Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 658 болып тіркелген) шешімі;
2) "Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 354/49-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 904 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы |
Е. Каналимов |