Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 3 тамыздағы № 7С-16/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29103 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 6С-26/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6563 болып тіркелген) шешімі;

      2) Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 6С-50/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7833 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы
О.Джагпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады