Есіл өзенінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/492 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қаңтарда № 3417 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № А-5/222 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.05.2022 № А-5/222 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес, "Есіл өзенінің су қорғау аумағының және белдеуінің жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2006 жылғы 14 маусымдағы № 91 бұйрығымен бекітілген жобалау құжаттамасының негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 07.12.2015 № А-12/562 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Есіл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Есіл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі аймағын шаруашылыққа пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің нормаларына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

      4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

С.Дьяченко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитеті

      Су ресурстарын пайдалануды

      реттеу және қорғау жөніндегі

      Есіл бассейндік инспекциясы

      бастығының міндетін атқарушы

      Р.Сүлейменов


  Ақмола облысы әкімдігінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ А-11/492 қаулысына
қосымша

Есіл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі

Су

объектісі-

нің атауы

Су

айдынының

ауданы,

ш.км

Су қорғау

аймағы

Су қорғау

белдеуі

1

Есіл

өзені

650

ені

метрмен

аймағының

ш.км

ені

метрмен

аймағының

ш.км

500-1000

1300

50-100

97,50


      Қысқарған сөздердің толық атаулары:

      ш.км – шаршы километр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады