"Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 желтоқсанда № 31019 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17542 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрілігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 7 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-155 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 25 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-19 бұйрығымен
бекітілген

Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 46-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру қызметінің осы түріне мемлекеттік лицензиясы бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтарында, ғылыми -зерттеу институттарында денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау тәртібін айқындайды және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен, сондай-ақ клиникалық базалары бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін аккредиттеу органдары болып табылады.

      2. Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

      2) ұлттық үйлестіруші – уәкілетті орган айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі үйлестіруші;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – білім беру ұйымы) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми – зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;

      5) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      6) нысаналы даярлық бағдарламалары бойынша білім алушылар (бұдан әрі – білім алушылар) – мүдделі тараптардың келісімі негізінде жоғары білікті медициналық, ғылыми және ғылыми-педагогиялық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұымдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алатын резиденттер, магистранттар және PhD докторанттары.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау тәртібі

      3. Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау мәлімделген мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда уәкілетті орган және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (бұдан әрі –жергілікті атқарушы органдар) жергілікті атқарушы органдары орналастыратын мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) есебінен немесе денсаулық сақтау ұйымының, медициналық білім беру ұйымының және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның тапсырысы бойынша орналастырылады.

      Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыруы "Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-№ 270/2020 бұйрығы) 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды Ұлттық үйлестіруші және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жыл сайын 15 наурызға дейін береді.

      5. Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды мақсатты даярлауға тапсырыс беруші:

      1) уәкілетті орган орналастыратын мемлекеттік тапсырыс есебінен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдармен әрекет етеді;

      2) жергілікті атқарушы орган орналастыратын мемлекеттік тапсырыс есебінен медициналық ұйымдар әрекет етеді.

      6. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауға тапсырыс берушілерден алынған өтінімдер негізінде уәкілетті органның мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде Ұлттық үйлестіруші жыл сайын 10 сәуірге дейін мақсатты даярлау шеңберінде Қазақстан Республикасындағы клиникалық мамандықтар бөлінісінде медициналық кадрларды, ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрларды уәкілетті органға жалпы қажеттілікті қалыптастырады және жібереді.

      Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиясы уәкілетті органның, басқа да мүдделі ұйымдардың, азаматтық қоғам институты, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, салалық қауымдастық, денсаулық сақтау саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, денсаулық сақтау ұйымдарының, азаматтық қоғам институты, "Атамекен" кәсіпкерлер палаталарын аймақтандыру, салалық қауымдастық, денсаулық сақтау саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялардың сандық құрамы оның Төрағасын қоса алғанда тақ сан болып табылады.

      Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жергілікті атқарушы органы Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырады.

      7. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлау бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) және ҚР ДСМ № 270/2020 бұйрығына 2 – қосымшамен бекітілген резидентурада медицина кадрларын оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауға қабылдау аталған даярлауға үміткер түсушілер арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауға қабылданған түскендермен 28 тамызға дейін білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады.

      9. Жұмысқа орналастыру туралы шарт тапсырыс беруші білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мен білім алушы арасында жасалады.

  Денсаулық сақтау саласында
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрларды
нысаналы даярлау
қағидаларына
қосымша

      Нысан

Денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауға өтінім _______________________________________ (тапсырыс беруші ұйымының атауы)

Дайындық деңгейі

Мамандықтың немесе білім беру бағдарламасының атауы

Қажеттілік, орын саны

Білім беру ұйымының атауы











      Жетекшісі ____________________________________________________

      Аты-жөні тегі (болған жағдайда), (ұйымның атауы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады