"Қазақстан Республикасының халықаралық катынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 666 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30884 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық катынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттамаларға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.

      Жылдық өтінімдерді отандық тасымалдаушылар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы береді.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Отандық тасымалдаушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға өтінішті (бұдан әрі - шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы аумақтық органдарға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Мыналар арқылы жүгінген кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар ұсынылады (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

      Шетелдік рұқсатты алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) порталға:

      порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, екі жұмыс күні ішінде құжаттардың тіркелген сәтінен бастап олардың толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық ұсынылмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      19. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттар:

      1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі болған;

      2) жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде - ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкасы болған;

      3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде);

      4) шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесімен шетелдік рұқсаттарды бөлген;

      5) отандық тасымалдаушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағандарына енгізу үшін алым сомасын төлеген және автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы мәліметтерді ұсынған;

      6) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралына шетелдік рұқсатты пайдалану бойынша фактісі болмаған;

      7) соңғы алты ай ішінде отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкісін басқа отандық тасымалдаушыға беруі бойынша бұзушылық болмаған жағдайда беріледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) төлеген жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатпен, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      20. "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүрiп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, шетелдік рұқсатты беруге арналған өтінішті қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу пайдаланылатын, қайтарылған, жоғалған, қайтарылмаған, шетелдік рұқсаттардың мерзімдерін бұза отырып қайтарылған жылжымалы құрамның (тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмағанда) санын ескере отырып, шетелдік рұқсаттардың бланкілерін автоматты түрде бөлу жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асырылады.

      Бланкілерді автоматты бөлу жүйесі міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген және (тахографтың мерзімдік тексеруден өту мерзімі өтіп кеткен) автокөлік құралдарының рұқсат карточкалары ескермейді.

      Есеп айырысу әрбір ел және шетелдік рұқсаттардың түрлері бойынша бөлек жүргізіледі.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі – алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.

      Отандық тасымалдаушы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықаралық қатынаста жолаушылар, багаж және жүктер тасымалын жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін төлеген алым сомасының түбіртегімен бірге аумақтық органға шетел рұқсаттарының тиісті бағандарына көлік дерекқорының ақпараттық талдау жүйесі және тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингі арқылы енгізу үшін автокөлік құралының мемлекеттік нөмірі мен маркасы туралы мәліметтерді ұсынады.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Отандық тасымалдаушы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алған сәттен бастап пайдалануға қарамастан күнтізбелік жүз күннен кешіктірмей, оларды берген орны бойынша аумақтық органға қайтаруы тиіс.

      Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күні, шетелдік рұқсаттардың нөмірлері көрсетілетін, еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен қайтарады.

      Шетелдік рұқсат жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар жоғалғаны туралы аумақтық органдарға ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы хабарландырудың орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.

      Аумақтық органға жоғалту туралы хабарламаны ұсыну мерзімі күнтізбелік елу күннен аспауға тиіс.

      Елдер мен түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді қарау кезінде шетелдік рұқсаттардың мәлімделген саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған немесе мерзімі бұзыла отырып қайтарылған шетелдік рұқсаттардың санына мөлшерлес азайтылады.";

      29-тармақ алып тасталсын;

      32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Көрсетілетін қызметті алушылар "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды отандық тасымалдаушыларға алуға өтінішті (бұдан әрі - күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы аумақтық органдарға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Мыналар арқылы жүгінген кезде:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар ұсынылады (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.

      Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтініш "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркеледі және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың фактісі анықталған жағдайларда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) порталға:

      порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Отандық тасымалдаушы өтініште және ұсынылатын құжаттардағы мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың портал арқылы түскен сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      33. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды мынадай:

      1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі болған;

      2) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдау кезінде) автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған;

      3) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен шетелдік рұқсаттарды автоматты бөлу жүйесімен бөлген;

      4) алым сомасының төленген және отандық тасымалдаушыға хабарламаны жолдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағанына енгізу үшін автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы мәліметті ұсынған кезде беріледі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      34. Көрсетілетін қызметті алушы "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, күнтізбелік бір жыл қолдану мерзіміне жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсат беруге өтінішті қарау, сондай-ақ күнтізбелік бір жылға қолданылу мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу шетелдік рұқсаттардың мерзімдерін бұза отырып пайдаланылатын, жоғалған, қайтарылмаған, қайтарылған жылжымалы құрамның санын ескере отырып, шетелдік рұқсаттар бланкілерін автоматты түрде бөлу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Бланкілерді автоматты бөлу жүйесімен міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген автобустар, шағын автобустар ескерілмейді.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе осы Қағидалардың "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын (бұдан әрі - алым сомасы) төлеу үшін құжаттарды қарау және хабарлама беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Алым сомасы мақұлданған шетелдік рұқсаттардың санын айқындау нәтижелері бойынша төленуге жатады.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      37. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      42-тармақ алып тасталсын;

      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында жүкті қайта тиеп (тиеп/түсіріп), тасымалдау үшінші елдерге/елдерден рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келіспесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілген автокөлік құралдарымен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктерді немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты қоспағанда, отандық тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған автокөлік құралдарын, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Идырысов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 666 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында рұқсат
беру жүйесін қолдану
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға бланкілер беру;
2) Жүк тасымалдарына бланкілер беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Барлық кіші түрлері мыналар арқылы:
Мемлекеттік корпорация;
портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні;
жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсатты немесе жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері мыналар арқылы:
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағаз түрінде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат (бұдан әрі – шетелдік рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554 бабы 2 тармағында белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күнгі қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы кезекті броньдауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
шетелдік рұқсатты алуға өтініш.
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (хабарлама түскен сәттен бастап).
2) порталға:
порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының (ЭҮТШ төлеген жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжатпен, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады".

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен оның тыныс-тіршілігін шектейтін көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынандай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің - www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www. gov4c.kz.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
5. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін қолдану
қағидаларына
5-қосымша

"Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру".

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мыналар арқылы:
Мемлекеттік корпорация;
портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 (екі) жұмыс күні;
қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554 бабы 2 тармағында белгіленген алым ставкасы бойынша республикалық бюджетке төленеді және алым төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген алым сомасын құрайды.
Төлеу қолма - қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы кезекті броньдауға болады;
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорация: жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі.
қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсатты алуға өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (хабарлама түскен сәттен бастап).
2) порталға: порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сынен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың электронды көшірмесі.
"Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау (жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады."

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен оның тыныс-тіршілігін шектейтін көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынандай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің - www.miid.gov.kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорацияның - www.gov4c.kz.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
5. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондқ нысанда алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады