"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31116 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17651 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақстан тарихы" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі 2022 жылғы
13 желтоқсандағы № 185
Бұйрықпен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
  2018 жылғы 31 қазандағы
№ 603 бұйрығына 1-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақстан тарихы" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арналған "Қазақстан тарихы" жалпы білім беретін пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын айқындайды.

      2. Бағдарлама Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бакалавриат білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған.

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес пән бойынша оқу ұзақтығы 150 академиялық сағатты (5 академиялық кредит) құрайды.

2-тарау. Мақсаты, міндеттері және күтілетін оқу нәтижелері

      4. Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.

      5. Пәннің міндеттері:

      1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктерімен таныстыру;

      2) Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын айқындау;

      3) дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;

      4) Ұлы дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;

      5) Қазіргі Қазақстан тарихының оқиғалары туралы білімдерді жүйелеу.

      6. Оқу нәтижелері:

      1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;

      2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;

      3) қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістерін зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;

      4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу;

      5) Қазақстан тарихының үдерістері мен тарихи құбылыстарын жүйелеу және сыни баға беру.

3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

      7. Бағдарлама 5 тақырыптық блоктан тұрады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа дәуірдегі Қазақстан (ХVIII-XX ғасырдың басы), Кеңестік кезеңдегі Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстан.

      8. Пәнді оқыту процесінде қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:

      1) интерактивті және цифрлық технологиялар;

      2) оқытудың жобалық әдістері;

      3) проблемалық оқыту технологиялары;

      4) геймификация.

      9. Бағдарламаның пререквизиттері мен постреквизиттерін жоғары оқу орнының өзі тағайындайды.

Негізгі бөлім

      1-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы

      Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы

      Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болу проблемалары. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.

      Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.

      Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).

      Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары

      Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы. Еуразия өркениетінің қалыптасуындағы атқа міну мәдениетінің тарихи маңызы. Солтүстік және Орталық Қазақстаннан табылған остеологиялық материалды талдау нәтижелері. Кремний индустриясының сипаттамасы. Шаруашылықтың көп қырлы сипаты. Құрал жасаудың қабыршақтау техникасы. Сүйек кесу өнерінің дамуы. Еуразияда көне жылқы көлігі коммуникациясының дамуы. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.

      Өңірдегі аридтену үдерістері. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі-өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.

      Қола дәуіріндегі палеоэкономика. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет. Жерлеу тәсілдері мен салт-ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Орталық Қазақстанда қыш жасаудың дамуы. Қоғамдық құрылымы мен рухани мәдениеті. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тілдік атрибуциясы мәселесі. Еуразиялық дала жүйесіндегі Қазақстан аумағы (үндіеуропалық көші-қон). Шұңқырлы мәдениетті жасаушылар. Мәдениеттер мен этностардың ара қатынасы мәселесі. Ежелгі қалалар мәдениеті. Монументті сәулет өнерінің ескерткіштері. Ерте көшпелілер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар. Соңғы қола және ерте темір дәуірі тайпаларының этномәдени сабақтастығы. Жетісу аумағында соңғы қола дәуіріндегі Көлсай археологиялық мәдениетінің ашылуы.

      Атқа міну мәдениетінің генезисі

      Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Көшпелі шаруашылық түрлері: үй маңы, бақташылық, көшіп-қону және т.б. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.

      Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті: күні, ауқымы, қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері. Жазба деректер. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті: хронология, жерлеу рәсімі, қару-жарақ, ауыздық, аң стилі өнері. Ежелгі антик қалалар. Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы. Сақтардың грек-парсы соғыстарына қатысуы. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі.

      Сармат-Алан тайпалық одағы. Аорстар және роксоландар. Қоныстандыру аумағы. Яньцай Мемлекеті. Ғұндармен және қаңлылармен қарым-қатынас.

      Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (біздің заманымыздан бұрынғы III – біздің заманымыздың II ғасырлары)

      Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі. Прототүрік және протомоңғолдық элементтердің ежелгі байланыстары мәселесі. Тақталы обалар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Қорғантас қорымы. Сюннулар жайлы қытай деректері. Археологиялық зерттеулер мәдениеті. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.

      Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Үйсіндердің тілдік және этникалық шығу тегі мәселесі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары. Үйсіндердің көрші халықтармен және мемлекеттермен қарым-қатынасы.

      Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ – біздің заманымыздағы V ғасырдың бірінші үштігіндегі қаңлылардың тараған аумағы мен қоныстанған жерлері. Урбандалуының ерте кезеңі. Тұрмыстық керамика этникалық шығу тегінің көрсеткіші ретінде. Тоқыма кәсібі. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы маңызы. Шығыс Арал маңы аумағындағы түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Византия, Иран, Сирия және Қытаймен сауда байланысы.

Негізгі әдебиет:

      1. Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.

      2. Толеубаев, А.Т. Раннесакская шиликтинская культура: научное издание / А. Т. Толеубаев. – Алматы: ИП "Садвакасов А. К.", 2018. – 528 б.

      3. Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 б.

      4. История древнего Казахстана / Под ред. Байпакова К.М. – 2-е изд. – Алматы: Рауан, 1996. – 112 б.

      5. Исмагулов О., Исмагулова А. Происхождение казахского народа. По данным физической антропологии. – Алматы, 2017. – 196 б.

      6. Харари Ю.Н. Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы. – Алматы.: (Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. – 368 б.

      7. Китов Е.П., Тур С.С., Иванов С.С. Палеоантропология сакских культур Притяншанья (VIII – первая половина II века до нашей эры). – Алматы: "Хикари", 2019. – 300 б.

Қосымша әдебиет:

      1. Акишев А. "Искусство и мифология саков". ҚазКСР Тарих, археология және этнография институты, "Ғылым" баспасы, Алматы, 1984. – 176 б.

      2. Акишев К.А., Кушаев Г.А. "Древняя культура саков и усуней долины реки Или". – Алма-Ата: ҚазССР ҒА баспасы, 1963. – 298 б.

      3. Ахинжанов С.М., Макарова Л.А., Нурумов Т.Н. "К истории скотоводства и охоты в Казахстане". – Алма-Ата: "Ғылым", 1992. – 217 б.

      4. Исмагулов О., "Этническая антропология Казахстана: (Соматол. исслед.) – Алма-Ата: Наука, 1982. – 231 б.

      5. Маргулан А. Х., Акишев К. А., Кадырбаев М. К., Оразбаев А. М. "Древняя культура Центрального Казахстана". – Алма-Ата: Наука КазССР, 1966. – 435 б.

      6. Самашев З. Берел. – Алматы: Таймас, 2011. – 236 б.

      7. Омаров Ғ.Қ. Сақ-скиф археологиясы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 342 б.

      8. Ежелгі Үйсін елі. Қытай деректері мен зертеулер. Құрастырушы: Ш. Ахметұлы. – ҚХР Үрімжі, "Шыңжаң Халық Баспасы", 2005.

      2-блок. Түркі өркениеті және Ұлы дала

      Моңғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері.

      Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Түркілердің шығу тегі мәселесі. Мекендеген аумағы. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия, Сасанидтік Иран, түркі-соғды синтезі, эфталиттер мемлекеті. Батыс Түрік қағанаты ("он оқ"): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Әлеуметтік-экономикалық даму. Саяси тарихы. Тан империясымен қарым-қатынас. Түргеш мемлекетінің құрылуы және нығаюы. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 жыл). Жетісу аймағындағы билігінің күшеюі. Түркі-соғды мәдени синтезі. Қарлұқтар туралы тарихи деректерден алынған мәліметтер. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы. Мемлекеттің экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі. Исламның енуі және түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы. Түркілер арасында қожалардың пайда болуы.

      ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Араб және парсы деректеріндегі Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы. Қыашақтар туралы нарративті мен шежірелік дерек мәліметтері. Қимақтар мемлекетінің ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы мәселелері. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы.Тайпалардың көші-қоны және олардың этникалық процестерге әсері. Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы. Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштері. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).

      Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Көшпелілер ("қала-дала" жүйесі) және отырықшылар: екі шаруашылық-мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы. Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі. Ұлы жібек жолындағы қазақстандық трассалар. Ақша айналымы. Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.

      Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы, несторианизм, манихейизм және Жібек жолындағы басқа да автохтонды емес діндер. Түркі әлемінің исламға кірігу жолдары мен формалары. Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қ.А. Ясауидің рөлі. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ.А. Ясауи.

      Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғасырлар)

      Алтын Орданың тарихы. Шыңғыс хан және Моңғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық деректер мен зерттеулер. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында. Бату ханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орда билеушілері. Өзбек ханның империялық саясаты. Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы. Египеттегі Мамлюк сұлтанатымен дипломатиялық байланыстар орнату, ортағасырлық әлемдегі империяның беделінің өсуі. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. Еуразиядағы оба пандемиясы. Алтын Орданың әлсіреуіне және ыдырауына әкелген сыртқы және ішкі факторлар кешені. Ұлыстар арасындағы күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.

      Ортағасырлық мемлекеттер, XIV-XV ғасырлардағы Ақ Орда мемлекеті (XIII ғасырдың соңы – XV ғасырдың басы). Шыңғыс әулеттерінің Сырдария өңірі үшін бәсекелестігі. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары. Сырдарияның орта ағысы бойындағы өңірлер мен қалалар үшін Мәуереннахрлық билеушілермен күрестер.

      Моғолстан (XIV ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы. Шағатайлықтырдың және қоныс аударған моңғолдардың ұрпақтарының исламға бетбұруы, Жетісудағы мұсылман мәдениетінің жандануы. Моғолдардың Мавераннахр шағатайлықтарымен қарым-қатынасы. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі. Моғолстанның Темір мемлекетіне вассальдық тәуелділігі. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Уәйіс хан және оның ұлдары Есенбұғы мен Жүністің таққа таласы. Ойраттардың Моғолстанға жорықтары. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.

      Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жылдар) немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі. Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресі. Әбілқайыр ханның Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 жыл). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 жыл). Хандықтың ыдырауы.

      Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының билеушілері. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.

      Сібір хандығының аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы. (XV ғасырдың соңы – XVI ғасыр).

      Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі, Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар.

      Қазақ халқының қалыптасуы. "Қазақ" этнонимі. Қазақ жүздері

      Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер. Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Этникалық аумағының және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы. "Өзбек" және "қазақ" ұғымдарының арақатынасы. "Қазақ" терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.

      Қазақ хандығы XV-XVI ғасырлар.

      Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы. Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.

      Қазақ хандығының XVI ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.

      Моғолстанның саяси негіздерінің әлсіреуі. Қазақ хандығының Орталық Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ хандығы аумағына қосылуы. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі. XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары. Мамаш, Тахир хандар. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-қатынастары. Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар. Қазақ-ноғай қатынастары.

      Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.

      Қазақ хандығы XVII – XVIII ғасырдың басында

      XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипаттамасы. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы.

      "Белгісіз жылдар" кезеңі. 1652-1680 жылдар. Сайрам соғысы.

      Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның "Жеті жарғысы". Билер институты. Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мавераннахрмен (шейбанидтер, аштарханидтер), Иранмен байланыс, Осман империясымен байланыс орнату әрекеттері, қазақ-орыс байланыстары.

      Қазақтардың XIV – XVIII ғасырдың басындағы мәдениеті

      Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.

      Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі.

      Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.

      Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVII ғасырдағы – XVIII ғасырдың басындағы қалалық мәдениеттің құлдырауы.

      Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.

Негізгі әдебиет:

      1. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 б.

      2. Кумеков Б.Е. Государство кимаков в IХ-ХI вв. – Алма-Ата, Наука, 1972. – 695 с.

      3. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: "Сардар" баспа үйі, 2014. – 520 б.

      4. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. Астана: Астана Даму, 2006. – 256 б.

      5. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004. – 368 б.

      6. Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-2 кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 458 б.

Қосымша әдебиет:

      1. Бартольд В.В. Сочинения. Т.1: Туркестан в эпоху Монгольского нашествия. – М.: Издат. восточ. лит-ры, 1963. – 760 б.

      2. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – Алма-Ата: Ғылым, 1989. – 296 б.

      3. Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960. – 252 б.

      4. Оразбаева А.И. Формула государственности казахов. – М.: ИП Лысенко А.Д. "PRESS-BOOK.RU", 2017. – 376 б.

      5. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Алматы: Елтаным, 2014. – 360 б.

      6. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы: Ғылым, 1998. – 216 б.

      7. May T. The Mongol conquests in world history. – London, Reaktion Books: 2012. –173 б.

      8. История Казахстана в арабских источниках. Т. 1.– Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 711 б.

      9. История Казахстана в персидских источниках. Т. IV. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 625 б.

      10. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Т.1. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 240 б.

      3-блок. Жаңа дәуірдегі Қазақстан (XVIII - ХХ ғасырдың басы)

      XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.

      Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан: зерттеудің жаңа әдіснамалық трендтері. Кезеңдеу. Тарихнама және дереккөздер. Қазақстан Ресей империясымен, ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қалмақ хандығымен халықаралық қатынастар жүйесінде. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. "Ақтабан шұбырынды", "Алқакөл сұлама" жылдары. Ордабасындағы басқосу – өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. Әбілқайыр ханның бұртұтас қазақ әскерінің қолбасы болып сайлануы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.

      Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы

      Қойбағар Қобаяковтың дипломатиялық миссиясы. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі. Мырза Құтлы Мұхаммед Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. Азаматтық мәселесі төңірегіндегі келіссөздердің барысы және түрлі саяси топтардың күресі. И.К. Кирилов жобасы. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII ғасырдың 40 жылдары). Орынбор губерниясының губернаторы И.И. Неплюевтің саясаты. Әбілқайыр мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі. 1740 жылдардың аяғында патша үкіметінің Әбілқайырмен келіссөздері. Әбілқайырдың өлімі. Хан билігін заңдастыру. Нұралы сұлтанды хандық лауазымға бекіту (1749 жылғы 13 сәуір).

      1739-1741 жылдардағы жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері. Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілік қарым-қатынастар. Қазақтар мен башқұрт көтерілісшілері.

      ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері

      Ресей империясы саясаты жүйесіндегі Орталық Азия. 1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.

      Ұлы жүз сұлтаны Сүйік Абылайханұлының Ресей бодандығын қабылдауы. І Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы Құрмет грамотасы. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы. Іле аймағын отарлау. Алатау округінің құрылуы. В. Перовскийдің Қоқанға жорығы (1853 жыл). Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы. Әулие-Ата, Мерке, Түркістанның алынуы. Генерал-майор Черняев басқаратын алдыңғы шептегі Жаңа Қоқан шебін құру туралы жоғары Жарлық. Шымкент, Сайрам қалаларының алынуы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы.

      Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғасырдың басы)

      Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромның реформасы: бас старшинаны енгізу және Кіші жүздегі хан билігін жою жобасы. Шекара сотының және расправаларлың құрылуы. Дала реформасы барысындағы "татарлардың" коммуникативті рөлі. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою. Даладағы сұлтандық институты (XIX ғасырдың 20-60 жылдары). Ресей империясының құқықтық нормалары бойынша аға сұлтандар, сұлтан-әміршілер, болыс сұлтандар, старшиналар, билер, құрметті қазақтардың мәртебесі.

      Дала комиссиясының қызметі. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 жыл) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 жыл) уақытша ереженің жүзеге асырылуы. Сот жүйесі мен салық салудағы өзгерістер. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 жыл). Әкімшілік құрылым. Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 жыл). Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер. Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасы: шаруа бастықтары институтының енгізілуі (1902 жыл).

      Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты. Хан билігінің жойылуы және Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңестің құрылуы. Басқарушы Әділ Бөкейханұлы. Уақытша кеңестің қайта құрылуы. Жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымдардың құрылуы: Приморск округтері, Қалмақ, Торғын, Тал, Қамысты-Самар, Нарын аймақтары. Ішкі Ордадағы билеуші сұлтандар институты.

      Жер мәселесі

      Шекаралық шептердің құрылуы, жерді тартып алу. Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Казактар сословиесі және оның мәртебесі.

      ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер. Орыс шаруаларын Қазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. Қоныс аударушылардың кәсіптері және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлердің экспроприациясы және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері. Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу үдерісі. Жатақтық. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту. Ауыл тұрғындары мен егінші мещандарды қоныстандыру туралы уақытша ереже (1904 жыл). Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы.

      Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы

      Қазақ көшпелі қоғамының материалдық өндіріс жүйесі. Кеңейтілген және минималды қауымдастық. Көші-қон бағыттары. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Қазақ сұлтандары мәртебесінің эволюциясы. Жергілікті басқару жүйесіндегі қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымдастыру тәртібінің өзгеруі: жаңа таптар (шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар).

      Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік инженерингі: қазақ жастарын Ресей империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде оқыту. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі. Қазақ көпестерінің, саудагерлерінің пайда болуы.

      Орынбор Мұсылмандары Діни Жиналысы және Қазақ даласы. Муфтияттағы қазақтардың діни істерін шығару. Мешіттердің салынуы және қазақ молдалары. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.

      Діни конфессиялардың Қазақ даласындағы миссионерлік қызметі.

      Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі

      Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. "Көзге көрінбейтін" Көктемір көтерілісі. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 жылдар). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 жылдар) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 жылдар): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847 жылдар): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесары хан. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 жылғы Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.

      Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы "Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы" Жарлық. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Әбдіғафар Жанбосынов және т.б. көтерілісшілер әскерлерін ұйымдастырудағы рөлі. Үкіметтің репрессиялық шаралары және жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері. Көтерілісшілердің әскери өнері. Жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны. Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтерілістіке берілген баға.

      Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғасырдың басы)

      Қазақ халқының ауызша шығармашылығы. Қазақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялар.

      ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және басқалардың шығармашылығы. Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М. Муравьев-Апостол, Ф.М. Достоевский және басқалар) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі. А.И. Левшин, В.И. Даль және тағы басқа орыс ғалымдарының Қазақстанның өндіргіш күштерін, өмірі мен мәдениетін зерттеуі. Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы. Ағартушы ғалым Ш. Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі. Абай және Е.П. Михаэлис.

      Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жылдар), Дәулеткерей Шығайұлы (1829-1882 жылдар), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895 жылдар), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жылдар), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929 ) және басқалардың музыкалық шығармашылығы.

      Қазақ әдебиеті. "Зар-заман" мектебінің поэзиясындағы наразылық және діни-эсхатологиялық идеялар мен мотивтер: Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір Кердері. Орыс-қазақ әдеби байланыстары.

      Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Орыс географиялық қоғамының бөлімдері мен бөлімшелерінің (Орынбор, Семей, Түркістан бөлімдері) қызметінің маңызы. Статистикалық комитеттер және олардың қызметі. Қазан университетінің тарих, археология және этнография қоғамы. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. "Қазақ", "Вақыт", "Шуро", "Ақмулла" газеттерінің, "Айқап" журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі. Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқалардың шығармалары.

      Мерзімді баспасөз. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов және бүкілресейлік мұсылман қозғалысы. Қазақстан аумағындағы мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақтың зияткерлік-рухани элитасының мұрасы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев және оның қазақ фольклоры мен шежіресін жинақтауға қосқан үлесі.

      "Алаш" қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы. Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы. Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы. Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы "Иттифак-эл-муслимин" (мұсылмандар Одағы) рөлі. Орыс түркітану ілімі және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. Меценаттықтың пайда болуы мен дамуы. Маркстік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың қалыптасуы.

      Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі. 1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын сайлау. Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа ұстанымдар.

Негізгі әдебиет:

      1. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. Т.3. – Алматы: Алматы кітап, 2010. – 312 б.

      2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. – 592 б.

      3. Ерофеева И.В. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время). – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 256 б.

      4. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 456 б.

      5. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. – Алматы: Горизонт, 1995. – 320 б.

      6. Қазақстан тарихы (Қaзaқ Елі). 3 кітап. Қазақстан тоталитарлық және отаршылдық жүйеде – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 265 б.

Қосымша әдебиет:

      1. История Казахстана в русских источниках XVI-XX вв. В 10 томах. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 551 б.

      2. Campbell I W. Knowledge and the Ends of Empire, Kazak Intermediaries and Russian Rule on the Steppe. 1731-1917. Cornell University Press, 2017. – 288 б.

      3. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алматы: Казахстан, 1994. – 160 б.

      4. Алимбай Н.А., Муканов М.С., Аргынбаев Х.А. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. – Алматы: Ғылым, 1998. – 233 б.

      5. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. – Алматы: Ана тiлi, 2002. – 200 б.

      6. Мартин В. Закон и обычай в степи: Казахи Среднего жуза и российский колониализм в XIX в. – Алматы: КазАТиСО, 2012. – 692 б.

      7. Хафизова К.Ш. Степные властители и их дипломатия в XVIII-XIX веках. – Нур-Султан: КИСИ при Президенте РК, 2019. – 480 б.

      8. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 годов. Т. 1,2. – Алматы: АБДИ Компани, 2014. – 1032 б.

      9. Сартори П., Шаблей П. Эксперименты империи: адат, шариат и производство знаний в Казахской степи. – М.: Новое литературное обозрение, 2019. – 280 б.

      4-блок. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан

      Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде

      Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресей халықтарының құқықтары Декларациясының жариялануы (1917 жылғы 15 қазан).

      Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Қазақ өлкесіндегі "ақтар" мен "қызылдардың" қарсыластығы. Алашорда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары. Қазақ аумағында әскери іс-қимылдардың тарауы. "Соғыс коммунизмі" саясаты. Алаш Орда үкіметіне амнистия жариялануы. А. Байтұрсынұлының В.И. Ленинге жазған хаттарында большевиктік идеяларын сынауы. Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (бұдан әрі – АКСР) құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі. Қазақ АКСР-ы және Түркістан АКСР-ы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Біртұтас Түркістан идеясының жеңілуі. Т. Рысқұлов пен М. Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар паша және А.З. Валидов. Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (бұдан әрі – ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 1921-1922 жылдар. Қазақстандағы ашаршылық. Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі. Қазақ өлкелік партия комитетінің "қазақ ұлтшылдығына" қарсы күресі. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуі. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР қосылуы.

      Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы

      Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі күші мен ықпалының күшеюі. Ф.И. Голощекиннің "Кіші қазан" идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.

      Жайылымдық және шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы. Таптық-партиялық принциптің қоғамдық-саяси өмірдегі, мәдениеттегі, білім мен ғылымдағы салдары. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев. М. Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі. Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.

      Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің жойылуы. Қазақ тілі ұстанымдарының әлсіреуі. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСРО) Ғылым Академиясының Қазақ филиалының құрылуы.

      Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес мемлекетінің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары. Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы. Қазақстан аймақтарына халықтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялау. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. Соғыс тұтқындарының тағдыры. "Түркістан легионының" тарихы. М. Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.

      20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары

      Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.

      Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы. Партия шешімдеріндегі тенденциялық волюнтаристік әрекеттер. И. Сталиннің жеке басқа табыну кезеңін сынау. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның "жартымсыз" сипатына баға беру. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасыжәне оның үстірт сипаты. Ұлттық мәселелердегі шектеулердің күшейтілуі. Теміртау оқиғалары. Реформалық әрекеттердің толық емес сипаты. Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасындағы (бұдан әрі – Қазақ КСР) аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар. Репатриант қазақтардың Қазақстанға оралуы (1955, 1962 жылдар).

      Ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шаралары. Жоғары партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Идеологиялық дағдарыс. Зиялы қауымның жасырын қарсыласуы, диссиденттік ортаның қызметі.

      Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі. Әкімшілік басқару нәтижесінде аграрлық сектордағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Орталықтың этнодемографиялық саясаты: ішкі көші-қон, төлқұжаттық режимнің қазақтардың ауылдан қалаға көшуіне кедергі болуы, "тіркеу", тілдік кемсітушілік және оны жүзеге асырудыңтағы басқа жолдары. Ақшаның құнсыздануы мен негізгі тұтыну тауарларының тапшылығы. "Көлеңкелі экономика", қылмыстық топтардың таралуы.

      Экологиялық дағдарыс. Мәдениет және ғылым. Мәдени-рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі – әміршіл-әміршілдік биліктің күшеюінің салдары. Қазақтардың ұлттық санасының стихиялық қайта өрлеу белгілері: "Жастұлпар" және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері. М. Шаханов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, О. Сүлейменов, І. Есенберлин және т.б. шығармашылығы.

      Қазақстандағы "қайта құру" саясаты

      Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М.С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар. Экономикалық дағдарыс. "Қайта құру" мен "жариялылықтың" ел экономикасына әсері. Одақтық басқару жүйесі тұсында жеке мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы (1979-1989 жылдар).

      Д.А. Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы. "Тіл туралы заңның" қабылдануы және оның маңызы. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы (КОКП) қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі - ТМД) құрылуы.

Негізгі әдебиет:

      1. Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.

      2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.

      3. Абылхожин Ж.Б. Постсталинский период в истории советского Казахстана: череда обреченных реформ и несостоявшихся деклараций (1953 - 1991 гг.). – Алматы, КБТУ,2019. – 465 с.

      4. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. Т. 4. – Алматы, Алматы кітап, 2010. – 312 с.

      5. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 5. – Алматы: Атамұра, 2010. – 680 с.

      6. Алаш қозғалысы. Мәселенің зерттелу тарихынан. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1918 – 2007 жж. Движение Алаш. Из истории изучения вопроса. Сборник документов и материалов. 1918 – 2007 гг. Алматы.: "Ел – шежіре", 2007. Т. 4. – 472 б.

      7. Койгелдиев М.К. Сталинизм и репресии в Казахстане 1920 – 1940 – х годов. – Алматы, 2009. – 448 с.

      Қосымша әдебиет:

      1. Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.

      2. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. – Алматы: Туран, 1997. – 360 с.

      3. Омарбеков Т.О. 1929-1931 жылдардағы халық көтерілістері: зерттеу. – Алматы: Арыс, 2018. – 480 б.

      4. Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.

      5. Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. – Астана: Ел-шежіресі, 2008. – 360 б.

      6. "Я себя совершенно не призанаю виновным!": из истории протестного движения в Казахстане 1960-1980 гг. (Сборник документов и материалов). Сост. М. Койгелдиев. – Алматы: Арыс, 2019. – 256 с.

      7. Қойгелдиев М. Қорғансыздың күнін кешкендер. Менің ғылымдағы өмірім. (Қазақстанның ғылыми мектептері. Əдебиеттану): Монография. – Алматы: Арыс, 2019. – 304 б.

      8. Красный террор: из истории политических репресссий в Казахстане (Сборник документальных материалов политических репрессии 20 – 50 годов ХХ века). Сост. М.К. Койгелдиев, В.И. Полулях, Ш.Б. Тілеубаев. – Алматы: "Алаш баспасы", 2013. – 384 с.

      5-блок. Тәуелсіз Қазақстан

      Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы

      Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы.

      Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі. Қоғамды демократияландыру үдерісінің күшейтілуі.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық армияның құрылуы.

      Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік бірегейлікті дамыту, азаматтық бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты нығайту.

      Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы. Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы. Атқарушы вертикаль ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту. Орталықсыздандыру, орталық пен өңірлер, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң. Құқық қорғау органдарын (сот, прокуратура, полиция, арнайы қауіпсіздік қызметтерін) құру. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және оның нәтижелері.

      "Қазақстан-2030" Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі. "Қазақстан-2050" Стратегиясы.

      Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

      Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. Нарықтық экономикаға өту, жекеменшік институттардың орнығуы және Отандық бизнес негізінің қалануы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиыншылықтар мен кемшіліктер. Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.

      Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.

      Бірікке Ұлттар ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) даму жөніндегі бағдарламасы, адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының индексі. Қазақстанда Адам дамуы туралы есептің тұңғыш басылымы.

      Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттары (бұдан әрі – АҚШ), Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы. Экономиканы дамытудағы "Нұрлы жол", "100 нақты қадам" бағдарламаларының жүзеге асырылуы.

      Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. 2025 жылға дейінгі "Ұлттық даму жоспары". Ұлттық жобалар.

      Қоғамдық-саяси даму және рухани даму

      Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017 жылдар). Қазақстан халықтарының форумы (1992 жыл). Қазақстан Республикасы қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.

      Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999, 2009, 2021 жылдар). Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі. Демократиялық үдерістердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйенің енгізілуі және партиялық тізім бойынша сайлау нәтижелері. Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы. Қазақстан Республикасы ақпарат саясаты, Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия және оның қызметі. Қазақстан Республикасы Адам құқықтары бойынша өкілдік институты (Омбудсмен).

      Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласының тарихи маңызы. Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы.

      "Қаңтар оқиғасы". Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауының мәні мен маңызы.

      Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Демократиялық қайта құрулардың кеңеюі. Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер. Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету.Ұлттық құрылтайды құру.

      Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. "Болашақ" бағдарламасы. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі.

      "Мәдени мұра", "Тарих толқынында" мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құру. "Мәңгілік ел" идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту. "Ұлы даланың жеті қыры".

      Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. Діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы күрес. "Жусан" операциясы.

      Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары

      Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты қалыптасуының негізгі факторлары. Геосаяси және геоэкономикалық факторлардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптерінің қалыптасуына ықпалы. Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістреге қатысуы. ТМД. Қазақстан Республикасының БҰҰ мүше болуы. Қазақстанның БҰҰ-дағы ұсыныстары. Қазақстан және Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ). Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, АҚШ-пен, Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастарының қалыптасуы мен бағыттары, нәтижелері. Қазақстан Республикасының әлемдік қаржы институттары: Еуропалық даму және қалпына келтіру банкі, Азиялық және Ислам даму банкілерімен әріптестегі. Еуропалық вектордың жаңа бағыттары. Қазақстан Республикациясының Орталық Азия республикаларымен қарым-қатынастары. Қазақстанның Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық мәртебесі және мұнай экспорттаушы елдер ұйымымен (МЭЕҰ – ОПЕК) байланыстары бойынша ұстанымдары. Қазақстанның Таяу шығыстағы саясаты. Араб елдерімен және түркітілдес мемлекеттердің халақаралық ұйымдарымен қарым-қатынастары. Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттары. Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Азия елдерімен қарым-қатынастары. Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтасығы. Халықаралық терроризим мен жаһандық қауіп-қатерлердің күшеюі жағдайындағы өзара сенім мен сұхбаттастықты нығайту бойынша бастамалары. Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім жөніндегі Кеңес ұйымдастыру бастамалары. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ). Қазақстан Республикасы және Солтүстік Атлант альянсы (НАТО). Қауіпсіздіктің жаңа геосаяси мәселелері. Замануи сыртқы қауіптердің алдын алу.

Негізгі әдебиет:

      1. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітап: Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2022. – 570 б.

      2. Абылхожин Ж.Б. Страна в сердце Евразии: Сюжеты по истории Казахстана. – Алматы: Қазақ университетi, 1998. – 280 с.

      3. Назарбаев Н. А. Эра независимости. – Астана: Атамұра, 2017. – 508 с.

      4. Токаев К.К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы: Білім, 1997. – 736 с.

      5. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие. Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Жасыл Орда, 2015. – 328 с.

      6. Тоқаев Қ.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Алматы, 2002.

Қосымша әдебиет:

      1. Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагамбетов И.Н. Казахстан: эволюция государства и общества. – Алматы: Атамұра, 1996. – 390 с.

      2. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. – Алматы: Атамұра. 1996. – 256 с.

      3. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамұра, 2003 – 240 с.

      4. Аяган Б.Г., Абжанов Х.М., Селиверстов С.В., Бекенова М.С. Современная история Казахстана. – Алматы: Раритет, 2010. – 432 с.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады