"Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 желтоқсанда № 31168 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 368 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін
атқарушының
2007 жылғы 25 мамырдағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер қолданылады:

      1) аудиовизуалды материал (бұдан әрі – материал) – техникалық және электрондық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық, мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы;

      2) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;

      3) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;

      4) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры – сақтау және оқырмандар мен абонеттерге уақытша пайдалануға беру үшін кітапхана қалыптастыратын құжаттардың реттелген жиынтығы.

      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекеттің меншігі болып табылады және оның қорғауында болады.

      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітапханаларының кітапхана қоры мемлекет қарамағынан алынуға және жекешелендіруге жатпайды.

      5. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.

      Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады.

      6. Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжаттардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайдаланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

      7. Қағаз жеткізгіште басылымның міндетті тегін даналарын бірінші басылып шығарылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бірінші басылып шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.

2-тарау. Қордың сақталуын оны қалыптастыру және қолдану барысында қамтамасыз ету

      8. Кітапханалық өңдеуден өткен баспа өнімдері, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар кітапхана қорына жіберіледі. Қорды орналастыру кезінде баспалардың сақталу және жайғастыру тәртібі сақталуы тиіс. Өңделмеген баспа өнімдері, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар қолдануға берілмейді.

      Қорларды кітапханалық өңдеу процесіне кітапхана қорларын қорғауды қамтамасыздандыратын штрихкодтау жүйесі немесе электромагниттік технологиялардың басқа жүйелері қолданылады.

      9. Кітапханалардың кітапхана қорын сақтап қалуды қамтамасыз ету мақсатында баспа өнімдері мен материалдардың жиынтық және жеке есебі жүргізіледі.

      10. Бөгде адамдардың қор сақталатын бөлімдерге кіруіне жол берілмейді. Ашық қол жеткізу қорына оқырмандар тек баспа өнімін, басылымның міндетті тегін данасын, материалдарды алу кезінде және кітапханашының қатысуымен ғана жіберіледі. Кітапханада баспа өнімдері, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдардың алып кетуін бақылайтын тексеру-өткізу тәртібі қамтамасыздандырылады.

      11. Жинақтау, өңдеу, сақтау бөлімдері және қосалқы қорлар бөлмелерінде көпшілік іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.

      12. Кітапхана баспа өнімдерін жаңғырту және ағымдағы жөндеу жұмыстарын (түсіп қалған парақтарды жапсыру, жыртылған жерлерді жапсыру, мұқабаны, қатырма бетті желімдеу) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      13. Оқырмандардың жоғары сұранысына ие жұмсақ мұқабадағы немесе мұқабасыз, сондай-ақ тұрақты және ұзақ сақтауға арналған баспа өнімдері мен басылымның міндетті тегін данасы қайта түптеледі.

      Қолдану мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары сұранысқа ие жеке баспа өнімдері немесе олардың бөлімдері түрлі әдістермен көшіріледі. Материалдар да цифрландыру процесінен өтеді.

      Ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында ғылыми, тарихи және көркемдік тұрғыдан құнды басылымдардың цифрлық қоры (электрондық көшірмелері) құрылады. Цифрлық қор ақпараттық қорғау және қауіпсіздендіру технологияларымен қамсыздандырылған депозитарлық электрондық сақтау қоймасында сақталуға тиіс.

      14. Баспа өнімдері мен материалдарға берілген инвентарлық нөмірлер өзгертуге, түзетуге және алып тастауға жатпайды.

      Материалды жауапты қызметкердің ауысуына немесе жоғалу фактісі анықталған, кітапхананың қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайда кітапхана қорына салыстырмалы тексеру жүргізіледі.

      15. Кітапхана қорында сақталатын баспа өнімдері, басылымның міндетті тегін данасы мен материалдар оқырмандарға пайдалану үшін абономентте, оқу залдарында, арнаулы қызмет көрсету бөлімдерінде, стационардан тыс пункттерде, кітапханааралық абономент бойынша беріледі.

      16. Кітапхана қызметкерлері оқырмандық берешіктерді болдырмау және жою бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады