"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 7-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 05.12.2023 № А-12/555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2023 № А-2/68 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2022 № А-4/170 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысымен бекітілген |
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 19.04.2024 № А-4/178 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта | болу режимі 9 сағаттық топта | санаторлы топта | түзету түріндегі топта | жарты күн болатын топта | ||
Қала | 19 733 | 54 506 теңге | 50 181 теңге | 81 598 теңге | 98 103 теңге | 24 018 теңге |
Ауыл | 18 088 | 60 747 теңге | 55 728 теңге | 91 999 теңге | 111 104 теңге | 26 792 теңге |
Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің біліктілігі болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және бір оқушыға шаққандағы шығындардың орташа құны (теңге) | ||||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта | санаторлы топта | түзету түріндегі топта | ||||
Қала | 1 493 | 56 571 теңге | 81 598 теңге | 98 103 теңге | ||
Ауыл | 153 | 63 329 теңге | 91 999 теңге | 111 104 теңге |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 05.12.2023 № А-12/555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||
3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін | жарты күн болатын топта |
14 576,36 теңге | 17 805,80 теңге | 8 902,90 теңге |