"Әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 649 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30787 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Конкурстың мәні:

      әуежай пайдаланушысының қоғамдық тамақтану объектiлеріне арналған және тамақ өнімдерін сатудың автоматтандырылған құрылғыларға 1 (бір) шаршы метрден басталатын алаңдары;

      әуежай пайдаланушысының қоғамдық тамақтандыру объектілеріне және тамақ өнімдерін сатудың автоматтандырылған құрылғыларына арналмаған 15 (он бес) шаршы метрден басталатын алаңдары болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      Өтінімге мынадай құжаттар (ақпарат) қоса беріледі:

      1) меншігінде немесе жалға алу шарттарында талап етілетін материалдық және материалдық емес активтерді (егер мұндай қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстардың технологиясына сәйкес талап етілсе), қызметтерді ұсыну үшін технологиялық құжаттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелік;

      2) банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол және мөр қойылған анықтамалары (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      3) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін 3 (үш) айдан ерте емес берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы берілген электрондық құжаттың қағаз көшірмесі немесе мәліметтердің көшірмесі;

      4) қызметтердің негізгі техникалық және пайдалану сипаттамаларының толық сипаттамасы;

      5) тиісті және үздіксіз қызмет көрсету үшін қажетті қолда бар қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары;

      6) әуежай пайдаланушысының талабы бойынша эскиздік және жұмыс жобалары.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады