Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.05.2022 № А-5/222 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № А-2/54 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3241 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2008 жылғы 4 наурызда, "Арқа ажары" газетінде 2008 жылғы 4 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің суды қорғайтын аймақтары мен суды қорғайтын белдеулерінде шаруашылыққа пайдалану тәртібінде аталған қаулының 2-қосымшасына сәйкес:
3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Рау |