"Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № А-2/68 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 наурызда № 8516-03 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы №А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 1 наурыздағы
№ А-2/68 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

болу режимі 9 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету түріндегі топта

жарты күн болатын топта

Қала

17615

46 189 теңге

42 674 теңге

68 404 теңге

81 864 теңге

20 202 теңге

Ауыл

17426

50 933 теңге

46 891 теңге

76 311 теңге

91 748 теңге

22 310 теңге



Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің біліктілігі болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және бір оқушыға шаққандағы шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету түріндегі топта

Қала

1453

48 450 теңге

68 404 теңге

81 864 теңге

Ауыл

137

53 759 теңге

76 311 теңге

91 748 теңге

Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін

жарты күн болатын топта

12 450,23 теңге

15 529,32 теңге

7 764,66 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады