"Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 429 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 131 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31185 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 358 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 381 бiрлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14272 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
А. Амрин
     
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 131 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 429 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 381 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін биоотын өндіру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – биоотын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) болмашы бұзушылық – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) (биоотын өндірушілердің) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді уақтылы ұсынбауы бөлігінде биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      3) елеулі бұзушылық – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) (биоотын өндірушілердің) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы, шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көз (объекті) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болмауы, есепке алатын бақылау аспаптарының болмауы және олардың ақаулы жағдайда болуы бөлігінде биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      4) өрескел бұзушылық – тамақ шикізатын кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан асатын көлемде пайдалану, биоотын өндірісі паспортының болмауы, биоотын өндіру үшін тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (бидайдың 1 және 2-сыныптарын пайдалануға жол берілмейді) бөлігінде биоотын саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – биоотын өндірісі саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін ең төменгі ықтимал дәрежеде шектеу мақсатында кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – биоотын өндірісі саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      10) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арұылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      4. Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

2-тарау. Бақылау субъектілеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      5. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) астықтан, қант қызылшасынан биоотын өндіретін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша орта деңгейдегі бақылау субъектілеріне (объектілеріне) биологиялық түрде алынған шикізаттан (астық пен қант қызылшасын қоспағанда) биоотын өндіруді жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) астықтың тереңдете өңделген жанама өнімдері, органикалық қалдықтар болып табылатын биологиялық түрде алынған шикізаттан биоотын өндіруді жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      8. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.

      9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мыналар пайдаланылады:

      1) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес "Бақылау субъектілері ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері" ақпараттық көзі бойынша субъективті өлшемшарттар;

      2) осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес "Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпараттық көзі бойынша субъективті өлшемшарттар.

      10. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар үш бұзушылық дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

      11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      12. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілеріне (объектілеріне) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы осы Өлшемшарттардың 18-тармағында айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      13. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған болса, онда бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, биоотын өндіру саласындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.

      14. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі биоотын өндіру саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      15. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталған кезде, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес бақылау субъектісін белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін негіз болып табылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      16. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылауды жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      17. Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне арналған тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды қосуға жол берілмейді.

      18. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына екі реттен жиілетпеу керек.

      19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабы 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

"Бақылау субъектілері ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері" ақпараттық көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1.

Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына есептерді ұсынбауы

елеулі

  Биоотын өндірісі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

"Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпараттық көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

Ауырлық дәрежесі төменде санамаланған талаптар сақталмаған кезде белгіленеді:

1.

Тамақ шикізатын кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан аспайтын көлемде пайдалану

өрескел

2.

Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалануға тыйым салынады)

өрескел

3.

Биоотын өндірісі паспортының болуы

өрескел

4.

Биоотынды өндіру көлемін есепке алатын бақылау аспаптарының болуы және олардың ақаусыз жай-күйі

елеулі

5.

Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 131 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 429 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 358 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 381 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      биоотын өндірісі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес биоотын өндірісін жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты

      __________________________________________________________________________

      тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_______________________________

      __________________________________________________________________________

      Текеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт

      __________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Тамақ шикізатын кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан аспайтын көлемде пайдалану



2.

Биоотын өндірісіне арналған тамақ шикізаты құрамының сәйкес келуі (1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалануға тыйым салынады)



3.

Биоотын өндірісі паспортының болуы



4.

Биоотынды өндіру көлемін есепке алатын бақылау аспаптарының болуы және олардың ақаусыз жай-күйі



5.

Шикізаттың қауіпсіздігін ғылыми негізде растай отырып, оның генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) болып табылмайтындығын немесе генетикалық түрлендірілген көздерден (объектілерден) тұрмайтындығын және мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын тамақ шикізатына арналған құжаттардың болуы



      Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________________

                                          лауазымы                   қолы

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы _________________ _______________________

                                          лауазымы                   қолы

      ____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады