Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 161/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ақмола облысы Целиноград ауданының № 96 Разъезд ауылын қайта атау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № А-6/263 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 6С-21-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6712 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
"Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған):
көрсетілген шешімге 2-қосымшада:
кестенің 3-бағанында (аймақ нөмірі I):
жиырма үшінші жолда "Разъезд № 96" сөздері "Ыбырай Алтынсарин ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
"Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болыптіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген шешімге қосымшада:
кестенің 3-бағанында (аймақ нөмірі II):
он екінші жолда "разъезд № 96" сөздері "Ыбырай Алтынсарин ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі |
М.Тәткеев |
24. 08. 2018 ж.