Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары негізінде белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысына 1-қосымша |
Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 08.06.2023 № А-6/225 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 09.08.2024 № А-8/365 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
№ | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері |
Су қорғау аймағының ені | Су қорғау белдеуінің ені (метр) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Көкшетау қаласы | ||||
1 | Қылшақты өзені | Көкшетау қаласы | 500 | 35-100 |
2 | Қопа көлі | Көкшетау қаласы | 500 | 35-75 |
3 | Шағалалы өзені | Көкшетау қаласы | 500 | 35-100 |
Қосшы қаласы | ||||
4 | Нұра-Есіл арнасының учаскесі | Қосшы қаласының оңтүстік-шығыс жағынан, Нұра-Есіл арнасының 4,6 шақырымында | 500 | 35 |
Степногорск қаласы | ||||
5 | Ақсу өзені арнасының учаскесі | Степногорск қаласының аумағында | 500 | 35 |
5-1 | Ақсу өзенінің ұзындығы 2,87 шақырым учаскесі | Степногорск қаласының аумағында (№1 нүктесінің координаттары шегінде шығыс бойлықтың 71°57'45.144" және солтүстік ендік 52°24'32.909" – №2 нүктесі шығыс бойлықтың 71°57'9.431" және солтүстік ендік 52°24'54.137") | 500 | 35 |
5-2 | Ақсу өзені | Степногорск қаласы мен Степногорск қалалық округінің бүкіл аумағы бойынша | 500 | 35 |
5-3 | Коровье көлі | Степногорск қаласы | 300 | 35 |
5-4 | Көксай бөгеті | Қарабұлақ ауылы | 300 | 35 |
Ақкөл ауданы | ||||
6 | Жарлыкөл көлі | Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі жерлерінің шекарасында | 300 | 35-50 |
7 | Еңбек көлі | Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан оңтүстік- шығысқа қарай 4 шақырымда | 300 | 100 |
8 | Кенжеғалы көлі | Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Домбыралы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай | 500 | 100 |
9 | Соленое көлі | Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Домбыралы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай | 300 | 35 |
10 | Жарсор көлі | Ақкөл ауданы, Азат ауылдық округі | 500 | 35 |
11 | Краснобор су қоймасы | Ақкөл ауданы, Радовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2,5 шақырымда | 500 | 35 |
12 | Голубая Нива бөгеті | Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан солтүстік- батысқа қарай 4 шақырымда | 300 | 100 |
13 | Пиявочное бөгеті | Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан оңтүстік- батысқа қарай 12 шақырымда | 300 | 100 |
14 | Ивы тоғаны | Ақкөл ауданы, Еңбек ауылдық округі, Еңбек ауылынан солтүстік- батысқа қарай 25 шақырымда | 300 | 100 |
14-1 | "Ақмола облысы Ақкөл ауданы Амангелді ауылындағы су құбыры желілерін реконструкциялау" жобасына Талқара өзенінің учаскесі | Ақкөл ауданы, Урюпин ауылдық округі, Амангелді ауылы | 500 | 35 |
14-2 | Атауы жоқ өзенінің учаскесі | Ақкөл ауданы, Наумов ауылдық округі, Өрнек ауылы | 500 | 35 |
14-3 | Талқара өзенінің ұзындығы 4,7 шақырым учаскесі | Ақкөл ауданы | 35-500 | 35 |
Аршалы ауданы | ||||
15 | Есіл өзені | Аршалы ауданы | 500-1000 | 50-100 |
16 | Есіл (Ишим) өзені арнасының учаскесі | Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының аумағында | 500 | 50 |
17 | Есіл өзенінің оң жақ ағысы – атауы жоқ кіші өзенінің учаскесі | Аршалы ауданы, Родники ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,7 шақырым, Еңбектас учаскесіне іргелес аумақта | 500 | 35 |
18 | Жібек жолы ауылының аумағындағы атауы жоқ көлдері | Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының аумағында | 300 | 50 |
19 | Бірсуат көлі | Аршалы ауданы, Бірсуат ауылдық округі, Бірсуат ауылынан 7 шақырымда, Ақтасты өзенінде | 500 | 100 |
20 | Батпақкөл көлі | Аршалы ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі | 500 | 100 |
21 | Жалтыркөл көлі | Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі | 500 | 35 |
22 | Үлкен Сарыоба көлі | Аршалы ауданы, Сараба ауылдық округі, Береке ауылынан 4 шақырымда | 500 | 35 |
23 | Айдарлыкөл көлі | Аршалы ауданы, Ижев ауылдық округі, Ижевское ауылынан 7,4 шақырымда | 300 | 100 |
24 | Әлихан бөгеті | Аршалы ауданы, Сараба ауылдық округі, Сараба ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,72 шақырымда | 500 | 50 |
25 | Шелқар көлі | Аршалы ауданы, Михайлов және Сараба ауылдық округтерінің аумағында | 500 | 35 |
25-1 | Үлкен Барлыкөл көлі | Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Бабатай станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 9,5 шақырымда | 500 | 100 |
25-2 | Есіл өзені ағысының ұзындығы 2 шақырым учаскесі | Аршалы ауданы, Аршалы кентінің оңтүстік-шығыс жағынан | 500 | 35 |
25-3 | Кенетай тоғаны | Аршалы ауданы, Константинов ауылдық округі | 500 | 35-100 |
25-4 | Атауы жоқ бөгеті | Аршалы ауданы, Елтоқ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3,1 шақырымда | 300 | 35 |
25-5 | Георгиев бөгеті | Аршалы ауданы | 300 | 35-100 |
Астрахан ауданы | ||||
26 | Есіл өзені | Астрахан ауданы | 500-1000 | 50-100 |
27 | Колутон өзені | Астрахан ауданы | 500 | 35-100 |
27-1 | Ағысы бар Алакөл көлінің учаскесі | Астрахан ауданы, Бесбидайық ауылдық округі | 500 | 35 |
Атбасар ауданы | ||||
28 | Есіл өзені | Атбасар ауданы | 500-1000 | 50-100 |
29 | Жабай өзені | Атбасар ауданы | 500 | 35-100 |
30 | Жыланды өзені | Атбасар ауданы | 500 | 35-55 |
31 | Қайрақты өзені | Атбасар ауданы | 500 | 35 |
32 | Шұға өзенінің учаскесі | Атбасар ауданы, "Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар" автомобиль жолының 216,196 шақырымында орналасқан көпірді жобалау және салуға арналған учаскесі | 500 | 35 |
33 | Шортанбай өзенінің учаскесі | Атбасар ауданы, "Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар" автомобиль жолының 264,151 шақырымында орналасқан көпірді жобалау және салуға арналған учаскесі | 500 | 35 |
34 | Жаркөл көлі | Атбасар ауданы, Ақан Құрманов ауылдық округі | 500 | 50 |
35 | Қарамырза көлі | Атбасар ауданы, Николаевское өзенінің ескі арнасында | 300 | 50 |
36 | Сочинское су қоймасы | Атбасар ауданы, Сочинский ауылдық округі, Сочинское ауылы, Шортанбай өзенінде | 500 | 100 |
37 | Сепе тоғаны | Атбасар ауданы, Жолан өзенінде | 300 | 50 |
37-1 | Сарыкөл көлі | Атбасар ауданы, Орта Мойнақ және Новопетропавловка ауылдарының маңында | 500 | 35 |
37-2 | Тұздық (Тұзқұдық) тоғаны | Атбасар ауданы, Орта Мойнақ және Новопетропавловка ауылдарының маңында | 500 | 35 |
37-3 | Орта мойнақ (Қызылкөл) ескі су арнасы | Атбасар ауданы, Орта Мойнақ және Новопетропавловка ауылдарының маңында | 500 | 35 |
37-4 | Тайкеткен көлі | Атбасар ауданы | 500 | 35 |
Біржан сал ауданы | ||||
38 | Атансор көлі | Біржан сал ауданы | 500 | 35-75 |
39 | Тұзды көлдің учаскесі (атауы жоқ) | Біржан сал ауданы | 500 | 35 |
39-1 | Ақсу өзені | Біржан сал ауданы | 500 | 35 |
39-2 | Қоңыр өзені | Біржан сал ауданы, Үлгілі ауылдық округі, Жалтыркөл ауылынан 9,2 шақырымда | 300 | 35 |
39-3 | Тассу арналық су қоймасымен Атан өзенінің учаскесі | Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°43'54.29", шығыс бойлықтың 71°12'57.38" – солтүстік ендіктің 52°43'59.67", шығыс бойлықтың 71°18'0.43" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 100 |
39-4 | Тассу өзенінің учаскесі | Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°41'5.30", шығыс бойлықтың 71°11'26.55" – солтүстік ендіктің 52°43'51.98", шығыс бойлықтың 71°12'45.24" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 100 |
39-5 | Шат өзенінің учаскесі | Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°42'23.41", шығыс бойлықтың 71°9'50.75" – солтүстік ендіктің 52°44'2.99", шығыс бойлықтың 71°13'7.36" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 100 |
39-6 |
Атан өзені (оң жағалау) | Біржан сал ауданы (қаралып отырған тұстамасында), Еңбекшілдер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 километр | 500-600 | 50 |
39-7 | Жөкей көлі | Біржан сал ауданы | 500 | 35-75 |
39-8 | Сор көлінің учаскесі |
Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°29'14.00", шығыс бойлықтың 71°0'50.00" – солтүстік ендіктің 52°29'41.00", шығыс бойлықтың 71°0'34.00" географиялық координаттарының тұстамасында) | 300 | 100 |
39-9 | Атауы жоқ тоған | Біржан сал ауданы, Заураловка ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 300 | 75 |
39-10 | Шат өзенінің учаскесі | Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°55'27.00", шығыс бойлықтың 72°51'21.00" – солтүстік ендіктің 52°58'20.00", шығыс бойлықтың 72°57'16.00" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 35 |
39-11 | Семізбай өзенінің учаскесі | Біржан сал ауданы (солтүстік ендіктің 52°56'54.00", шығыс бойлықтың 72°45'47.00" – солтүстік ендіктің 52°58'22.00", шығыс бойлықтың 72°57'15.00" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 35 |
Бұланды ауданы | ||||
40 | Аршалы өзені | Бұланды ауданы | 500 | 35-55 |
41 | Бақсұқ өзені | Бұланды ауданы | 500 | 35-55 |
42 | Атауы жоқ өзеннің (Сухая балка өзені) арнасындағы учаскесі | Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі Байсуат ауылының маңында | 500 | 50 |
42-1 | Қайрақты өзенінің ұзындығы 400 метр учаскесі | Бұланды ауданы, Вознесенка ауылдық округі, Вознесенка ауылы | 500 | 35 |
42-2 | Ярославское көлі | Бұланды ауданы, Журавлев ауылдық округі, Ярославка ауылынан 1,58 шақырымда | 300 | 100 |
42-3 | Кадастрлық нөмірі 01-009-003-190 жер учаскесінің шекарасы шегінде ұзындығы 358 метр Қайрақты өзенінің учаскесі (оң жағалау) | Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі, Байсуат ауылы | 500 | 35 |
42-4 | Кадастрлық нөмірлері 01-009-003-204; 01-009-003-205; 01-009-003-206; 01-009-003-230 жер учаскесінің шекарасы шегінде ұзындығы 4,321 шақырым Қайрақты өзенінің учаскесі (сол жағалау) | Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай және Макинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай | 80-500 | 35 |
42-5 | Қыстау-Қарағай тоғаны | Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі, Аққайың ауылы | 300 | 50 |
42-6 | Прохоровско-Колоколовская су қоймасы | Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі | 500 | 35-55 |
42-7 | Талғынкөл көлі | Бұланды ауданы | ||
42-8 | Мат өзенінің учаскесі | Бұланды ауданы, Амангелді ауылдық округі (солтүстік ендіктің 52°7'18.90", шығыс бойлықтың 69°58'49.61" – солтүстік ендіктің 52°11'22.18", шығыс бойлықтың 69°54'42.04" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 50 |
42-9 | Қоңыр өзенінің ұзындығы 5,4 шақырым учаскесі | Бұланды ауданы, Новобратск ауылдық округі | 500 | 35-100 |
Бурабай ауданы | ||||
43 | Қылшақты өзені | Бурабай ауданы | 500 | 35-100 |
44 | Аршалы өзені | Бурабай ауданы | 500 | 35-40 |
45 | Аршалы өзенінің ұзындығы 3 шақырым учаскесі (Николаевка ауылының маңында) | Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Николаевка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,3 шақырымда | 500 | 100 |
46 | Қатаркөл көлі | Бурабай ауданы | 500 | 35-100 |
47 | Щучье көлі | Бурабай ауданы | 500 | 35-100 |
48 | Кіші Шабақты көлі | Бурабай ауданы | 500 | 35-90 |
49 | Үлкен Шабақты көлі | Бурабай ауданы | 500 | 35-100 |
50 | Бурабай көлі | Бурабай ауданы | 500 | 35-100 |
51 | Жөкей көлі | Бурабай ауданы | 500 | 35-75 |
52 | Майбалық көлі | Бурабай ауданы | 300 | 50-90 |
53 | Қараүңгір көлі | Бурабай ауданы | 500 | 35-80 |
54 | Текекөл көлі | Бурабай ауданы, Үлкен Шабақты көлінен 500 метр солтүстікке қарай | 300 | 50 |
55 | Алакөл көлі | Бурабай ауданы, Златополье ауылдық округі, Златополье ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымда | 500 | 35 |
56 | Шыбындыкөл көлі | Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Райгородок ауылынан солтүстікке қарай 70 метрде | 500 | 100 |
57 | Атауы жоқ көл | Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі, Ескі Қарабауыр ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3,4 шақырымда | 300 | 35 |
58 | Лавочное көлі | Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Успеноюрьев ауылының батыс жағынан | 300 | 35 |
59 | Қайыңдыкөл көлі | Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Қарағай ауылының батыс жағынан | 300 | 35 |
60 | Қояндыкөл көлі | Бурабай ауданы, Успеноюрьев ауылдық округі, Клинцы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,73 шақырымда | 500 | 35 |
60-1 | Жайнақ көлі | Бурабай ауданы, Абылайхан ауылдық округі, Зеленый Бор ауылынан солтүстікке қарай 4 шақырымда | 300 | 50 |
60-2 | Қатаркөл көлінің учаскесі | Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы (солтүстік ендіктің 52°58'4.87", шығыс бойлықтың 70°23'57.47" – солтүстік ендіктің 52°58'9.92", шығыс бойлықтың 70°25'32.34" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 35 |
60-3 | Лесной хутор тоғаны | Бурабай ауданы, Златополье ауылдық округі, Лесной хутор ауылының маңында | 300 | 100 |
Ерейментау ауданы | ||||
61 | Селеті өзені | Ерейментау ауданы | 500 | 35-100 |
62 | Зимбұлак (Шымбұлақ) өзені | Ерейментау ауданы | 500 | 35 |
63 | Жобаланып отырған "Ерейментау қаласы ауданындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясына" көпір мен кіре беріс жол салу үшін жер учаскесінің тұстамасындағы Зимбұлақ өзені | Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 шақырымда | 500 | 35 |
64 | Жобаланып отырған "Ерейментау қаласы ауданындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясының" қуат беру желісі мен арттыру қосалқы станциясы орналасқан жер учаскесі тұстамасындағы Зимбұлақ өзенінің оң жағалауы бойынша учаскесі | Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының шегінде | 500 | 35 |
65 | Кедей өзенінің ағысы, атауы жоқ тартылу үстіндегі өзенінің учаскесі | Ерейментау ауданы, Бестоғай ауылдық округі (№ 1 нүктесінің координаттары шегінде шығыс бойлықтың 72°34'42.99" және солтүстік ендік 51°52'3.44" – № 2 нүктесі шығыс бойлықтың 72°34'5.7" және солтүстік ендік 51°50'29.39") | 500 | 35 |
66 | Теңіз көлі | Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі, Сарыадыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10,5 шақырымда | 500 | 100 |
67 | Көбейтұз көлі | Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі, Сарыадыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6,7 шақырымда | 500 | 35 |
68 | Қоржынкөл көлі | Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылдық округі, Қоржынкөл станциясынан солтүстік-батысқа қарай 5,5 шақырымда | 500 | 100 |
69 | Жарсор көлі | Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымнан астам | 500 | 35 |
70 | Үлкен Шарықты көлі | Ерейментау ауданы | 500 | 35 |
70-1 | Өлеңті өзені | Ерейментау ауданы | 500 | 35-38 |
70-2 | Кәрібай өзенінің ұзындығы 1,7 шақырым учаскесі | Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округі, Олжабай батыр ауылының шекараларында | 500 | 35 |
70-3 | Олжабай өзені | Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округі | 500 | 35 |
70-4 | Шайтанды өзені | Ерейментау ауданы, Олжабай батыр атындағы ауылдық округі | 500 | 35 |
70-5 | Қарасу өзенінің ағысы | Новокаменка ауылынан Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылына дейін | 86-500 | 35-100 |
70-6 | Кедей өзені | Ерейментау ауданы | 500 | 35-75 |
70-7 | Ақмырза өзені | Ерейментау ауданы | 500 | 35-100 |
70-8 | Тамдыөзек өзені | Ерейментау ауданы Тайбай көліне дейін | 500 | 35-50 |
70-9 | Тұрғынбай өзені | Ерейментау ауданы | 500 | 9-100 |
70-10 | Қарасу өзені | Ерейментау ауданы | 500 | 35-75 |
70-11 | Тайғанкөл көлі | Ерейментау ауданы | 500 | 50-100 |
Есіл ауданы | ||||
71 | Есіл өзені | Есіл ауданы | 500-1000 | 50-100 |
72 | Қызылсу өзені | Есіл ауданы | 500-550 | 35-41 |
Жақсы ауданы | ||||
73 | Есіл өзені | Жақсы ауданы | 500-1000 | 50-100 |
74 | Терісаққан өзені | Жақсы ауданы | 500 | 35-100 |
75 | Қамысақты өзені | Жақсы ауданы, Терісаққан ауылының маңында | 500 | 75 |
76 | Белағаш су қоймасы | Жақсы ауданы | 500 | 35-50 |
77 | Шұңқыркөл су қоймасы | Жақсы ауданы | 500 | 75 |
77-1 | Шоптыкөл көлі | Жақсы ауданы, Қийма ауылынан оңтүстікке қарай 18 шақырымда (солтүстік ендіктің 51°24'48.05", шығыс бойлықтың 67°30'46.01" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 100 |
77-2 | Чапаев Бөгеті-1 | Жақсы ауданы | 300 | 35 |
77-3 | Чапаев Бөгеті-2 | Жақсы ауданы | 300 | 35 |
Жарқайың ауданы | ||||
78 | Есіл өзені | Жарқайың ауданы | 500-1000 | 50-100 |
79 | Терісаққан өзені | Жарқайың ауданы | 500 | 35-100 |
80 | Коко өзені | Жарқайың ауданы | 500-550 | 35-42 |
Зеренді ауданы | ||||
81 | Шағалалы өзені | Зеренді ауданы | 500 | 35-100 |
82 | Айдабол көлі | Зеренді ауданы, Викторовка ауылы | 500 | 35-90 |
83 | Зеренді көлі | Зеренді ауданы, Зеренді ауылы | 500 | 35-80 |
84 | Құмдыкөл көлінің учаскесі | Зеренді ауданы, Приречное ауылдық округі, Павловка ауылынан шығысқа қарай 3 шақырымда, "Құмдыкөл" кен орнын өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі аумағының географиялық координаттары тұстамасында (№1 солтүстік ендігі 53º08'22.52", шығыс бойлығы 68º57'25.02"; №2 солтүстік ендігі 53º08'12.56", шығыс бойлығы 68º58'19.70") | 500 | 75 |
85 | Подлесненское су қоймасы | Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бәйтерек ауылының маңында | 300 | 35 |
85-1 | Желтау көлінің учаскесі және оның ағысы | Зеренді ауданы, Қанай би атындағы ауылдық округі (солтүстік ендіктің 53°1'5.93", шығыс бойлықтың 69°30'20.33" – солтүстік ендіктің 53°1'1.23", шығыс бойлықтың 69°32'34.11" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 50 |
85-2 | Қылшақты өзені | Зеренді ауданы | 500 | 35-100 |
85-3 | Қошқарбай өзенінің учаскесі | Зеренді ауданы, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі, Серафимовка ауылы (солтүстік ендіктің 52°57'34.00", шығыс бойлықтың 69°17'56.00" – солтүстік ендіктің 52°57'40.00", шығыс бойлықтың 69°17'53.00" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 35 |
85-4 | Терісбұтақ өзенінің учаскесі | Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылдық округі (солтүстік ендіктің 52°54'40.00", шығыс бойлықтың 68°55'58.00" – солтүстік ендіктің 52°56'43.00", шығыс бойлықтың 68°55'19.00" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 35 |
85-5 | Жабай өзені | Зеренді ауданы | 500 | 35-100 |
Қорғалжын ауданы | ||||
86 | Нұра өзені | Қорғалжын ауданы | 1000 | 35-100 |
87 | Сұлтанкелді көлі | Қорғалжын ауданы | 500 | 35-50 |
88 | Теңгіз көлі | Қорғалжын ауданы | 500 | 50 |
89 | Алакөл көлі | Қорғалжын ауданы, Арықты және Кеңбидайық ауылдық округтерінің аумағында | 500 | 100 |
89-1 | Сұлқұркөл көлі | Қорғалжын ауданы | 500 | 35 |
Сандықтау ауданы | ||||
90 | Жабай өзені | Сандықтау ауданы | 500 | 35-100 |
91 | Жыландинка өзені | Сандықтау ауданы | 500 | 35-55 |
92 | Сарқырама өзені | Сандықтау ауданы | 500 | 35-55 |
93 | Құмдыкөл көлі | Сандықтау ауданы | 500 | 35-75 |
94 | Жақсы-Жалғызтау көлі | Сандықтау ауданы | 500 | 35-100 |
Целиноград ауданы | ||||
95 | Есіл өзені | Целиноград ауданы | 500-1000 | 50-100 |
96 | Нұра өзені | Целиноград ауданы | 1000 | 35-100 |
97 | Қозыкөш өзенінің сол ағысы болып табылатын Мұқыр өзенінің учаскесі | Целиноград ауданы | 500 | 35 |
98 | Қозыкөш өзенінің учаскесі | Целиноград ауданы | 500 | 35 |
99 | Сарқырама және Қозыкөш өзендерінің учаскелері | Целиноград ауданы, Қаражар ауылының оңтүстік-батысынан 200 метр қашықтықта орналасқан жер учаскесінің тұстамасында | 500 | 35 |
100 | Ескі Сарқырама өзенінің учаскесі | Целиноград ауданы, Тайтөбе ауылының жобаланатын электр беру желісінің өту учаскесі | 500 | 35 |
101 | Қызылсай өзенінің учаскесі | Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі, "АлтынБедел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жуантөбе учаскесі | 500 | 35 |
102 | Қозыкөш өзенінің (оң жағалауы) учаскесі | Целиноград ауданы, Қараөткел ауылының батыс жағынан | 500 | 35 |
103 | Қозыкөш өзенінің ұзындығы 2,5 шақырым учаскесі | Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округі, Қаражар ауылынан оңтүстікке қарай 3,6 шақырымда | 500 | 50 |
104 | Зоревка көлі | Целиноград ауданы, Приреченский ауылдық округі | 300 | 75-100 |
105 | Әулиетай көлінің учаскесі | Целиноград ауданы, Қараөткел ауылдық округі, Қараөткел ауылынан солтүстікке қарай 2,5 шақырымда | 180-300 | 35 |
106 | Ақ үй бөгеті | Целиноград ауданы, Приреченский ауылдық округі | 500 | 35-75 |
107 | Соленая Балка бөгеті | Целиноград ауданы, Қоянды ауылдық округі, Тимофеевка ауылының оңтүстігіне қарай 5,5 шақырымда | 300 | 75 |
108 | Атауы жоқ бөгет | Целиноград ауданы, Софиевка ауылдық округі | 300 | 35-50 |
109 | Қоянды су қоймасы | Целиноград ауданы, Қоянды ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4,2 шақырымда | 500 | 35 |
109-1 | Дәмира көлі | Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі | 300 | 35 |
109-2 | Үшкөл көлі | Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі | 300 | 35 |
109-3 | Қарасу өзені | Целиноград ауданы | 500 | 35 |
109-4 | Қозыкөш өзені | Целиноград ауданы | 500 | 35-38 |
109-5 | Мұқыр өзені | Целиноград ауданы | 500 | 35-40 |
109-6 | Есіл өзенінің ұзындығы 94,460 шақырым учаскесі | Целиноград ауданы, айналма автомобиль жолынан Астрахан ауданымен шекараға дейін | 500 | 35-39 |
109-7 | Мортық көлі | Целиноград ауданы, Мортық ауылының маңында | 300 | 35 |
109-8 |
Жарлыкөл көлінің ұзындығы 1 шақырым учаскесі | Целиноград ауданы (солтүстік ендіктің 50°36'4.61", шығыс бойлықтың 70°58'50.71" – солтүстік ендіктің 50°36'3.74", шығыс бойлықтың 70°59'41.59" географиялық координаттарының тұстамасында) | 500 | 50 |
109-9 | Плантация тоғаны | Целиноград ауданы | 300 | 50 |
Шортанды ауданы | ||||
110 | Селеті өзені | Шортанды ауданы | 500 | 35-100 |
111 | Колутон өзені | Шортанды ауданы | 500 | 35-100 |
112 | Атауы жоқ өзеннің арнасы учаскесі (Колутон өзенінің ағысы) | Шортанды ауданы, Алтай ауылының маңында | 500 | 50 |
113 | Жолымбет кен алаңының қапталдары учаскесінде орналасқан Ащылыайрық өзенінің учаскесі | Шортанды ауданы | 500 | 35 |
114 | Дамса өзенінің учаскесі | Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Дамса ауылы, "Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылында орталық қазандық және жылу желілерінің құрылысы" жобаланып жатқан объектіден солтүстік-шығысқа қарай 0,9 шақырымда | 500 | 35 |
115 | Дамса өзенінің учаскесі | Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Шортанды кентінің оңтүстік жағынан | 500 | 35 |
116 | Бозайғыр көлі | Шортанды ауданы | 500 | 50-75 |
117 | Барышевка көлі | Шортанды ауданы, Бектау ауылдық округі, Бектау ауылынан 5 шақырымда | 300 | 100 |
118 | Большая Балка бөгеті | Шортанды ауданы, Дамса және Бозайғыр ауылдық округтерінің шекарасында, Степное ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырымда | 300 | 100 |
119 | Ключи (Взрыв) тоғаны | Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылдық округі, Ключи ауылынан 5 шақырымда | 300 | 50 |
119-1 | Дамса өзенінің учаскесі "Дамсинская" бөгетінде шлюздердің құрылысы және қолданыстағы су өткізу имаратын консервациялау" жобасына | Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Дамса ауылының жанында | 500 | 35 |
119-2 | Елизаветинская бөгеті | Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі (солтүстік ендіктің 51°28'6.83", шығыс бойлықтың 71°7'26.88" географиялық координаттарының тұстамасында) | 300 | 100 |
119-3 | Основная бөгеті | Шортанды ауданы, Дамса ауылдық округі, Дамса ауылынан 3 шақырымда | 500 | 35 |
119-4 | Табыскөл көлі | Шортанды ауданы | 500 | 75 |
119-5 | Уақ көлі | Шортанды ауданы | 500 | 100 |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабымен белгіленген талаптар ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысына 3-қосымша |
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақмола облысы әкімдігінің "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3241 болып тіркелген).
2. Ақмола облысы әкімдігінің "Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдері, Террісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3312 болып тіркелген).
3. Ақмола облысы әкімдігінің "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 17 наурыздағы № А-4/106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 болып тіркелген).
4. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3357 болып тіркелген).
5. Ақмола облысы әкімдігінің "Есіл өзенінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/492 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3417 болып тіркелген).
6. Ақмола облысы әкімдігінің "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № А-10/424 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3454 болып тіркелген).
7. Ақмола облысы әкімдігінің "Бозайғыр, Құмдыкөл, Жақсы-Жалғызтау көлдеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі № А-6/269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3793 болып тіркелген).
8. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/19 "Айдабол, Зеренді, Майбалық, Қараүңгір, Сұлтангелді, Теңіз, Қопа көлдерінің, Терісаққан, Жабай, Селеті, Колутон, Шағалалы, Қылшақты өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4167 болып тіркелген).
9. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/562 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5177 болып тіркелген).
10. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысының Бұланды ауданы Қараөзек ауылдық округі Байсуат ауылына жақын орналасқан атауы жоқ өзеннің (Сухая балка өзені) арнасындағы учаскенің су қорғау аймағы мен белдеулерін белгілеу және оны шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-8/342 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5490 болып тіркелген).
11. Ақмола облысы әкімдігінің "Жарлыкөл көлінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін белгілеу туралы" 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5988 болып тіркелген).
12. Ақмола облысы әкімдігінің "Қозыкөш өзенінің сол ағыны болып табылатын Мұқыр өзенінің учаскесінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/337 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 болып тіркелген).
13. Ақмола облысы әкімдігінің "Белағаш, Шұңқыркөл су қоймалары, Атансор көлі, Аршалы, Бақсұқ, Жыландинка, Жыланды, Қайрақты, Сарқырама өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" 2017 жылғы 3 тамыздағы № А-8/338 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6074 болып тіркелген).
14. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданы Алтай ауылының жанындағы атауы жоқ өзеннің арнасы учаскесінде (Колутон өзенінің ағыны) су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2017 жылғы 14 қарашадағы № А-11/507 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6212 болып тіркелген).
15. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Біржан сал ауданында орналасқан тұзды көлдің учаскесіне (атауы жоқ) су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2018 жылғы 5 ақпандағы № А-2/63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417 болып тіркелген).
16. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан Қозыкөш өзенінің участігіне су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № А-4/145 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6558 болып тіркелген).
17. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданында Жолымбет кен алаңының шетіндегі учаскеде орналасқан Ащылыайрық өзенінің учаскесіне су қорғау аймағымен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № А-5/217 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6667 болып тіркелген).
18. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Степногорск қаласының аумағында орналасқан Ақсу өзені арнасының учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 28 ақпандағы № А-2/93 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7094 болып тіркелген).
19. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченский ауылдық округінің жерлерінің шекарасындағы Зоревка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 15 мамырдағы № А-5/220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген).
20. Ақмола облысы әкімдігінің "Жібек Жолы ауылы аумағында Есіл (Ишим) өзені арнасының учаскесінде және атауы жоқ көлдердің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 22 мамырдағы № А-5/233 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7216 болып тіркелген).
21. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан Есіл өзенінің оң жақ ағысы – атауы жоқ кіші өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № А-5/238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7217 болып тіркелген).
22. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Әлихан бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 маусымдағы № А-6/257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген).
23. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреченский ауылдық округінің жерлерінің шекараларындағы Ақ үй бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № А-7/294 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7262 болып тіркелген).
24. Ақмола облысы әкімдігінің "Сочинское су қоймасы, Сепе тоғаны, Бірсуат, Батпақкөл, Жаркөл, Қарамырза, Текекөл көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № А-7/295 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7272 болып тіркелген).
25. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан Сарқырама және Қозыкөш өзендерінің учаскелеріне су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/430 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7390 болып тіркелген).
26. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зимбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № А-10/460 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7399 болып тіркелген).
27. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан Соленая Балка бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/639 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 болып тіркелген).
28. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Большая Балка бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12/640 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7600 болып тіркелген).
29. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Жалтыркөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 10 маусымдағы № А-6/303 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7887 болып тіркелген).
30. Ақмола облысы әкімдігінің "Алакөл көлі, Қызылсу, Коко өзендері, Қоянды, Краснобор су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 30 маусымдағы № А-7/343 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7931 болып тіркелген).
31. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Ключи (Взрыв) тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 13 шілдедегі № А-7/361 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7963 болып тіркелген ).
32. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 21 тамыздағы № А-9/418 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7998 болып тіркелген).
33. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Зимбұлақ өзенінің оң жағалауы бойынша учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 қазандағы № А-10/496 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8064 болып тіркелген).
34. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан атауы жоқ бөгетінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 қазандағы № А-10/497 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8066 болып тіркелген).
35. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан Ескі Сарқырама өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 5 қазандағы № А-10/498 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8065 болып тіркелген).
36. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Шелқар көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2020 жылғы 29 қазандағы № А-11/549 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8120 болып тіркелген).
37. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында орналасқан Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 наурыздағы № А-3/115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген).
38. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Көбейтұз көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 наурыздағы № А-3/127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8399 болып тіркелген).
39. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Теңіз көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 17 наурыздағы № А-3/128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8401 болып тіркелген).
40. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Атбасар ауданының аумағында орналасқан Шұға өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 наурыздағы № А-3/138 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8406 болып тіркелген).
41. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының Қызылсай өзенінің учаскесіне су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8443 болып тіркелген).
42. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында орналасқан Әулиетай көлінің учаскесінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/261 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8495 болып тіркелген).
43. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында орналасқан Үлкен Сарыоба көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8494 болып тіркелген).
44. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Шортанды ауданының аумағында орналасқан Барышевка көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/263 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген).
45. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында орналасқан Қоржынкөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8497 болып тіркелген).
46. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Бурабай ауданында орналасқан Аршалы өзенінің ұзындығы 3 шақырым учаскесіне (Николаевка ауылына жақын) су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № А-5/266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8498 болып тіркелген).
47. Ақмола облысы әкімдігінің "Ақмола облысы Зеренді ауданы Құмдыкөл көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 18 қазандағы № А-10/518 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24874 болып тіркелген).