"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
Ж. Шаймарданов |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 42 бұйрығына қосымша |
Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу әдістемесі халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және әкімшілік деректер шеңберінде қалыптастырылатын индикаторларды есептеу алгоритмін айқындайды.
3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қолданады.
4. Гендерлік статистикалық индикаторларды қалыптастыру үшін ақпараттық база жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың алғашқы статистикалық деректері, статистикалық тіркелімдердің деректері болып табылады.
2-тарау. Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу алгоритмі
5. Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу үшін келесі бөлімдер айқындалды:
1) ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық;
2) тіркелген некелердің жалпы санына қарағанда бұзылған некелердің үлесі;
3) әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық;
4) материалдық активтері (мүлік (тұрғын үй), дара кәсіпкерлер) бар әйелдердің ерлерге қарағанда үлесі;
5) мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі.
1-бөлім. Ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық
6. Ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық келесі формула бойынша есептеледі:
GG = LEx - LEy,
мұнда GG – гендерлік алшақтық;
LEx– ерлердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы;
LEy– әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы.
Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы бұл ұрпақтың өмірінде әр жастағы өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жылдағыдай қалған жағдайда, туылғандардың ұрпағынан бір адам орта есеппен өмір сүруі керек жылдар саны болып табылады.
2-бөлім. Тіркелген некелердің жалпы санына қарағанда бұзылған некелердің үлесі
7. "Тіркелген некелердің жалпы санына қарағанда бұзылған некелердің үлесі" индикаторы есепті кезеңдегі тіркелген ажырасулардың тіркелген некелерге қатынасы арқылы есептеледі. Көрсеткіш пайызбен өлшенеді және мына формула бойынша есептеледі:
SDM = RD/RM x 100,
мұнда SDM – тіркелген некелердің санымен салыстырғанда бұзылған некелердің үлесі;
RD – тіркелген ажырасулар саны;
RM – тіркелген некелер саны.
3-бөлім. Әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық
8. "Әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық" индикаторы белгілі бір уақыт кезеңінде (жыл) әйелдер мен ерлер жалақысының арасындағы алшақтықты көрсетуге арналған. Ол әйелдердің орташа айлық жалақысының ерлердің орташа айлық жалақысына қатынасы арқылы анықталады. Көрсеткіш пайызбен өлшенеді және мына формула бойынша есептеледі:
s = sm-sw
sm,
мұнда s – әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық;
sw – әйелдердің орташа айлық жалақысы;
sm – ерлердің орташа айлық жалақысы.
4-бөлім. Материалдық активтері (мүлік (тұрғын үй), дара кәсіпкерлер) бар әйелдердің ерлерге қарағанда үлесі
9. "Материалдық активтері бар әйелдердің ерлерге қарағанда үлесі" индикаторы активтерге иелік етудің әртүрлі санаттарын көрсететін екі көрсеткішті қамтиды:
1) үй (жылжымайтын мүлік) иелері арасындағы әйелдер үлесі;
2) дара кәсіпкерлер арасындағы әйелдер үлесі.
Көрсеткіштерді есептеу сол немесе өзге мүлік иелерінің жалпы саны арасындағы әйелдердің үлесін анықтау арқылы жүргізіледі (Х мүлкіне иелік ететін әйелдердің жалпы саны Х мүлкіне иелік ететін адамдардың жалпы санына бөлінеді және 100-ге көбейтіледі). Көрсеткіш пайызбен өлшенеді және мына формула бойынша есептеледі:
swp = wnx/tnx x 100,
мұнда swp – х мүлік иелерінің жалпы саны арасындағы әйелдердің үлесі;
wnx – x мүлкіне иелік ететін әйелдердің жалпы саны;
tnx – х мүлкіне иелік ететін адамдардың жалпы саны.
5-бөлім. Мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі
10. "Мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі" индикаторы шешім қабылдаудың әр түрлі салаларын көрсететін екі көрсеткішті қамтиды:
1) басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі (барлық секторды қамтиды);
2) квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі.
"Басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі" көрсеткіші Қазақстан Республикасының 01-2017 Ұлттық жіктеуішіне (Қызметтер жіктеуіші) сәйкес келетін жоғары және орта деңгейдегі лауазымдарда жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы әйелдердің үлесі ретінде анықталады. Өлшем бірлігі - пайыз.
"Квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі" көрсеткіші квазимемлекеттік сектор кәсіпорындардағы департамент директорлары мен одан жоғары лауазымдарды атқаратындардың жалпы санына көрсетілген лауазымдарды атқаратын әйелдердің үлесі ретінде есептеледі. Өлшем бірлігі - пайыз.
shw = shz/tnez x 100,
мұнда shw – басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі;
shz – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін әйелдердің саны;
tnez – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны.
Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу әдістемесіне қосымша |
Өлшем бірліктер мен дереккөздер
р/с № | Көрсеткіштердің атауы | Өлшем бірліктері | Дереккөздер |
1. Ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық | |||
1 | Ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық | жылдармен | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро), Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің жазбалары, қайтыс болу туралы медициналық анықтамалар. |
2. Тіркелген некелердің жалпы санына қарағанда бұзылған некелердің үлесі | |||
1 | Тіркелген неке санымен салыстырғанда ажырасқандардың үлесі | % | Бюро," Халықтың статистикалық тіркелімі" ақпараттық жүйесі. |
3. Әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық | |||
1 | Әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық | % | Бюро, "Еңбек бойынша есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны, индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық. |
4. Материалдық активтері (мүлік (тұрғын үй), дара кәсіпкерлер) бар әйелдердің ерлерге қарағанда үлесі | |||
1 | Тұрғын үй (жылжымайтын мүлік) иелері арасындағы әйелдер үлесі | % | Бюро, "Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі" ақпараттық жүйесі. |
2 | Дара кәсіпкерлер арасындағы әйелдер үлесі | % | Бюро, "Статистикалық бизнес тіркелімі" ақпараттық жүйесі. |
5. Мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі | |||
1 | Басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі (барлық секторларды қамтиды) | % | Бюро, "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны, индексі Т-001, кезеңділігі жылдық. |
2 | Квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі | % | Бюро, "Еңбек бойынша есеп" индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық, "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп", индексі 2-МП, кезеңділігі жылдық, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары |