Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Л.Конарбаева |
КЕЛІСІЛДІ
Целиноград ауданының әкімі |
"Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
"Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 161/29-7 Шешіне қосымша |
Целиноград аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 "Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген) шешім;
2. Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы № 331/47-5 "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5115 болып тіркелген) шешім;
3. "Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 2Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 107/12-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5920 болып тіркелген) шешім;
4. "Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 183/25-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6400 болып тіркелген) шешім;
5. Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 тамыздағы № 236/33-6 "Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) шешім;
6. Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 283/41-6 "Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7084 болып тіркелген) шешім;
7. Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 389/58-6 "Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7777 болып тіркелген) шешім.