"Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 қаңтарда № 35687 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31420 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Гендерлік статистикалық индикаторларды есептеу әдістемесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық" индикаторы белгілі бір уақыт кезеңінде (жыл) әйелдер мен ерлер жалақысының арасындағы алшақтықты көрсетуге арналған. Ол әйелдердің орташа айлық жалақысының ерлердің орташа айлық жалақысына қатынасы арқылы анықталады. Көрсеткіш пайызбен өлшенеді және мына формула бойынша есептеледі:

      s = (sm-sw)/sm x 100,

      мұнда s – әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық;

      sw – әйелдердің орташа айлық жалақысы;

      sm – ерлердің орташа айлық жалақысы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі" индикаторы шешім қабылдаудың әр түрлі салаларын көрсететін төрт көрсеткішті қамтиды:

      1) басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі (барлық секторды қамтиды);

      2) мемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі;

      3) квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі;

      4) корпоративтік (жеке) сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі.

      "Басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі" көрсеткіші Қазақстан Республикасының 01-2017 Ұлттық жіктеуішіне (Қызметтер жіктеуіші) сәйкес келетін жоғары және орта деңгейдегі лауазымдарда жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы әйелдердің үлесі ретінде анықталады. Өлшем бірлігі - пайыз.

      "Мемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі" көрсеткіші басшы лауазымын атқаратындардың жалпы санына мемлекеттік сектор ұйымдарындағы ірілендірілген топтар бойынша көрсетілген лауазымдарды атқаратын әйелдердің үлесі ретінде есептеледі. Өлшем бірлігі - пайыз.

      shw = shz/tnez x 100,

      мұнда shw – басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі;

      shz – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін әйелдердің саны;

      tnez – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны

      Мемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесін айқындау үшін Экономика секторларының жіктеуіші (қаржы және қаржылық емес корпорациялар) пайдаланылады.

      "Квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі" көрсеткіші квазимемлекеттік сектор кәсіпорындардағы ірілендірілген топтар бойынша басшы лауазымын атқаратындардың жалпы санына көрсетілген лауазымдарды атқаратын әйелдердің үлесі ретінде есептеледі. Өлшем бірлігі - пайыз.

      shw = shz/tnez x 100,

      мұнда shw – басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі;

      shz – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін әйелдердің саны;

      tnez – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны.

      Квазимемлекеттік сектордағы әйелдердің үлесін айқындау үшін Экономика секторларының жіктеуіші (қаржы және қаржылық емес корпорациялар) пайдаланады.

      "Корпоративтік (жеке) сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі" көрсеткіші корпоративтік (жеке) сектор кәсіпорындардағы ірілендірілген топтар бойынша басшы лауазымдарын атқаратындардың жалпы санына көрсетілген лауазымдарды атқаратын әйелдердің үлесі ретінде есептеледі. Өлшем бірлігі - пайыз.

      shw = shz/tnez x 100,

      мұнда shw – басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі;

      shz – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін әйелдердің саны;

      tnez – басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны.

      Корпоративтік (жеке) сектордағы әйелдердің үлесін айқындау үшін Экономика секторларының жіктеуіші (қаржы және қаржылық емес корпорациялар) пайдаланады.";

      көрсетілген Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2025 жылғы 28 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа
қосымша
  Гендерлік статистикалық
индикаторларды есептеу
әдістемесіне
қосымша

Өлшем бірліктер мен дереккөздер

р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірліктері

Дереккөздер

1. Ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық

1

Ерлердің әйелдерге қарағанда күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық

жылдармен

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро), Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің жазбалары, қайтыс болу туралы медициналық анықтамалар.

2. Тіркелген некелердің жалпы санына қарағанда бұзылған некелердің үлесі

1

Тіркелген некелердің жалпы санына қарағанда бұзылған некелердің үлесі

%

Бюро, "Халықтың статистикалық тіркелімі" ақпараттық жүйесі.

3. Әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық

1

Әйелдердің ерлерге қарағанда орташа жалақысындағы гендерлік алшақтық

%

Бюро, "Еңбек бойынша есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны,
индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық.

4. Материалдық активтері (мүлік (тұрғын үй), дара кәсіпкерлер) бар әйелдердің ерлерге қарағанда үлесі

1

Тұрғын үй (жылжымайтын мүлік) иелері арасындағы әйелдер үлесі

%

Бюро, "Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі" ақпараттық жүйесі.

2

Дара кәсіпкерлер арасындағы әйелдер үлесі

%

Бюро, "Статистикалық бизнес тіркелімі" ақпараттық жүйесі.

5. Мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда шешімдер қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі

1

Басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі (барлық секторларды қамтиды)

%

Бюро, "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны, индексі Т-001, кезеңділігі жылдық.

2

Мемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі

%

Бюро, "Еңбек бойынша есеп"
индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны

3

Квазимемлекеттік сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі

%

Бюро, "Еңбек бойынша есеп"
индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық, жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны

4

Корпоративтік (жеке) сектордағы басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі

%

Бюро, "Еңбек бойынша есеп"
индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық, жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады