Ақмола облысы Көкшетау қаласының құрамдас бөліктерін атау беру және қайта атау, көшенің транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/437 және Ақмола облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29590 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Көкшетау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Краснояр тас жолындағы саяжайларға қарама-қарсы орналасқан Көкшетау қаласындағы тұрғын алабына "Құлагер" шағын ауданы атауы берілсін.

      2. Көкшетау қаласының келесі көшелері қайта аталсын:

      Акан көшесін Қасым Қайсенов көшесіне;

      Бауман көшесін Әміре Қашаубаев көшесіне;

      Буденный көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;

      Воровской көшесін Сағадат Нұрмағанбетов көшесіне;

      Л. Дроздова көшесін Мұстафа Шоқай көшесіне;

      Землячки көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Корчагин көшесін Ағыбай батыр көшесіне;

      Купрач көшесін Тұрсынбек Кәкішев көшесіне;

      8 Март көшесін Рахымжан Қошқарбаев көшесіне;

      Островский көшесін Ермек Серкебаев көшесіне;

      В. Пик көшесін Мұса Асайынов көшесіне;

      Смирнов көшесін Нұрғиса Тілендиев көшесіне;

      Стасова көшесін Әлкей Марғұлан көшесіне;

      Марк Фрадкин көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;

      Щорс көшесін Халифа Алтай көшесіне;

      Южная көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне;

      Генрих Гейне көшесін Тәттімбет көшесіне;

      Калинин көшесін Рамазан Елебаев көшесіне;

      С. Потанин көшесін Міржақып Дулатұлы көшесіне;

      Серов көшесін Күләш Байсейітова көшесіне.

      3. Көкшетау қаласындағы "Еркеш Ибрагимов" көшесінің транскрипциясы "Еркеш Ибраһим" көшесіне өзгертілсін.

      4. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев
      Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Т.Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады