Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі Новочеркасск ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29756 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новочеркасск ауылдық округі Новочеркасск ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі Новочеркасск ауылының келесі кұрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;

      2) Победа көшесін Жеңіс көшесіне;

      3) Садовая көшесін Бақ көшесіне;

      4) Новый маслозавод көшесін Болашақ көшесіне;

      5) Набережная көшесін Жағалау көшесіне;

      6) Школьная тұйық көшесін Бірлік тұйық көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Новочеркасск ауылдық
округінің әкімі
Ә.Орынбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады