БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
103-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13 және 14-тарауларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің және басқа тұлғалардың мүдделеріне ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің аудиторлық іс-шаралармен әсер тигізетін аудиторлық есебіне және (немесе) нұсқамасына шағымдар ведомствомен дәлелдер шеңберінде қаралады.
Ведомствоның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) келіспеген кезде Заңның 11-1 тарауына сәйкес шағымдар уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға жолданады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
аудиторлық палатасы