Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 7С-19/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30121 болып тіркелді

      Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Степногорск қалалық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4444 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы
О.Джагпаров


  Степногорск қалалық мәслихатының
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 7С-19/5 шешіміне
қосымша
  Степногорск қалалық мәслихатының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 5С-32/8 шешіміне
қосымша

Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі беріледі.

      7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері, ай сайын, әр мүгедектігі бар балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту үшін негіздер Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады