Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. 1-тармақтың екінші абзацының күші 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е.Рамазанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 ақпаңдағы № А-2/107 қаулысына 1-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына 1-қосымша |
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта | болу режимі 9 сағаттық топта | санаторлы топта | түзету түріндегі топта | жарты күн болатын топта | ||
Қала | 20819 | 56 327 теңге | 51 911 теңге | 83 983 теңге | 100 831 теңге | 24 884 теңге |
Ауыл | 18382 | 62 695 теңге | 57 572 теңге | 94 596 теңге | 114 097 теңге | 27 714 теңге |
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 ақпаңдағы № А-2/107 қаулысына 2-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||
3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін | жарты күн болатын топта |
15 499 теңге | 19 052 теңге | 9 526 теңге |