"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 109 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30801 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақтың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2-тармақта:

      2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      15) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      20) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      22) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орнатылған жабдықты, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйені) толық жасақтау, жаңғырту, толық жарақтандыру, техникалық қолдау;";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әлеуетті жеткізушілер тендер талаптарын түсіндіру қажет болған жағдайда тендерлік өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын сатып алуды ұйымдастырушыға сұрату береді.

      Тендер талаптарын түсіндіру туралы сұрату сатып алуды ұйымдастырушыға хабарландыруда көрсетілген сатып алуды ұйымдастырушының электрондық немесе пошталық мекенжайына жазбаша түрде жіберіледі не электрондық сатып алуды өткізу кезінде сатып алу порталында орналастырылады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Тендерлік комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурсында не мемлекеттік ақпараттық жүйесінде орналастырылған ақпаратты:

      1) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) банкроттық рәсіміне не таратуға қатысы жоқтығын;

      2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) туралы мәліметтердің болуын немесе болмауын;

      3) әлеуетті жеткізушіде және (немесе) оның қосалқы мердігерінде (бірлескен орындаушыда) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде орындалмаған міндеттемелердің болуын немесе болмауын;

      4) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшыларының (акционерлерінің) болуын немесе болмауын;

      5) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) тіркеу орны жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болып табылатыны туралы мәліметтердің болуын немесе болмауын белгілеу мақсатында қарайды.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Әлеуетті жеткізуші мынадай:

      1) тендерлік өтінім тендер талаптарына сәйкес келмеген;

      2) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;

      3) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;

      4) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) банкрот болып табылған және (немесе) тарату процесіне жатқызылған;

      5) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;

      6) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) сатып алу күніне дейін 2 (екі) жыл ішінде өзі мен тапсырыс беруші арасында бұрын жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтарған факті болған;

      7) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;

      8) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) тіркеу орны салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесіне енгізілген, мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болған жағдайларда, тендерге қатысуға жіберілмейді және тендерге қатысушы болып танылмайды.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы, егер:

      1) ол сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса;

      2) әлеуетті жеткізуші 1 (бiр) баға ұсынысын артық табыс етсе;

      3) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес келмесе;

      4) әлеуетті жеткізуші техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну туралы талап болған кезде оны ұсынбаса;

      5) әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының маңызды талаптарымен келіспесе;

      6) әлеуетті жеткізуші немесе оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрса;

      7) сатып алуды жүргізу туралы жариялау күнінің алдындағы 2 (екі) жыл ішінде әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) өзі мен тапсырыс беруші арасында бұрын жасалған сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамау немесе тапсырыс берушімен шарт жасасудан жалтару фактісі болса;

      8) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса;

      9) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) тіркеу орны салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болса қабылданбайды.";

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Шартты тікелей жасасу тәсілімен сатып алу мына жағдайларда, егер:

      1) әлеуетті жеткізуші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      2) Қағидалардың 166-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізуші тапсырыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекше нұсқаманы ұсынған;

      3) әлеуетті жеткізуші Қағидалардың 161 немесе 162-тармақтарында көзделген құжаттарды табыс етпеген;

      4) әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде сатып алуға қатысуға жазбаша келісімін (сатып алуға қатысу туралы растауын) жібермеген не шартты тікелей жасасу тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысудан бас тартқан;

      5) әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінде тұрған;

      6) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;

      7) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) тіркеу орны салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесіне енгізілген, мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болған жағдайларда, өтпеді деп танылады.";

      192-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "202. Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің және тендерлік комиссияның сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін Қағидаларды бұза отырып қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

      Сатып алуды ұйымдастырушы сатып алудың күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) бұл туралы өткізілген сатып алуға қатысқан тұлғаларға хабарлайды;

      2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында немесе сатып алу порталында (электрондық сатып алуды өткізген кезде) тиісті хабарландыру жариялайды;

      3) енгізілген тендерлік өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.";

      Қағидаларға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 1-1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 5-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тендер талаптарын түсіндіру қажет болған кезде әлеуетті жеткізушілер хабарландыруда не сатып алу порталында көрсетілген сатып алуды ұйымдастырушының электрондық немесе пошталық мекенжайына электрондық сатып алуды өткізу кезінде, бірақ 20 __ жылғы "____" ___________ ___ сағат ____ минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша өтініш жасайды.

      Әлеуетті жеткізушілердің сұратуларын сатып алуды ұйымдастырушының мына деректемелері бойынша жіберу қажет:

      ______________________________________________________________________

      ____________.

      (сатып алуды ұйымдастырушының байланыс телефондарын, электрондық пошта мекенжайын, пошталық (заңды) мекенжайын көрсету).";

      Қағидаларға 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 6-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуетті жеткізуші осы өтінім арқылы өзіне толық жауапкершілік қабылдайды және өзіне:

      1) әлеуетті жеткізуші және оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) (болған кезде) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмауы және тапсырыс берушімен және (немесе) оның үлестес тұлғаларымен бұрын жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерін адал орындағаны;

      2) әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылары, акционерлері, әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болмайтыны не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып табылмайтыны;

      3) әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның қызметкерінің тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеуі, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспайтыны;

      4) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші басшысының:

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынасының болмағаны;

      мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмайтыны;

      5) сатып алуға қатысуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген әлеуетті жеткізушінің басшысы болып табылмайды және (немесе) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынасы болған жоқ;

      6) атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмағаны;

      7) әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасының бір тендерге (лотқа) қатыспағаны;

      8) банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы;

      9) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмегені;

      10) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) тіркеу орны жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болып табылмайтыны туралы талаптарды қабылдағанын растайды.";

      Қағидаларға 7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 7-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы арқылы өзімізге толық жауапкершілікті қабылдаймыз және мынадай талаптарды қабылдайтынымызды растаймыз:

      1) әлеуетті жеткізуші және оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушы) (болған кезде) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрмайды және тапсырыс берушімен және (немесе) оның үлестес тұлғаларымен бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін адал орындаған;

      2) әлеуетті жеткізушінің құрылтайшылары, акционерлері әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) аталған әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие емес не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қызметкерлері болып табылмайды;

      3) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетпеген, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатыспаған;

      4) сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi жеткізушінің басшысы:

      мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қарым-қатынаста болмаған;

      мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылмайды;

      5) сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуетті жеткізушінің басшысы болып табылмайды және (немесе) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қарым-қатынаста болмаған;

      6) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің тізіліміне сәйкес әлеуетті жеткізушінің және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері жоқ;

      7) әлеуетті жеткізуші және әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы бір тендерге (лотқа) қатыспайды;

      8) банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқ;

      9) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлерің) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген;

      10) әлеуетті жеткізуші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) тіркелген жері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын заңды тұлға болып табылмайды.";

      Қағидаларға 8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 11-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 12-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидаларға 13-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қаржы департаменті (Ж.Ж. Стамбекова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады