Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30768 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлiгi

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-140 Бұйрығымен
бекітілген

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі (бұдан әрі – еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесі) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Еңбекке ақы төлеу жүйесінде мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

      2) еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

      3) көмекші персонал – патогенді биологиялық агенттермен (бұдан әрі – ПБА) жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің ПБА жұмыс істеу кезінде қосалқы функцияны орындайтын жұмыскерлері (санитар, дезинфектор, жүргізуші);

      4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және белгіленген тәртіппен ПБА жұмыс істеуге жіберілген жеке тұлға.

2-тарау. Еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесі

      3. Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбекке ақы төлеуді мыналарды қолдану негізінде:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес патогендігі I және II топтардағы ПБА жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандар мен патогендігі I және II топтардағы ПБА жұмыс істеуді жүзеге асырау кезінде қосалқы функцияны орындайтын көмекші персонал лауазымдарының сыныптамасын;

      2) қаулымен белгіленген базалық лауазымдық айлықақыны (бұдан әрі – БЛА);

      3) қаулымен бекітілген азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттеріне сәйкес патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарының функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттерді;

      4) қаулымен бекітілген жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттерге сәйкес көмекші персоналдың (санитар, дезинфектор, жүргізуші) лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттерді;

      5) қаулымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларына сәйкес кәсіптік аурулардың пайда болу тәуекелі жоғары зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларын ескере отырып, мамандар мен көмекші персонал үшін қосымша ақыларды;

      6) қаулымен бекітілген азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақыларына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персонал үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақыларды;

      7) қаулыда көзделген медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін тиісті түзету коэффициентерін;

      8) осы еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кәсіпорынның штат кестесін қамтиды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.09.2023 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының лауазымдық айлықақысы (бұдан әрі – ЛА) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты осы еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесінің 3-тармағында көзделген тиісті коэффициенттерді, берілген біліктілік разрядтарын осы еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесінің 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады.

      5. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.09.2023 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы еңбекке ақы төлеудің үлгілік жүйесінде белгіленген шектерде мамандар мен көмекші персонал үшін еңбек жағдайларына арналған қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшерлері салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

  Шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындардың патогендігі
I және II топтардағы
патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуді
жүзеге асыратын (жұмыс істеуді
жүзеге асыру кезінде қосалқы
функцияны орындайтын)
мамандары мен көмекші
персоналының еңбегіне ақы
төлеудің үлгілік жүйесіне
1-қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының лауазымдарының сыныптамасы

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.09.2023 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындардың патогендігі
I және II топтардағы
патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуді
жүзеге асыратын
(жұмыс істеуді жүзеге асыру
кезінде қосалқы функцияны
орындайтын) мамандары мен
көмекші персоналының еңбегіне
ақы төлеудің үлгілік жүйесіне
2-қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандарының функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттер

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.09.2023 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындардың патогендігі
I және II топтардағы
патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуді
жүзеге асыратын
(жұмыс істеуді жүзеге асыру
кезінде қосалқы функцияны
орындайтын) мамандары мен
көмекші персоналының
еңбегіне ақы төлеудің
үлгілік жүйесіне
3-қосымша

Көмекші персоналдың (санитар, дезинфектор, жүргізуші) лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.09.2023 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындардың патогендігі
I және II топтардағы
патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуді
жүзеге асыратын
(жұмыс істеуді жүзеге асыру
кезінде қосалқы функцияны
орындайтын) мамандары мен
көмекші персоналының
еңбегіне ақы төлеудің
үлгілік жүйесіне
4-қосымша

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналы үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.09.2023 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорындардың патогендігі
I және II топтардағы
патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуді
жүзеге асыратын
(жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны
орындайтын) мамандары мен
көмекші персоналының
еңбегіне ақы төлеудің
үлгілік жүйесіне
5-қосымша

      Үлгі

Мемлекеттік кәсіпорынның штаттық кестесі

Құрылымдық бөлімше/лауазым

Штат бірліктерінің саны





Құрылымдық бөлімше бойынша жиыны






Кәсіпорын бойынша барлығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады