Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-14/6-17 "Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 7С-37/3-22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31132 болып тіркелді

      Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ерейментау ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-14/6-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6093 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ерейментау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:"

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ерейментау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      2-тармағы алынып тасталсын;

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы М.Абжиков

  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 7С-37/2-22 шешіміне
қосымша
  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 22 тамызындағы
№ 6С-14/6-17 шешіміне
қосымша

Ерейментау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Ерейментау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік–еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап оқу орнының анықтамасында көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына мүгедектігі бар әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаның тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады