндірісті дайындау және меңгеру кезеңдері берілген ауқымда толық орындалса, шығаруға қою аяқталды деп саналады.

      41. Өнімді шығаруға қойған кезде әскери өкілдікке:

      1) шығаруға қою жөніндегі ұйымдық-өкімдік құжатты (өкімді) келісу;

      2) шығаруға қою бойынша кешенді кестені келісу және оның орындалуын бақылау;

      3) конструкторлық құжаттаманың есепке алынған жиынтығын, қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюмен технологиялық жарақтандырудың арнайы құралдарын қабылдау-тапсыруға қатысу;

      4) технологиялық құжаттама жиынтығын келісу. Өнімді жасаудың, құрастырудың, монтаждаудың, теңшеудің, реттеудің ерекше жауапты технологиялық процесі (операциялары) тізбесін (номенклатурасын) әзірлеу және бақылау үшін әскери өкілдікке ұсынуға жататын өнімді сынау;

      5) біліктілік сынағы бағдарламасын келісу, біліктілік сынағы жөніндегі комиссия жұмысына қатысу;

      6) қабылдау-тапсыру сынауының санаты үшін ТҚ-да көзделген тексеру ауқымында біліктілік сынағы алдында өнім сапасын бақылау. Біліктілік сынағы үшін өнімді іріктеу;

      7) біліктілік сынағына әзірлік туралы хабар етуді (хабарламаны) келісу;

      8) бекітілген біліктілік сынағы бағдарламасына сәйкес комиссия құрамында сынау және тексеру, олардың нәтижесі бойынша есеп беру құжаттарын ресімдеу;

      9) біліктілік сынағы актісі бойынша шешім және акті бойынша шешімде көзделген іс-шараларды орындау нәтижесі негізінде алушыға кезеңді сынау нәтижесін алғанға дейін шығаруды меңгеру кезеңінде жасалған өнімді жеткізу мүмкіндігі туралы қорытынды беру;

      10) зерттеу нәтижесін құжаттамалық ресімдеумен біліктілік сынағы барысында, сондай-ақ өнімді, құрастыру бірліктерін, бөлшектерді және технологиялық процесс операцияларын шығару процесінде анықталған ақау себептерін зерттеуге қатысу;

      11) комиссия құрамында біліктілік сынағы актісіне қол қою;

      12) біліктілік сынағы актісі бойынша шешімді келісу;

      13) біліктілік сынағы актісі бойынша шешімді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу және оның орындалуын бақылау жүктеледі.

15-параграф. Әскери өкілдіктің өндірісті дайындау жөніндегі жұмысты бақылауы және оған қатысуы

      42. Өндірісті дайындау кезеңінде әскери өкілдік өндіріске қою жөніндегі кешенді іс-шаралар кестесін келіседі және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      43. Әскери өкілдік конструкторлық құжаттама жиынтығының есепке алынған көшірмелерін, сондай-ақ ұйымға берілетін технологиялық жарақтандырудың арнайы құралдарын тапсыруға-қабылдауға қатысады.

      44. Тапсыру-қабылдау тапсырушы тараптың өкілдері және қабылдаушы тараптың өкілдері қол қоятын қабылдау-тапсыру актілері бойынша жүргізіледі.

      45. Әскери өкілдік өнім шығаруды дайындау кезінде:

      1) ұйымдық-өкімдік құжаттарды, кешенді іс-шаралар кестесін, сенімділікті және сапаны қамтамасыз ету, біліктілік сынағы және метрологиялық қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуді және келісуді бақылайды;

      2) өнімді жасауға арналған ТҚ әзірлеуді (пысықтауды) бақылайды, сондай-ақ бақылауға және өлшеуге жататын технологиялық процестердің параметрлері мен сипаттамаларын белгілеуге қатысады;

      3) өнімді жасауды қамтамасыз ету үшін ТҚ метрологиялық сараптамасын жүргізуге қатысады;

      4) ішкі бақылауды жүргізуді ескере отырып, өндірісті технологиялық дайындауды жүргізуге қызметтерді, цехтарды, персоналды дайындау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды бақылайды және оған қатысады;

      5) ұйымда қолданылатын сапа менеджменті жүйесін, өнімнің сенімділігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын бақылайды;

      6) өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге, өнімді сынау және шығару кезінде пайдаланылатын сынау жабдығын және өндірістік персоналды аттестаттауға қатысады;

      7) конструкцияны технологиялыққа өңдеуді бақылайды;

      8) ТҚ-ға өзгерістер енгізуді бақылайды.

      46. Бұл ретте әскери өкілдік:

      1) өндірісті дайындау процесінде әзірленген технологиялық құжаттама жиынтығын;

      2) бақылау және келісу үшін әскери өкілдікке ұсынуға жататын өнімді жасаудың, құрастырудың, монтаждаудың, теңшеудің, реттеудің және сынаудың ерекше жауапты технологиялық процестеріне (операцияларына) әскери өкілдік әзірлеген тізбеде (номенклатурада) айқындалған технологиялық құжаттарды келіседі.

      47. Ұйым ТҚ-ны алған, өнімді жасауға арналған ТҚ белгіленген тәртіппен әзірленген (түзетілген), келісілген, ұйымдық-өкімдік құжатта және өндіріске қою жөніндегі кешенді іс-шаралар кестесінде айқындалған өндірісті дайындау жөніндегі іс-шаралар өткізілген, технологиялық жарақтандыру құралдары сынамақтан өткізілген және реттелген және ұйымның өнім шығаруды меңгеруге қол жеткізілген технологиялық әзірлігі туралы анықтама ұсынылған жағдайда, өндірісті дайындау аяқталды деп саналады.

16-параграф. Әскери өкілдіктің өндірісті меңгеру жөніндегі жұмысты бақылауы және оған қатысуы

      48. Өндірісті меңгеру процесінде әзірленген өнім (белгіленген серия) біліктілік сынағына жатады.

      49. Біліктілік сынағын ұйым ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ал уәкілетті органның (алушының) бұйрығымен (шешіммен) тағайындалған комиссия сынау жүргізеді.

      50. Әскери өкілдік өнім өндірісін меңгеру кезінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) ТҚ-да көзделген қабылдау-тапсыру сынауы көлемінде өнімді (белгіленген серияны) тексеруді;

      2) іріктеу актісін ресімдей отырып, қабылдау-тапсыру сынауында қабылданған біліктілік сынағы үшін өнімді іріктеуді;

      3) біліктілік сынағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес комиссия құрамында өнімнің біліктілік сынағына қатысуды және хаттамаларда (есеп берулерде) көрсетілетін тексеру, қарап-тексеру, өлшеу нәтижесін ресімдеуді;

      4) комиссия жұмысының басталуына ұсынылған барлық құжаттарды тексеруді;

      5) кәсіпорында өндірістің жалпы технологиялық жарақтандырылу жай-күйін тексеруді (оның ішінде өндірістің технологиялық жарақтандырылуымен), жұмыс орындарында өнімді (бөлшектерді, құрастыру бірліктерін) әзірлеудің технологиялық процесіне ішінара бақылау жүргізеді және біліктілік сынағы бағдарламасына сәйкес өнімге сынау мен тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      6) зерттеу нәтижесін ресімдей отырып, біліктілік сынағы барысында анықталған ақаудың себептерін зерттеуді;

      7) уәкілетті орган бекітетін біліктілік сынағы актісін және шешімді ресімдеуге қатысуды және келісуді;

      8) кезеңдік сынау нәтижесін алғанға дейін алушыға біліктілік сынағы актісі бойынша шешім және өнеркәсіптік өндіріс өнімін және өндірісті меңгеру кезеңінде әзірленген өнімді жеткізу мүмкіндігі туралы акт бойынша шешімде көзделген іс-шараларды орындау нәтижесі негізінде қорытындылар беруді.

      51. Өнім әзірлеушісі жанындағы әскери өкілдік біліктілік сынағына (белгіленген серияны қабылдауға) әзірлігі туралы хабардар етуді (хабарламаны) келіседі.

      52. Сынау мен тексеруді біліктілік сынағы бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес комиссия және әскери өкілдік жүргізеді. Сынау мен тексеруді жүргізу хаттамалармен (есеп берулермен) ресімделеді, онда сынау, тексеру, қарап-тексеру нәтижесі көрсетіледі. Хаттамаларға (есеп берулерге) комиссия мүшелері және сынаудың нақты түріне қатысатын адамдар қол қояды.

      53. Шешімді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты аяқтау ұйымның және әскери өкілдіктің бірлескен актісімен ресімделеді.

      54. Әскери өкілдік өндірісті меңгеру процесінде жасалған және алушыға жеткізуге жататын өнімнің сапасын бақылауды қабылдау-тапсыру сынауы ауқымында жүргізеді.

      55. Біліктілік сынағының теріс нәтижесін алған кезде әскери өкілдіктің өкілдері комиссия құрамында хаттама жасайды (келіседі), онда теріс нәтиженің себептері көрсетіледі.

      56. Әскери өкілдік анықталған себептерді жою және олардың пайда болуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды келіседі және бақылайды. Осы іс-шараларды орындағаннан кейін комиссия жаңадан жасалған немесе толық пысықталған өнімге біліктілік сынағын қайта жүргізеді.

17-параграф. Қабылдау-тапсыру сынауы

      57. Қабылдау-тапсыру сынауы "Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер" ҚР Ә СТ 4.7 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

18-параграф. Кезеңдік сынау

      58. Өнімді кезеңдік сынау "Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер" ҚР Ә СТ 4.7 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

19-параграф. Ұсынбалы сынау

      59. Өнімді ұсынбалы сынау "Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер" ҚР Ә СТ 4.7 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

20-параграф. Үлгілік сынау

      60. Өнімді үлгілік сынау "Әскери техника. Әскери техниканың сериялық бұйымдарын сынау және қабылдау. Негізгі ережелер" ҚР Ә СТ 4.7 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

21-параграф. Әскери өкілдіктің өндіріс ақауына талдау жүргізуді бақылауы және оған қатысуы

      61. Өндіріс ақауына талдау жүргізу кезінде әскери өкілдіктің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

      1) өндірістің кез келген сатысында ақаудың барлық жағдайын уақтылы анықтау және тіркеу;

      2) ақау себептерін және кінәлілерді белгілеу;

      3) ақаулы деп танылған өнімді өндірістен алып тастау және оқшаулау;

      4) сәйкес келмейтін өнімді біріздендіру;

      5) сәйкессіздіктер себептеріне талдау жүргізу, зерттеу;

      6) анықталған ақауды құжаттамалық түрде ресімдеу;

      7) сәйкессіздіктердің пайда болуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды дайындауды және өткізуді бақылау;

      8) жасалатын өнімнің тұрақты сапасына кепілдік бермейтін технологиялық процестер мен жарақтандыру кемшілігін анықтау;

      9) кәсіпорын басшылығы мен әскери өкілдік тарапынан талдау үшін ақауды анықтау фактілері және оны жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты қарау.

      62. Өндіріс процесінде сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде кәсіпорынның тиісті қызметтері ақауға талдау жүргізеді, оның сәйкес келмеу себептерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Әзірленген іс-шаралар әскери өкілдікпен келісіледі.

      63. Сапа жөніндегі тұрақты әрекеттегі комиссияның кеңестерінде ТББ-ға және әскери өкілдікке бақылауға ұсынылған өнім сапасын талдау бойынша деректер, алушыдан өнім сапасы бойынша ақау мен наразылық туралы хабарламалар қаралады, ақауды жоюға және алдын алуға бағытталған іс-шаралар әзірленеді.

      64. Сапа жөніндегі тұрақты әрекеттегі комиссияның кеңестерінде қабылданған шешімдер орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетіле отырып, кеңес хаттамаларымен ресімделеді. Сапа жөніндегі тұрақты әрекеттегі комиссия хаттамасының көшірмелері мүдделі бөлімшелерге және әскери өкілдікке жолданады.

      65. Әскери өкілдікте жұмыс тәжірибесімен алмасу және сапа мен сенімділікті арттыру мәселелері бойынша жалпы талаптар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында қабылданатын өнімнің сапасы бойынша жеке құрамның техникалық кеңестері ай сайын өткізіледі.

22-параграф. Қабылданған өнімді техникалық қабылдау және тиеу

      66. Әскери өкілдік хабарламаны алған сәттен бастап 24 сағат ішінде өнімді техникалық қабылдауды бастайды.

      67. Егер сапасын бақылау және қабылдау үшін ұсынылған өнімге құжаттама дұрыс ресімделмесе, жұмыс орындары немесе сынау, өлшеу, бақылау құралдары дайындалмаса, әскери өкілдік келіскен іс-шаралар (шешімдер) орындалмаса, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі талаптар орындалмаса және жедел бақылау процесінде әскери өкілдік анықтаған кемшілікті жою жөнінде шаралар қабылданбаса, онда ұсынылған бұйымдар (өнім партиялары) нақты себептерін көрсетумен қабылданбайды.

      68. Дайын, толық сыналған, жинақталған және жеткізуге (пайдалануға) дайын өнімді техникалық қабылдауға әскери өкілдік ұйым басшысы (бас инженер) және ТББ бастығы қол қойған хабарламаны және белгіленген тәртіппен ресімделген формулярды (паспортты) немесе өнімді тапсыруға әзірлігін және оның ТҚ-ға сәйкес келуін, сондай-ақ өнімді мақсаты бойынша пайдалануға және (немесе) қолдануға жарамдылығын куәландыратын шартта көзделген өзге де құжатты алғаннан кейін кіріседі.

      69. Қолданыстағы ТҚ-ға сәйкес жүргізілген қабылдау-тапсыру сынауының оң нәтижесі, сондай-ақ ТҚ-да белгіленген бұйымдарды (өнім партиясын) жасау және қабылдау мүмкіндігі осы сынаумен растау мерзімдері өтпеген жағдайда алдыңғы кезеңдік сынаудың оң нәтижесі бұйымды (өнім партиясын) техникалық қабылдау туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

      70. Өнімді техникалық қабылдау кезінде әскери өкілдік ұсыну және ілеспе құжаттаманы ресімдеуді жүргізеді, сондай-ақ техникалық құжаттамада көзделген жағдайларда өнімді пломбалайды және таңбалайды. Егер өнімнің көлемінің үлкендігіне байланысты бір уақытта қабылдауға болмайтан жағдайда оны партиялармен (бөліктермен) қабылдайды.

      71. Шарт бойынша жасалған қабылданған өнімге әскери өкілдік бастығы ұйымға осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік береді.

      72. Әскери өкілдік қабылданған және тиелген өнімді есепке алады, ұйымның қабылданған өнімді дұрыс сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

      73. Қабылданған өнімді тиеу шарттардың талаптарына сәйкес және тиеу құжаттарын ресімдеумен жүргізіледі.

      74. Ұйым тиеу үшін көлік құралдарын беру уақыты туралы алдын ала әскери өкілдік бастығын хабардар етеді.

      75. Әскери өкілдік кәсіпорынның ілеспе және пайдалану құжаттамасын жолдауын бақылайды.

23-параграф. Өнімді қабылдауды тоқтата тұру

      76. Өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұруды әскери өкілдік бастығы, ал ол болмағанда оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.

      77. Әскери өкілдік мынадай жағдайларда:

      1) шарттар талаптары, сондай-ақ әскери өнімнің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шешімдер орындалмаған;

      2) осы өнімге арналған конструкторлық құжаттамада көзделген өнімді сынау нәтижесі теріс болған;

      3) техникалық құжаттамада белгіленген әскери өнім өндірісінің ерекше жауапты технологиялық процестері бұзылған;

      4) егер бұл ақау өндірісте болған өнімде болса, оның ішінде әскери өнімді пайдалану процесінде оның істен шығуын тудыратын ақау анықталған;

      5) әскери өнімді шығаруда контрафактілік, жалған, сұрыпталмаған жиынтықтаушы бұйымдар, материалдар мен жартылай фабрикаттар пайдаланылған, сондай-ақ жасалатын өнім контрафактілік деп танылған;

      6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың талаптары бұзылған;

      7) қабылдауға екі рет ұсынылған бұйым (өнім партиясы) екі рет қабылдау-тапсыру сынауынан өтпеген (егер техникалық құжаттамада өзгеше ескерілмесе);

      8) жүйелі түрде бірінен кейін бірі қабылдау-тапсыру сынауына бастапқы ұсынылған бұйым даналары (өнім партиялары) олардан өтпеген және екі рет жүйелі түрде жүргізілген бастапқы қабылдау-тапсыру сынауының әрқайсысының нәтижесі бойынша түпкілікті ақаулы деп танылған (оларды қабылдауға қайта ұсыну құқығынсыз);

      9) бұйымдар ТҚ-да белгіленген сынаудан өтпеген;

      10) бұйымдарды (өнім партияларын) жасау сапасын бақылау кезінде олардың себебі технологиялық процестердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі (оның ішінде сынау, өлшеу және бақылау құралдарының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталса) болып табылатын ақау анықталған;

      11) өнімді пайдалану процесінде бұйымдардың істен шығуын тудыратын ақау мен құрылымдық кемшілік анықталған және бұл ақау мен құрылымдық кемшілік өндірістегі бұйымдарда да бар екені белгіленген;

      12) өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер мерзімде орындалмаған;

      13) техникалық құжаттамаға шартта көзделген өзгерістерді белгіленген мерзімде енгізбей бұйымдарды, тораптарды, құрастыру бірліктерін жасау жалғастырылған;

      14) өнім бұйымдарын жасау процесінде олардың техникалық құжаттаманың міндетті талаптарына және шарттың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда әскери өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұрады.

      78. Әскери өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұру туралы әскери өкілдік бастығы ұйым басшысын, уәкілетті органды (алушыны) және Орталықты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша хабардар етеді.

      79. Өнімді қабылдау тоқтатыла тұрған жағдайда өнімде немесе технологиялық процесте анықталған ауытқуларды зерттеу нәтижесін алғаннан және олардың туындау себептері тіркелгеннен кейін дербес жеткізуге жатпайтын және өнімді қабылдауды тоқтата тұру себебі болып табылмайтын өз өндірісінің бөлшектері мен құрастыру бірліктерін жасауды және қабылдауды жалғастыруға рұқсат етіледі.

      80. Егер өнімді қабылдау сынаудың теріс нәтижесі салдарынан тоқтатыла тұрған болса, онда қабылдауды қайта бастау мүмкіндігі туралы шешім ақаудың туындау себептері анықталғаннан, олар жойылғаннан және қайта жүргізілген кезеңдік сынаудың оң нәтижесі алынғаннан кейін (не оларды жүргізу кезінде ақау анықталған немесе олардың туындауына ықпал еткен кезеңдік сынау санатына кіретін алдыңғы кезеңдік сынау нәтижесінің қолданылу мерзімдері өтпеген жағдайда сынау түрлерінің негізделген жағдайларында) қабылданады.

      81. Қабылданған өнім тиеуге немесе жасаушыға жауапты сақтауға беруге жатады.

      82. Қабылданған өнім ұйымға жауапты сақтауға берілген жағдайда әскери өкілдік бұл туралы белгіні өнімді ұсынғаны туралы (әскери өкілдіктің қорытындысы) хабарламаның артқы жағына қояды және осы өнімді есепке алады.

24-параграф. Экспортқа жеткізілетін өнім сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері

      83. Экспортқа жеткізілетін әскери мақсаттағы өнім сапасын бақылау және қабылдау Орталық бастығының тиісті нұсқаулары және белгіленген тәртіппен ресімделген әскери мақсаттағы өнім (бұдан әрі – ӘМӨ) сапасын бақылау және қабылдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт бар болған кезде бекітілген ТҚ талаптарына және келісімшарттардың (оны жеткізуге арналған шарттардың) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      84. ӘМӨ-ге ТҚ Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының және стандарттау жөніндегі басқа да құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленеді.

      85. Әскери өкілдік ӘМӨ үлгілеріне арналған ТҚ-ның келісімшартта белгіленген тактикалық-техникалық сипаттамаларға, экспорттық жиынтық пен параметрлерге сәйкес келуін бақылайды.

      86. Әскери өкілдік осы өнімді жасау мен шығарудың кез келген кезеңінде ӘМӨ сапасын және оның ТҚ-ға сәйкес келуін бақылайды.

      87. Әскери өкілдік өз құзыреті шегінде қосалқы бөлшектер, агрегаттар, тораптар, аспаптар мен жиынтықтаушы бұйымдар сапасын бақылауды және қабылдауды қоса алғанда, ӘМӨ сапасын бақылауды және қабылдауды қамтамасыз етеді.

      88. Сапаны бақылау нәтижесі оң болған кезде әскери өкілдік ӘМӨ-ні қабылдауды, ұсыну және ілеспе құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ ТҚ-да және келісімшарт шарттарында көзделген жағдайларда өнімді пломбалап таңбалайды.

      89. Шетелдік алушының талабы бойынша шетелдік өндірістің құрамдас бөліктерімен жиынтықталған ӘМӨ үлгілерінің сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері осы өнімге арналған ТҚ-да көрсетіледі.

      90. Егер осы ақау өндірістегі өнімде де болса, әскери өкілдік ӘМӨ сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған, оны сынау нәтижесі теріс болған кезде, пайдалану процесінде ӘМӨ-нің істен шығуын тудыратын ақау анықталған кезде ӘМӨ-ні қабылдауды тоқтата тұрады.

      91. Әскери өкілдік себептерін мазмұндай отырып, ӘМӨ-ні қабылдауды тоқтата тұру туралы бір жұмыс күні ішінде ұйым басшысын жазбаша хабардар етеді және Орталыққа баяндайды.

      92. Әскери өкілдіктің сапаны бақылауына және қабылдауына жататын, бірақ ол қабылдамаған ӘМӨ тиелмейді.

      93. Ұйым мен әскери өкілдік арасында туындайтын ӘМӨ сапасын бақылауға және сынау мен қабылдау кезінде оны бағалауға қатысты даулы мәселелер заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

      94. Жөндеуге жататын ӘМӨ сапасын бақылау және қабылдау жөндеу ТҚ-да белгіленеді. Егер ӘМӨ әскери қабылдауға жататын болса, құжаттамада бақылау түрлері мен ауқымы, бақылап сынау санаттары, түрлері мен кезеңділігі, жөндеуді жүзеге асыратын ұйымның сапа қызметтерінің және әскери өкілдіктің өнімді бақылау және қабылдау тәртібі мен шарттары айқындалады.

      95. Шетелдік алушының ӘМӨ-ге наразылық ұсынуы, оны қарау және қанағаттандыру осы өнімді шетелдік алушыға жеткізуге арналған келісімшарттарда айқындалады.

25-параграф. Өнімге сервистік қызмет көрсету, жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыс сапасын бақылау және қабылдау

      96. Әскери өкілдік ұйымдарда орындалатын өнімге сервистік қызмет көрсету, жөндеу және (немесе) жаңғырту бойынша жұмыс сапасын бақылауды және қабылдауды ұйымдастыру кезінде шарттардың және ТҚ талаптарын басшылыққа алады.

      97. Ұйымда жұмысты орындау үшін пайдаланатын әскери бөлімнен өнім үлгісін беру үшін негіз наряд болып табылады. Өнім үлгілерін беруге нарядты алушының жабдықтаушы органы береді.

      98. Өнім үлгілерін қабылдау-тапсыру нәтижесі бойынша шартта белгіленген нысан бойынша өнімді жөндеуге қабылдау-тапсыру актісі ресімделеді.

      99. Ұйымдарда жүргізілетін өнімге сервистік қызмет көрсету, жөндеу және (немесе) жаңғырту бойынша жұмысты бақылау кезінде әскери өкілдіктің функциялары мен міндеттері:

      1) өнім үлгісіндегі ақауды анықтауға және ақауға жатқызу ведомосын ресімдеуге қатысу;

      2) орындалған жұмыс сапасын және нақты ауқымын, сондай-ақ жұмысты орындау кезінде қосалқы бөлшектердің жұмыс тізбесін (техникалық тапсырманы) қарау арқылы және жұмысты орындау кезінде қосалқы бөлшектер өнімінің үлгісінде пайдаланылуға жататын өнім үлгілеріне нақты пайдаланылуын тексеру;

      3) өнім үлгісінде жүргізілген жұмыстың нақты еңбек ауқымын растау;

      4) жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес сынау жүргізу;

      5) ұсыну туралы хабарламаны алғаннан кейін жұмыс нәтижесін техникалық қабылдауды жүзеге асыру болып табылады.

      100. Техникалық қабылдау процесінде әскери өкілдік өнім үлгісін жөндеу ісінің бар болуын және оны ресімдеуді тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша әскери өкілдіктің лауазымды адамы жөндеу ісінің титул парағына қол қояды, тексерген күнін, қолтаңбасын қояды, анықтамалар мен құжаттарға арналған мөрмен куәландырады.

      101. Өнім үлгісін жөндеу ісі: өнім үлгісінің техникалық жай-күйі актісін, ақауға жатқызу ведомосын, материалдық құралдарды (бар болған кезде) есептен шығару актілерін, жұмыс тізбесін (техникалық тапсырманы) және жұмысты орындау кезінде өнім үлгісінде пайдаланылуға тиіс қосалқы бөлшектер, жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың сапасын және ішкі бақылаудан өткенін растайтын құжаттар түпнұсқаларын (көшірмелерін) және өнім үлгісінде орындалған жұмысқа қатысты басқа да құжаттарды қамтиды.

      102. Өнім үлгісінің формулярын дұрыс ресімдеу (орындалған жұмыс туралы жазбалардың бар болуы, ауыстырылған қосалқы бөлшектер нөмірлері (бар болған кезде), агрегаттар мен жүйеге құйылған май мен арнайы сұйықтық маркасы, жөндеу әсерінен кейін өнімді сынау туралы формуляр бөлімін толтыру тексеріледі.

      103. Өнім үлгісінде орындалған жұмыс сапасы мен ауқымы, көзделген қосалқы бөлшектер мен материалдар ауқымы мен нақты пайдаланылуы, өнім үлгісінің қолдану қабілеті тексеріледі.

      104. Техникалық қабылдау нәтижесі бойынша әскери өкілдік хабарламаның артқы жағында жұмысты техникалық қабылдау туралы жазба жасайды.

      105. Жұмыс нәтижесі және жұмысты орындау кезінде пайдаланылған қосалқы бөлшектер өнім үлгілеріне, шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде әскери өкілдік онда жұмыс нәтижесін техникалық қабылдаудан бас тарту себептерін көрсетумен өнімді техникалық қабылдауға ұсыну туралы ресімделген хабарламаны қайтарады.

      106. Көрсетілген кемшілік өнімді техникалық қабылдауға ұсыну туралы хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұйым есебінен жойылады.

      107. Бұйымды техникалық қабылдауға ұсыну туралы хабарламада көрсетілген өнім үлгісіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі жойылғаннан кейін ұйым өнімді техникалық қабылдауға ұсыну туралы хабарламаны қайта ресімдейді.

      108. Қабылданған өнімге техникалық қабылдау нәтижесі оң болған кезде әскери өкілдік бастығы ұйымға өнімнің ТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігі туралы куәлік береді.

      109. Жөндеу ісіне қорғаныстық тапсырысты алушы бекіткен орындалған жұмысты тапсыру-қабылдау актісінің көшірмесі де тігіледі.

26-параграф. Жеке қорғану құралдарының сапасын бақылау және қабылдау ерекшеліктері

      110. Өнім (жеке қорғану құралдары) бақылауға және сынауға осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайға алып шығарылған дайын партиялармен ұсынылады.

      111. Әскери өкілдіктің өнімді қабылдауы және сапасын бақылауы үшін үй-жайға мынадай талаптар қойылады: жеткілікті алаңы, жарық түсуі, жылытылуы, желдетілуі, жабдықпен, станоктармен, манекендермен, қалыптармен, шаблондармен, техникалық құжаттамасы, үлгілерін, арнайы киімді сақтауға арналған бекітілетін шкафтармен жиынтықталуы.

      112. Ұйым әскери өкілдікке міндетті ұсынымдар тізбесіне сәйкес оны жасау (шикізат, материалдар мен жиынтықтаушылар, киім пішу, жасау, сынау, орау және ілеспе құжаттаманы толтыру) процесі кезегінде өнім сапасын бақылауға хабарлама ұсынады.

      113. Өнім әскери өкілдікке оны жасау кезеңі ішінде бірдей ұсынылады.

      114. Әскери өкілдікке ұсынылатын өнім ТҚ-ға, шарт талаптарына және эталон-үлгісіне сәйкес келуге тиіс.

      115. Эталон-үлгіні ұйым әскери өкілдіктің қатысуымен жасайды және пломбалайды. Дайын бұйымдардың жұмыс үлгілерін жасау, келісу және бекіту кезінде ұйым және әскери өкілдік алушы бекіткен эталон-үлгілерді басшылыққа алады.

      116. Өнімді біркелкі ұсынбаған және ұйымда көп мөлшерде жинақталған жағдайда қабылдаудың түпкілікті мерзімін әскери өкілдік бастығы ұйымның басшысымен бірлесіп айқындайды. Егер өнім оның ауқымды мөлшерде болуына байланысты бір уақытта қабылданбаса, онда ол партиялар (бөліктер) бойынша қабылданады.

      117. Дайын өнім үлгілерін іріктеуді әскери өкілдік ТББ өкілінің қатысуымен ТҚ-да және шарт талаптарында көзделген сынау жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде жүзеге асырады. Сынауға әскери өкілдікке сапаны бақылауға ұсынылатын әрбір партиядан өнім үлгілері ұшырайды.

      118. Дайын бұйымдардың бастапқы жұмыс үлгілері өнімді шығаруға жіберу кезінде, одан кейін бұйымға ТҚ-ға өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ үлгілердің тауарлық түрінің жоғалуына қарай жасалады. Бұйымдардың жұмыс үлгілеріне ұйымның бас инженері және ТББ бастығы қол қояды, сондай-ақ олар әскери өкілдік және қорғаныстық тапсырыс бастығымен келісілуге тиіс.

27-параграф. Стандарттау, біріздендіру, каталогтау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты бақылау

      119. Әскери өкілдік стандарттау жөніндегі құжаттардың және метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өнім өндірісін метрологиялық қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.

      Бұл ретте әскери өкілдік:

      1) ұйымның метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларын, бағдарламаларын орындауын;

      2) өлшеу және бақылау құралдары мен әдістерінің белгіленген пайдалану қағидаларын сақтауды (өлшеуді орындаудың аттестатталған әдістемелерін қолдану, аттестатталған сынау жабдығын пайдалану, салыстырып тексерілген өлшеу құралдарын (калибрленген) қолдану);

      3) жасалатын өнімге метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың іске асырылуын (белгіленуін) және әзірлеу процесінде осы талаптардың орындалуын;

      4) алушыға жеткізілетін өнімнің салыстырып тексерілген өлшеу құралдарымен жиынтықталуын бақылайды.

      120. Ұйымдарда сапаны бақылауды, өнімнің белгіленген талаптарға және (немесе) өнімді стандарттау жөніндегі құжаттар талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша сынауды (оның ішінде сертификаттық) жүзеге асыру үшін зертханалар құрылады.

      121. Зертхана аккредиттелген және/немесе аттестатталған болуға тиіс.

      122. Зертхана тек аккредиттеу туралы сертификатта немесе аттестаттау туралы куәлікте көрсетілген сынау түрлерін жүргізеді.

      123. Әскери өкілдік мынадай бағыттар бойынша зертханалардың қызметіне бақылауды ұйымдастырады:

      1) анықталған сәйкес келмеуді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезіндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда, сапа менеджментінің жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) зертханаларының сапасына ішкі тексеруді жүргізуге және оларды жетілдіруге қатысу;

      2) сынау әдістемелері мен бағдарламаларын келісу;

      3) сынауды (оның ішінде сертификаттық) жүргізуге қатысу;

      4) зертханаларда сынау жүргізу үшін келіп түскен бұйымдарды сақтауды, сәйкестендіруді және қадағалауды, сондай-ақ сынау жүргізілгеннен кейін оларды орауды және тиеуді ұйымдастыруды бақылау.

      124. Бақылауды жүзеге асыру үшін әскери өкілдік мынадай ақпаратпен қамтамасыз етіледі:

      1) аккредиттеу туралы сертификаттың және/немесе аттестаттау туралы куәліктің бар болуы;

      2) сынау жүргізу үшін талап етілетін ресурсты уақтылы ұсыну мүмкіндігі;

      3) сынау жүргізу үшін техникалық ресурстың, сынау және өлшеу құралдарының бар болуы, білікті персоналдың бар болуы;

      4) инженерлік-техникалық персоналдың бар болуы және біліктілігі;

      5) жабдықтың және технологиялық жарақтандырудың техникалық жай-күйі, оны тексеру және аттестаттау тәртібі.

      125. Әскери өкілдік мынадай мәселелер бойынша бақылауды жүзеге асырады:

      1) ішкі бақылауды ұйымдастыру, сынауды жүргізгенге дейін және одан кейін бұйымдарды есепке алу және сақтау;

      2) зертханаларды технологиялық жарақтандыру және бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен қамтамасыз ету;

      3) жұмыс орындарын жабдықпен және құрал-саймандармен қамтамасыз ету;

      4) технологиялық жарақтандыру құралдарының техникалық жай-күйіне кезеңдік бағалау жүргізу және бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу;

      5) құрылыстарды, аппараттық-техникалық және бағдарламалық құралдарды, автоматтандырылған жұмыс орындарын жұмыс істейтін жай-күйде ұстау және қолдау қағидаларын сақтау, сондай-ақ бұйымға сынау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағдарламалық өнімді тексеру;

      6) бұйымдарды ішкі бақылау рәсімдерін жүргізу тәртібі;

      7) сынауды басқару тәсілдері мен әдістері.

      126. Сынауды орындау кезінде жұмысты орындау сапасын және СМЖ талаптарының сақталуын бақылауды әскери өкілдік сапаны бақылау қызметімен немесе оның функцияларын орындайтын зертхана бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асырады.

      127. Әскери өнімге арналған стандарттарды әзірлеуді және келісуді бақылау кезінде әскери өкілдік:

      1) өнімге стандарттарды әзірлеуге (өзгертуге) НТҚ жобаларын қарауды және келісуді;

      2) өнімге стандарттар жобаларын ұйымдардың ғылыми-техникалық кеңестерінде немесе техникалық кеңестерінде қарауға қатысуды;

      3) уәкілетті органмен (алушымен) келісілуге тиіс стандарттар жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстар дайындауды, оларды толық пысықтауды және уәкілетті органға (алушыға) пікір білдіру (келісу) үшін таратуды бақылауды;

      4) өнімге стандарттар жобалары бойынша келіспеушіліктерді немесе ескертулерді қарау жөніндегі келісу кеңестеріне қатысуды;

      5) уәкілетті органмен (алушымен) келісілген ұйымға бекітілген стандарттарды уақтылы қайта қарауды (өзгертуді) бақылауды жүзеге асырады.

      128. Стандарттаудың және біріздендірудің берілген деңгейін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ұйымда өнім сапасын басқару жүйесін қалыптастыруды және оның жұмыс істеуін бақылау кезінде әскери өкілдік ұйымда бар сапа жүйесі жөніндегі нормативтік құжаттарды (кәсіпорындар стандарттары, нұсқаулықтар) талдайды, жаңа құжаттарды әзірлеу және қолданыстағы құжаттарды қайта қарау бойынша ұйым жоспарларының жобаларына ұсыныстар дайындайды, көрсетілген жоспарларды келіседі және оларда әскери өкілдікпен келісілуге тиіс нормативтік құжаттар тізбесін айқындайды.

28-параграф. Өнімнің сапасы мен сенімділігін талдау жөніндегі жұмыс, жинақтау есебін жүргізу

      129. Бақыланатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету мақсатында әскери өкілдік:

      1) ұйымның өнімді шығару, сынау және пайдалану нәтижесі бойынша оның сапасы мен сенімділігіне талдау жүргізуіне қатысады;

      2) сенімділік көрсеткіштерін ТҚ-да белгіленген мәндерге дейін жеткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын келіседі және олардың орындалуын бақылайды;

      3) өнімнің сапасын және сенімділігін арттыру мәселелері бойынша шешімдердің орындалуын, қабылданған өнімді сақтау қағидаларының сақталуын және оған техникалық қызмет көрсетуді бақылайды;

      4) өнімнің сапасы мен сенімділігінің жинақтау есебін жүргізеді.

      130. Әскери өкілдікте сапа мен сенімділікті талдау, өнімді әзірлеу және сериялық шығару сатыларында жинақтау есебін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ сынаудың барлық түрлерін жүргізу кезінде сапа мен сенімділікті талдау бойынша жауаптылар тағайындалады немесе штаттық емес топтар құрылады. Топтың құрамын, жеке құрамның (жауаптының) құқықтары мен міндеттерін әскери өкілдік бастығы бақыланатын жұмыстың ерекшелігіне байланысты және талаптарды ескере отырып айқындайды.

      131. Сапа мен сенімділікті талдау тобы (жауапты) ұйымның сапаны бақылау қызметімен өзара іс-қимылда жұмыс істейді.

      132. Сапа мен сенімділікті талдау тобының (жауаптының) өнеркәсіп кәсіпорнының бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, ақпарат алмасу нысандары, ауқымы мен мерзімдері, есептілік ұйымның стандарттарымен айқындалады.

      133. Сапа мен сенімділікті талдау тобы (жауапты) ай сайын ұйымның СМЖ-да айқындалған өнім сапасының көрсеткіштерін қамтитын бақыланатын өнімнің сапасы бойынша мәліметтерді жинау мен талдауды жүргізеді.

      134. Бақыланатын өнімнің ерекшелігіне байланысты сапа бойынша мәліметтер мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) ұсынылған және қабылданған бұйымдардың саны, бұйымдарды қабылдаудан бас тарту себептері;

      2) бұйымдардың түрлері бойынша жарамды болып шығу проценті: есепті кезең үшін жоспарлы және нақты;

      3) технологиялық процестің бақылау нүктелерінде анықталған бұзушылықтар саны, бұзушылықтардың мәні;

      4) технологиялық тәртіпті тексеру кезінде (жоспарлы, жедел бақылау) анықталған технологиялық процесс бұзушылықтарының саны, бұзушылықтардың мәні;

      5) қабылдау-тапсыру сынауын жүргізу кезінде өнімді қайтару саны, өнімді қайтарудың негізгі себептері;

      6) өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұру саны, тоқтата тұру себептері, қабылданған шаралар;

      7) наразылық берілген бұйымдардың саны және оны талдау нәтижесі;

      8) ұйымның шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауы.

      135. Бақыланатын өнімнің сапасы жөніндегі мәліметтер әскери өкілдіктің мәліметтерін және сапаны бақылау қызметі және ұйымның басқа да бөлімшелері ұсынатын мәліметтерді жинақтау нәтижесі бойынша қалыптастырылады.

      136. Алынған мәліметтерді талдау барысында әскери өкілдік:

      1) сапа бойынша деректерді қорыту мен талдауды;

      2) тиелген өнімге алынған талап қою (наразылық актілері, ақаулықтар туралы хабарламалар) бойынша материалдарды және бұрын тиелген өнімді пайдалану деректерін есепке алуды, жинақтауды және талдауды;

      3) анықталған ақаулықтарды жою және одан әрі оларды болғызбау бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалауды;

      4) бұйымдарды сынау (оның ішінде ұзақ мерзімді) нәтижесі бойынша сенімділік көрсеткіштеріне және оларды пайдалану бойынша тұтынушылардан (пайдаланушы ұйымдардан) алынған деректерге талдау жүргізеді.

3-тарау. Наразылық білдіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

      137. Наразылық білдіру жұмысын ұйымдар және алушылар "Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Әскери техника. Әскери техникаға наразылық беру және оны қанағаттандыру тәртібі. Жалпы ережелер" ҚР Ә СТ 4.8 талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

4-тарау. Әскери өкілдіктің нақты шығынды тексеру және келісу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру

      138. Әскери өкілдікте өнімнің өзіндік құнының нақты шығынын тексеру және келісу бойынша жұмыс "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыс пен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысына сәйкес ұйымдастырылады.

      139. Әскери өкілдіктің нақты шығынды тексеруі және келісуі қорғаныстық тапсырыс өніміне бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын тексеру мен келісуді тікелей орындаушы, сонымен қатар кооперация тәртібінде жүргізілген ретінде жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

      140. Әскери өкілдіктің өнімді әзірлеу мен шығарудың барлық кезеңдерінде өнімнің өзіндік құнының нақты шығынын тексеру және келісу жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары:

      1) ұйым ұсынған қорғаныстық тапсырыс өніміне (жұмысқа, көрсетілетін қызметтерге) нақты шығысты растайтын құжаттарды тексеру және келісу;

      2) өнімге (жұмысқа, көрсетілетін қызметтерге) нақты шығыс бойынша қорытындыларды дайындау және беру кезінде бақыланатын өнімнің нақты өзіндік құнына талдау жүргізу;

      3) уәкілетті органның (алушының) қаражаты есебінен өнімді әзірлеу, шығару, сервистік қызмет көрсету, жөндеу кезінде ұйымдар құрған немесе сатып алған материалдық құндылықтар мен материалдық емес активтерді (макеттер, эксперименттік және тәжірибелік үлгілер, арнайы жабдық, арнайы технологиялық керек-жарақ, арнайы құрал-сайман, стенділік жабдық, зияткерлік қызмет нәтижесі) есепке алуды жүргізу және оларды одан әрі пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындау, сондай-ақ ұйымға жөндеуге (зерттеуге, сынауға, жаңғыртуға, толық жетілдіруге) келіп түскен материалдық құндылықтарды есепке алу;

      4) ұйымның әрбір шарт бойынша шығынды бөлек есепке алуды дұрыс жүргізуін бақылау болып табылады.

      141. Нақты шығынды тексеру кезінде әскери өкілдік:

      1) жарғыны, есепке алу саясатын, құрылтай құжаттарын, ұйымға берілген лицензияларды және өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметін регламенттейтін басқа да құжаттарды;

      2) алдындағы жыл үшін кәсіпорынның қаржылық есептілігін;

      3) алдындағы және есепті жыл үшін қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляцияны;

      4) өндіріс (жұмыс) ауқымының, өндірістік-өнеркәсіптік персонал санының өзгеру қарқынын, ұйымды басқарудың ұйымдық құрылымын;

      5) негізгі технологиялық жабдықтың жай-күйін;

      6) бақыланатын өнімге өзіндік құнының өзгеру қарқынын;

      7) ұйым басқа да алушылардың тапсырыстары бойынша жүргізетін жұмыстың тізбесі мен мазмұнын қосымша ескереді (зерделейді).

      142. Ұйым ұсынған нақты шығын бойынша құжаттарды қарау нәтижесі бойынша әскери өкілдік осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімге ұсынылған калькуляцияға әскери өкілдіктің қорытындысын ұйымға береді және уәкілетті органға (алушыға) ұсынады.

      143. Құжаттамалық түрде расталмаған шығыстың құжаттары және/немесе олардың құрамдастары негізделмеген болып саналады және әскери өкілдік оларды есепке алмайды.

5-тарау. Әскери өкілдіктің ұйымдармен өзара іс-қимылы

      144. Әскери өкілдік өз жұмысын ұйымда белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын ескере отырып ұйымдастырады.

      145. Оларды қызметтік, өндірістік және қойма үй-жайларына жіберу ұйымда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ұйымдардың басшылары әскери өкілдікке мыналарды ұсынады:

      1) танысу үшін өнімнің сапасын бақылау және қабылдау үшін қажетті құжаттаманы, анықтамалық материалдарды және ғылыми-техникалық ақпаратты, бақыланатын өнімге қатысты құжаттарды;

      2) сынау жүргізу, өнімнің сапасын бақылау үшін бақылау-өлшеу аспаптарын, құрал-сайман мен керек-жарақты, сондай-ақ өндірістік персоналды.

      146. Әскери өкілдік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша ұйымның басшылығымен шартты орындаудың барлық мерзімі ішінде өзара іс-қимыл жасайды.

      147. Әскери өкілдік ұйым әкімшілігінің қызметтік ісіне, ал ұйым әкімшілігі – әскери өкілдіктің қызметтік ісіне араласпайды.

  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

      Нысан

Келісілді
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі Әскери
өкілдіктер орталығының бастығы
Тегі мен инициалдары, қолы
20___жылғы "_____" __________


Бекітемін
Уәкілетті орган
бастығының лауазымы
Тегі мен инициалдары, қолы
20___жылғы"_____" _____________

20___ жылға арналған әскери өкілдік бақылайтын өнімнің номенклатурасы

Р/с№

Бұйымның атауы

Өлшем бірлігі

Алушы

Қабылдау үшін негіз (шарт нөмірі, күні)

Бұйым саны

Көлемі
(мың теңге)

Ескертпе









№___ әскери өкілдік бастығы

      __________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

Шарттарды, дайын өнімді қабылдауды және жеткізуді есепке алу журналы

Р/с№

Шарт (қосымша келісім), наряд, тапсырыс немесе басқа да құжат

Қолданылу мерзімі

Жауапты орындаушы

Шарт сомасы

Алушы
(жүкті алушы)

Ескертпе

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8









  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

      Нысан

Бекітемін
№______ әскери өкілдік бастығы
_______________________
(қолы, тегі, инициалдары)
20___ жылғы " " __________


Келісілді
"___" акционерлік қоғамдағы
ұйымның басшысы
_________________________
(қолы, тегі, инициалдары)
20___ жылғы " " ___________

№______ әскери өкілдікке техникалық бақылау бөлімі ұсынуға жататын міндетті ұсынылатын бұйымдардың, құрастыру бірліктерінің, технологиялық процесс операцияларының тізбесі

Р/с №

Технологиялық операцияның атауы

ТҚ
(бетінің №, позиция №)

Бақылауға ұсынылатын операция

Бақылау түрі: - жаппай, - ішінара,
- ішкі,
-жедел

Ескертпе







№________ әскери өкілдік бастығының орынбасары

      ____________________________________________________________________

      (қолы, тегі, инициалдары)

  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

      Нысан

  Алғашқы, екінші
(керек емесі сызылсын)

      Жасаушы _________________________________________________________________

                                          (ұйымның атауы)

      _________________________________________________ әскери өкілдіктің бастығына

      (әскери өкілдіктің атауы, тегі, инициалдары)

      бұйымды ____________________________________________________ ұсыну туралы

                        (қабылдау-тапсыру сынауына, қабылдауға)

____ жылғы "____" ______ № ____хабарлама

      Осы хабарламамен мынадай бұйымдар ұсынылады ______________________________

      (бұйымның атауы немесе индексі, бұйым саны)

      ____ ж. "__"____ №____ шарт бойынша №____ орын, №____ ерекшелік.

      Көрсетілген бұйымдарды ТББ тексерді және қабылдады, қолданыстағы ______________ құжаттама талаптарына толық сәйкес келеді, алдыңғы кезеңдік сынаумен ____ жылғы "__"____ №____акт (есеп беру) (атауы) бойынша расталды және әскери өкілдікке тапсыру үшін жарамды деп танылды.

      Ұсынылатын өнім _________________________________________ талаптарына сәйкес

      (құжаттаманың атауы)

      жиынтықталды.

      Мынадай құжаттар ұсынылады:

      1. Формулярлар, паспорттар, этикеткалар___________________________.

      2. ТББ сынауының ___ жылғы "__" ____ №____ хаттамалары, ___ парақта.

      3. Әскери өкілдік кері қайтарған (екінші рет ұсынылған жағдайда) бұйымдардың ақауын талдау және жою және ТББ-ның оны қайта тексеруітуралы ____ жылғы "__" ____ №____ акт.

      Жасаушының басшысы________________ _____________________________________

      Бас инженер                         (қолы)             (тегі, инициалдары)

      ТББ бастығы _____________________ ________________________________________

                              (қолы)                   (тегі, инициалдары)

      Хабарлама әскери өкілдікке ____ жылғы "__" ____ сағат____ ____ минутта келіп түсті.

      Әскери өкілдіктің сынау жүргізу және (немесе) қабылдау туралы шешімі:

      сынауды (қабылдауды) ___________________________________________ жүргізеді.

                                          (тегі, инициалдары)

Әскери өкілдік бастығы______________ ___________________________________                         (қолы)                  (тегі, инициалдары)

      "Хабарламаның" артқы жағы

Әскери өкілдіктің қорытындысы

      Осы хабарлама бойынша ұсынылған

      __________________________________________________________________________

                              (бұйымның атауы немесе индексі)

      жалпы санынан

      ______________________________________________________________талаптарына,

                              (құжаттардың белгілері)

      № ___________________________________________________________ сәйкес келеді,

                              (бұйымның (партияның) саны)

      №____________________________________________________________ қайтарылды,

                              (бұйымның (партияның) саны)

      оның ішінде № _______________________________________ ақаулыққа жатқызылды.

      (бұйымның (партияның) саны)

      Кері қайтару (ақаулыққа жатқызу) себебі

      _________________________________________________________________________

      (өнімнің сәйкес келмеуінің нақты себептері, құжаттардың белгілері және

      құжаттар тармақтарының нөмірлері)

      _________________________________________________________________________

      Негіз: қабылдау-тапсыру сынауының___ жылғы "__"___ № ___ хаттамасы

      №__әскери өкілдік өкілі ________ ________________ ___________________________

                                    (қолы) (тегі, инициалдары)      (уақыты, күні).

      _______________________________________________________________ бұйымдар

      №_______________ _______________________________________________________

                  (бұйымның атауы немесе индексі, бұйымның (партияның) саны)

      __________________________________________ талаптарына сәйкес келетін ретінде

                        (құжаттардың белгісі)

      қабылданды және _____________________________________ жатады деп саналсын.

                        (кезеңдік сынауға, жауапты сақтауға, тиеуге)

      Әскери өкілдіктің бастығы __________________________________________________

                                          (қолы) (тегі, инициалдары)

      Таныстым _______________________________________________________________

                        (ТББ өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, инициалдары)

      № ___________ бұйымдарды 20__ жылғы "__"_______ жасаушы жауапты

      сақтауға __________________________________________________ дейін қабылдады.

                        (алушының тәртіптемесі бойынша тиеу)

      Бастық _________________________ _________ _______________________________

                        (өткізу бөлімі, қойма)       (қолы)       (тегі, инициалдары)

      Мөр орны

  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

      Нысан

Өндірісті жедел бақылауға № __________ тапсырма

      __________________берілді, берілген күні 20___жылғы "____"_________

      1. Не, қайда және қандай мерзімде бақылауға жатады __________________

      __________________________________________________________________

      Орындау мерзімі 20 ___жылғы "_____" ___________

      Әскери өкілдіктің бастығы ___________________________________________

      (қолы, тегі, инициалдары)

      2. Тапсырмамен танысты:

      Тексеруге қатысу үшін мыналар бөлінеді:

      цехтан ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      ТББ-дан ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Цех бастығы____________________ТББ бастығы _________________________

      (қолы, тегі)                               қолы, тегі)

      3. Жедел бақылау нәтижесі

Р/с

Анықталған кемшіліктің, ақаудың мазмұны

Кемшіліктің себебі




      Әскери өкіл _____________________ ТББ өкілі__________________________

      20____жылғы "_____"__________20____жылғы "_____"__________

      4. Әскери өкілдік басшысының қорытындысы ____________________________

      ___________________________________________________________________

      Әскери өкілдік бастығы_____________________________________________

      (қолы, тегі, инициалдары)

  Нысанның артқы жағы

      5. Анықталған кемшілікті жою жөніндегі іс-шаралар

Р/с

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындаушы

Орындау туралы белгі






      Цех бастығы______________________ Бас инженер______________________

      Бақылау шебері_________________ ТББ бастығы______________________

      20____жылғы "____"____________ 20____жылғы "_____"______________

      6. Қайта тексеру нәтижесі мен қорытындысы:

      __________________________________________________________________

      Орындаушы__________________________

      20____жылғы "_____" _________________

      №__________әскери өкілдіктің бастығы

      20____жылғы "_____" _________________

      7. Жедел бақылау жөніндегі іс-шаралар тармақтарының орындалмауы туралы 20___жылғы "___" _____шығ. №______ қызметтік жазбамен (хатпен) Ұйым басшысына жеткізілді.

      №___ әскери өкілдіктің бастығы _____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі мен инициалдары)

      20___жылғы "___" _____

  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша

      Нысан

Өндірісті жедел бақылауға тапсырмалар беру журналы

Р/с

Тапсырманың нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты

Орындау мерзімі

Орындаушының қолы, күні

Жедел бақылау жөніндегі
іс-шараларды алған күні

Қайта бақылау күні және нәтижесі

Орындаушының тапсырманы орындағаны туралы белгі, күні

Істің нөмірі, іске тігілген парақтар-
дың нөмірлері

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша

      Нысан



№ _________куәлік

      №_____ әскери өкілдік "__"________________ұйымына ол хабарламалар бойынша ұсынған, техникалық шарттарға және 20___ жылғы "____" __________ № _____ шартқа толық сәйкестікте жасалғаны және жасақталғаны туралы берген. Төменде көрсетілген өнім пайдалану үшін жарамды деп танылады және көрсетілген шарт есебінен қабылданды.

Р/с

Жеткізу ведомосындағы позиция нөмірі

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







      №____ әскери өкілдіктің бастығы

      __________________________________________________________________________

                        (қолы, тегі, инициалдары)

      20____ жылғы "___" _________



      Осы куәлікте аталған өнім жауапты сақтауға қабылданды.

      Ұйым басшысы

      __________________________________________________________________________

                        (қолы, тегі, инициалдары)

      20____ жылғы "___" _________



  Меншік нысанына
қарамастан, ұйымдарда
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі әскери
өкілдіктерінің жұмысы
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(уәкілетті органның немесе
алушының атауы)
____________________________
(орындаушының атауы)

      __________ қаласы                                     20___ж. "____"_________

№______әскери өкілдіктің _____________________________________________________________________ өніміне (қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы, келісімшарттың немесе шарттың күні мен нөмірі) 20_____жылғы "____" ______ _______ ұсынылған калькуляцияға ______ қорытындысы

      Зерделенген құжаттар:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жүргізілген тексеру нәтижесі:

Р/с №

Анықталған кемшіліктің, сәйкессіздіктің мазмұны

Негіздеме




      Ұсынылған калькуляция бойынша қорытындылар және ұсынымдар:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Әскери өкілдік бастығының қорытындысы:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________



№______әскери өкілдіктің бастығы
__________________________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде), қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады