Шектеу іс-шараларын тоқтату және Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 шілдедегі № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 шілдеде № 28909 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 18 шілдедегі № 01-28-296 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің Титовка ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28329 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Полтавка ауылдық
округінің әкімі
Г.Байтурова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады