Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары";
Қағиданың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Астана қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);
4) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
5) әлеуметтік көмек – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген тәртіпте атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
6) Әлеуметтік төлемдер орталығы – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы;
7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында аталған адамдар;
8) ең төмен күнкөріс деңгейі – Астана қаласының статистика органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
9) еңбек ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталған адамдар;
10) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында аталған адамдар;
11) жетім бала (жетім балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);
12) көп балалы аналар – "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
13) көп балалы отбасылар – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар;
14) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері, сондай-ақ БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдармен құрылтайшылық етілген халықаралық мерекелер және күндер;
15) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балалар) – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
16) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
17) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
18) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Астана қаласында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
19) учаскелік комиссия – белгіленген шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Астана қаласы аудандары әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
20) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында аталған адамдар.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Әлеуметтiк көмек Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Астана қаласының бюджетi әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
Әлеуметтiк көмек "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша әкімшісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – әкімші) болып табылатын тиiстi қаржы жылына Астана қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.";
9-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) алушы Астана қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;";
13-тармақтың 7), 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"7) мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;";
"8) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар;";
14-тармақтың оныншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"қазан айының екінші жексенбісінде "(Мүгедектігі бар адамдар күні) – мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;";
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Әкімші әлеуметтік көмек алушылардан өтініштерді талап етпей, көрсетілген санаттарға жататын адамдардың тізімін қалыптастырады:
тиісті негіздер азаматтардың Әлеуметтік төлемдер орталығының зейнетақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы мәліметтері, "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде осы Қағиданың 14, 15, 16-тармақтарында;
Астана қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКҚК), Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері негізінде осы Қағиданың 50, 50-1 –тармақтарында.";
43-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"43. Әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек белсендi туберкулезбен ауыратын азаматтарға Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрi – Туберкулезге қарсы диспансер) диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегi азаматтарға 10 АЕК ай сайынғы ақша төлемдері түрінде ұсынылады.";
52-тармақтың 1) тармақшасының екінші, бесінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар адамдарға;";
"мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасыларға (ата-аналардың біреуіне);";
52-тармақтың 2-1) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жеке оңалту бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) алып жүруші адамдарға";
74-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"74. Осы Қағиданың 52-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан Астана қаласының ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға жылына бір рет 6,5 АЕК көлемінде ақшалай төлем жүзеге асырылады.";
75-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"бала жасынан мүгедектігі бар адамдарға;";
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"§2. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек";
77-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Астана қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;";
81-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"81. Әлеуметтік көмек алуға үмiткерлердi iрiктеу Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде Астана қаласы әкімдігінің жанында арнайы құрылған комиссиямен тестiлеу кезiнде ең жоғары алған ұпай саны бойынша осы Қағиданың 75-тармағында көрсетілген санаттардан жүргiзiледi.";
91-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"91. Оқудан шығарылған студенттiң орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебiмен Астана қаласының бюджетiне төленген қаражатты қайтаруды жүргiзедi.";
95-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға жүргізіледі.";
99-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"99-1. Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға жүргізіледі.";
Қағидалардың 1-қосымшаның 4-тармағының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)
________________________________________________________________________
___________________________________________.";
Қағидалардың 2-қосымшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Учаскелiк комиссия Астана қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатның хатшысы | Е. Каналимов |