"Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 111 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31140 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эмитент оның эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде 2-қосымшаға сәйкес, қаулымен бекітілген Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарға, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдеріне (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес:

      орталық депозитарийдің және қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы орталық депозитарий ашатын, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабы 5-тармағының 3), 5), 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты қоспағанда, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның осы бабының 5-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты;

      эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамын,

      эмитенттің әрбір осындай ұйымның акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан да көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін,

      акционерлік қоғам оларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған кезде акциялардың құнын айқындау әдістемесін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Эмитент Талаптардың 10, 12, 13, 14 және 17-тармақтарына сәйкес бұдан бұрын орын алған оқиғалардың салдары болып табылатын оқиғалар туралы ақпаратты ұсыну кезінде қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне жіберілетін электрондық есепте осы оқиға салдары болып табылатын бұдан бұрын жарияланған бастапқы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірін көрсетеді.

      Егер бастапқы оқиға туралы ақпарат оның туындау сәтінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға тиіс болмаса, осы оқиғаның алдындағы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірі көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

      "12. Эмитенттің бастамасы бойынша электрондық есепке енгізілген және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған ақпаратты эмитент осы Қағидалардың талабын ықтимал бұзу туралы түсіндірмелер беру туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күнге дейін түзетуге жол беріледі.";

      Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы, осы қаулының 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 111 Қаулыға
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 189 қаулысына
2-қосымша

Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

Жария ету мерзімдері

1

2

3

4

1.

Акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер туралы ақпарат)

1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен;
4) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында эмитентті, оның еншілес ұйымдарын ерікті түрде тарату немесе ерікті түрде қайта құру туралы шешім қабылданған жағдайда:
қайта құрылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жері атауы; эмитентті қайта құру нысаны мен талаптары;
5) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.
Эмитенттің жалғыз акционері (қатысушысы) болған жағдайда жалғыз акционердің (қатысушының) шешім қабылдаған күні, жалғыз акционердің (қатысушының) қабылдаған шешімдері, эмитенттің шешімі бойынша өзге де мәліметтер көрсетіледі.

акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

2.

Эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсетумен эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не оның өзгеруі туралы шешім қабылдаған күні. Егер басқару органы және (немесе) атқарушы орган мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, олардың бастамасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда, онда эмитенттің басқару органының жазбаша хабарламасын алған күні көрсетіледі;
2) құрамы сайланған (тағайындалған) не өзгерген эмитент органының атауы;
3) эмитент органының құрамы не эмитенттің органы құрамына өзгерістердің мәні: орган құрамына сайланған (тағайындалған) адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орган құрамына сайланған (тағайындалған), сондай-ақ орган құрамынан шығарылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
4) эмитент органының құрамына кіретін әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, эмитент органына енгізілген өзгерістер ескерілген құрамы;
5) эмитенттің директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесі) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатынасы;
6) еншілес ұйымдардағы эмитенттің директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесі) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатынасы.
Егер эмитенттің акционерлерінің (қатысушылар) жалпы жиналысында және (немесе) директорлар кеңесінде (қадағалау кеңесін) эмитенттің органдары құрамының өзгеруі туралы ғана шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы ақпарат бұл жөнінде көрсетіле отырып, осы қосымшаның 2-тармағына сәйкес қана орналастырылады.

эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдаған күннен кейін немесе эмитенттің басқару органы жазбаша хабарламаны алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

3.

Эмитенттің қатысушыларының құрамы туралы және (немесе) қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызына ие қатысушылардың құрамы:
жеке тұлға үшін - тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - заңды тұлғалардың толық атауы мен орналасқан жері;
2) эмитенттің қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызына иеленетін қатысушылардың құрамын өзгерту күні (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде өзгерістер енгізу немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесі тіркелген күні немесе Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде);
3) эмитенттің қатысушылардың құрамындағы өзгерістердің мәні:
жеке тұлға үшін - қатысушылардың құрамына енгізілген не қатысушылардың құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - қатысушылардың құрамына енгізілген не қатысушылардың құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері.

эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі немесе Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде өзгерістердің тіркелуін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі;
3) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

5.

Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың түрі және саны;
4) орналастыру тәсілі;
5) орналастыру (өткізу) бағасы;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

6.

Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған, егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын акциялардың түрі және саны;
4) қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын акциялардың бағасы;
5) қоғамның бастамасы бойынша акцияларды сатып алу мерзімі мен талаптары;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер;

акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

7.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешiм қабылданған күн;
2) шешім қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органымен немесе директорлар кеңесімен қабылданған шешім (шешімдер);
3) облигациялар мен туынды бағалы қағаздардың саны мен түрі;
4) номиналды құны және номиналды құн валютасы;
5) шығарылымның көлемi;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

8.

Акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысы немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын ірі мәмілелер және (немесе) мәмілелер жасасу туралы қабылдаған шешім туралы ақпарат

1) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле туралы шешім қабылдау күні;
2) акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысында немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) мәміле түрі;
4) мәміле мәні;
5) ірі мәміленің және (немесе) мүдделілігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық мөлшерлемесі акционерлік қоғам органы осындай мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күнгі осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәмілені және (немесе) мүдделілігі бар мәмілені жасауы туралы шешімде банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болса, ақпаратты орналастыру кезінде ірі мәмілені және (немесе) мүдделілігі бар мәміле жасау туралы шешім қабылданған күн ғана, сондай-ақ контрагенттің келісімі болған жағдайда акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге де ақпарат жарияланады. Акционерлік қоғамның ірі мәмілені және (немесе) мүдделілігі бар мәмілені жасауы туралы бір жұмыс күні ішінде бірнеше шешім қабылдаған кезде акционерлік қоғамның осындай бірнеше шешім бойынша ақпарат қамтылған бір өтінімді ұсынуы арқылы осындай шешімдер бойынша ақпарат беруге жол беріледі.

акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

9.

Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі және (немесе) ұйымдар тізіміндегі өзгерістер туралы ақпарат

1) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі;
2) эмитент акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленген (иелігі тоқтаған) ұйымның толық атауы;
3) акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан да көп пайызына эмитент иеленген ұйымдар тізімінің өзгерген күнінен кейінгі күніне сәйкес ұйымның акциялар (үлестер, пайлар) мөлшерінің орналастырылған акциялардың (үлестердің, пайлардың) жалпы мөлшеріне пайыздық арақатынасы.

эмитент ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленгенін (иелігі тоқтағанын) растайтын құжаттарды алған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

10.

Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат

1) ірі мәміле туралы және (немесе) қоғамның уәкілетті органы сондай мәміле жасау туралы шешім қабылдаған жасалуында мүдделігі бар мәміленің немесе қосымша келісімнің (шартқа қосымша келісімнің) жасалған күні;
2) iрi мәмiленiң және (немесе) мүдделілігі бар мәміленің мәнi, мәмiле тараптарының атауы;
3) акционерлік қоғамның органы ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні;
4) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шешімді акционерлік қоғам органы қабылдаған күнге ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны;
5) мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле мәні ақша және (немесе) бастапқы нарықтағы шығарылған (орналастырылған) бағалы қағаздар болып табылатын жағдайларды қоспағанда) ірі мәміленің және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні;
6) акционерлiк қоғам органы iрi мәмiленi және (немесе) мүдделігі бар мәмілені жасау туралы шешiм қабылдаған күнге акционерлiк қоғамның активтерiнiң жалпы құнына iрi мәмiленiң және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құнының пайыздық арақатысы.
7) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле тараптары, сатып алынған немесе иелігінен шығарылатын активтер, мәміле мерзімдері мен талаптары, тартылған тұлғалардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәлімет, сондай-ақ бар болса, мәміле туралы өзге мәлімет.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын банк құпиясы, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және басқа да құпия болып табылатын ақпаратты қамтитын болса акционерлік қоғамның мәміле туралы ақпаратты орналастыру кезінде тек жасасу күні, сондай-ақ контрагенттің келісімі болған жағдайда акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа да ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) жасалуында мүдделігі бар мәміле жасау туралы бірнеше шешімдер қабылдаған кезде осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғамға осындай бірнеше шешімдер бойынша ақпарат қамтылған бір өтінім ұсыну арқылы ақпарат беруге рұқсат етіледі.

акционерлік қоғам шарт немесе шартқа қосымша келісім жасау сәтінен;
iрi мәмiленi және (немесе) мүдделігі бар мәмілені жасау үшін міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеу қажет болған жағдайда, акционерлік қоғам оның мемлекеттік немесе өзге тіркеуін растайтын құжатты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

11.

Эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі туралы ақпарат

1) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдаған күні;
2) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;
3) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдау негізі;
4) эмитенттің қайта құрылатын еншілес ұйымдарының және (немесе) қайта құрылатын тәуелді ұйымдарының орналасқан жері мен атауы;
5) эмитенттің, еншілес ұйымдарының және тәуелді ұйымдарының қайта құрылу формасы мен талаптары;
6) эмитенттің, еншілес ұйымдарының және тәуелді ұйымдарының қайта құрылуының өзге де талаптары.

соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

12.

Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

1) кепілге беру (қайта кепілге) туралы эмитент органының шешім қабылдаған күні;
2) эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) құқығы туындаған күні;
3) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлігінің құны;
4) эмитенттің кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні (егер мұндай бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе);
5) эмитент органы эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдау күнінде кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлік құнының осы эмитент активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы;
6) кепілден (қайта кепілге беруден) алып тастау күні.
Егер эмитент жасаған эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы мәміле бір уақытта ірі мәміле және (немесе) жасалуында эмитенттің мүдделігі бар мәміле болып табылады, осындай мәміле туралы ақпарат бұл жөнінде көрсете отырып, осы қосымшаның 12-тармағына сәйкес қана орналастырылады.
Егер эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шартта банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болса, мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы ақпаратты орналастыру кезінде шарт жасалған күн ғана, сондай-ақ контрагенттің келісімі болған жағдайда эмитенттің шешімі бойынша өзге де ақпарат жарияланады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлікке қатысты - осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркелгенін растайтын құжаттарын алған;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелмейтін мүлікке қатысты - осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын жасаған;
осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын эмитент мүлігін кепілден (қайта кепілге беруден) шешкенін растайтын құжаттарын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

13.

Құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің мүлкіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы ақпарат

1) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікке тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы қабылданған шешімнің күні, нөмірі;
2) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікке тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негізі;
3) эмитенттің тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) мүліктің атауы және эмитенттің мүлкіне тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) күнге эмитенттің активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы. Егер банктердегі, банктің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) жағдайда - тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) ақша сомасын көрсету. Егер эмитенттің бағалы қағаздарына тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) жағдайда - тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәлімет.

эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлігіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы шешімді алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

14.

Эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеу туралы ақпарат

1) эмитент органының қарызды алу (кредит желісі) туралы шешім қабылдаған күні;
2) қарызды (кредит желісін) алу туралы шарт жасалған күні;
3) эмитент алған қарыздың (кредит желісінің) шартта белгіленген жалпы мөлшері;
4) эмитенттің қарызды алу мақсаты;
5) эмитент алған қарыздың (кредит желісінің) мөлшеріне эмитент органының қарызды алу туралы шешім қабылдаған күні эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшеріне пайыздық арақатынасы;
6) негізгі берешекті және аталған қарыз бойынша есептелінген сыйақыны толық төлеген күні.
Егер кредит желісі бойынша есептелген сыйақыны ескере отырып шығарылған және өтелмеген кредиттің жалпы сомасы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерге жеткен жағдайда, эмитент екінші деңгейлі банкпен кредит желісін жасағаны жайлы корпоративтік оқиға туралы ақпарат орналастырылады.
Акционерлік қоғамның қарызды алу бойынша жасалған мәмілесі бір мезгілде ірі мәміле және (немесе) акционерлік қоғамның оны жасауға мүдделілігі бар мәміле болып табылса, мұндай мәміле туралы ақпарат бұл туралы көрсетумен осы қосымшаның 14-тармағына сәйкес ғана орналастырылады.
Егер эмитенттің қарыз алуы туралы шартта банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болса, эмитенттің қарыз алғаны туралы ақпаратты орналастырған кезде шарт жасалған күн ғана, сондай-ақ контрагенттің келісімі болған жағдайда эмитенттің шешімі бойынша өзге де ақпарат жарияланады.

эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы немесе кредит желісі туралы шартын жасаған немесе эмитенттің осы қарыз немесе кредит желісі бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеген;
есептелген сыйақы есебімен бір кредит желісі аясында алынған және өтелмеген қарыздың жалпы сомасы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызына жеткен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

15.

Солардың нәтижесінде баланстық құны эмитент активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құраған эмитенттің мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы туралы ақпарат.

1) эмитенттің мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күн;
2) төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы нәтижесінде жойылған эмитенттің мүлкінің атауы;
3) төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы нәтижесінде жойылған эмитенттің мүлкінің баланстық құны.

эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын эмитент мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

16.

Сотта корпоративтік дау бойынша істі қозғау туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкер, жауапкер туралы мәлімет (жеке тұлға үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), (заңды тұлға үшін) толық атауы, орналасқан жері;
2) талап-арыз берген күні, шағым талаптардың қысқаша мазмұны;
3) корпоративтік дау бойынша талап-арыз қаралатын соттың атауы.

эмитент корпоративтік дау бойынша азаматтық іске қатысты тиісті сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

17.

Бірінші санаттағы рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру) туралы ақпарат

1) бірінші санаттағы рұқсатты берген, бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) бірінші санаттағы рұқсаттың берілген күні, нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) бірінші санаттағы рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрінің атауы;
4) рұқсат беру органының бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) бірінші санаттағы рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатыла тұрған (жаңартылған) қызмет түрінің атауы;
7) рұқсат беру органының бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған күні;
8) бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме;
9) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатылған қызмет түрінің атауы.

уәкілетті органда тіркелген жарғыны және (немесе) жарғыға өзгертулерді алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

18.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет түрлерін өзгертуі туралы ақпарат

1) қызметтің негізгі түрлерін өзгерту туралы шешім қабылдау күні;
2) өзгерген қызмет түрлерінің атауы;
3) эмитент жарғысын және (немесе) жарғысына өзгертулерді мемлекеттік тіркеу күні;
4) жарғының және (немесе) жарғыға өзгертулердің сканерленген көшірмесі.

уәкілетті органда тіркелген жарғыны және (немесе) жарғыға өзгертулерді алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

19.

Акционерлік қоғам бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесі

1) құрылтайшылардың жалпы жиналысы (жалғыз құрылтайшы) қабылдаған шешім күні
2) акционерлік қоғам акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысы әдістемені бекіту туралы қабылдаған шешім күні, егер ол құрылтай жиналысында бекітілмеген болса;
3) акционерлік қоғам акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысы әдістемеге өзгерістерді бекіту туралы қабылдаған шешім күні;
4) барлық өзгерістер мен толықтырулармен қоса әдістеменің PDF форматындағы электрондық нұсқасы.

акционерлік қоғамның құрылтай жиналысында (жалғыз акционері) әдістеме бекітілген жағдайда уәкілетті органның акциялар шығарылымы проспектісін мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында (жалғыз акционер) әдістеме және (немесе) әдістемеге өзгерістер бекітілген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

20.

Эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы ақпарат

1) эмитенттің жарғысы мен эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитенттің акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүддесін қозғайтын мәліметтер;
2) эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде:
облигациялардың ұлттық сәйкестендіру номері (ҰСН) немесе халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN), облигациялардың түрін, орналастырылған облигациялардың санын, купон мөлшерлемесінің мөлшерін, дефолт күнін, купондық сыйақы бойынша берешек сомасын, негізгі борыш бойынша берешек сомасын, реттелмеген борыш қалдығын көрсете отырып, орындалмаған міндеттемелер сомасы, міндеттемелерді орындамау себептері.

егер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізудің өзге мерзімдері көзделмеген жағдайда, эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туындаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамаған күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады