"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 сәуірдегі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Келесі атаулар берілсін:
Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
жобалық атауы А24 көшеге Орал Мұхамеджанов көшесі;
жобалық атауы А62 көшеге Сафуан Шаймерденов көшесі;
Абылай хан даңғылында, Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында орналасқан атаусыз аллеяға Күйшілер аллеясы;
Астана қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы № 202 көшеге Нұркен Әбдіров көшесі;
жобалық атауы Е111 көшеге Шерхан Мұртаза көшесі;
жобалық атауы Е324 көшеге Дүкенбай Досжан көшесі;
жобалық атауы Е325 көшеге Еркеғали Рахмадиев көшесі;
жобалық атауы Е357 көшеге Александр Сызғанов көшесі;
жобалық атауы Е577 көшеге Хамза Есенжанов көшесі;
жобалық атауы Е579 көшеге Қайреден Қарбаев көшесі;
жобалық атауы Е580 көшеге Сабыр Ниязбеков көшесі;
жобалық атауы Е607 көшеге Құман Тастанбеков көшесі;
жобалық атауы Е608 көшеге Шолпан Жандарбекова көшесі;
жобалық атауы Е757 көшеге Ақселеу Сейдімбек көшесі;
жобалық атауы Е758 көшеге шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян көшесі;
жобалық атауы Е889 көшеге Барлыбек Сырттанұлы көшесі;
жобалық атауы Е890 көшеге Ермұхан Бекмаханов көшесі;
жобалық атауы Е898 көшеге Тұрсынбек Кәкішев көшесі;
Қабанбай батыр даңғылында, "Салтанат Сарайы" кешені және "The St. Regis Astana" қонақ үйі арасында орналасқан атаусыз скверге Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы II Елизавета атындағы сквер;
Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:
жобалық атауы № 20-40 көшеге Сәбит Мұқанов көшесі.
2. Келесі көшелер қайта аталсын:
Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
Нұрлыжол көшесі № 37 үйден № 26 үйге дейін қоса алғанда Бозоқ көшесі;
Мұстафа Шоқай көшесі № 2 үйден № 10 үйге дейін қоса алғанда Ботай көшесі;
Мұстафа Шоқай көшесі № 20А үйден № 33/2 үйге дейін қоса алғанда Түймекент көшесі;
Бастөбе көшесі № 23 үйден № 37 үйге дейін қоса алғанда Жарқұдық көшесі;
Георгий Игишев көшесі № 2 үйден № 16/3 үйге дейін қоса алғанда Ақжал көшесі;
Бірлік көшесі № 2/1 үйден № 30/1 үйге дейін қоса алғанда Алшалы көшесі;
Иманақ көшесі № 13 үйден № 7Б үйге дейін қоса алғанда Жалтыр көшесі.
3. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | А. Кульгинов |
Астана қаласы мәслихатның хатшысы | Е. Каналимов |