Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы № 331/47-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 5115 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 161/29-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 161/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулылары мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 17 ақпандағы № А-2/65 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-6 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне, "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімінің шешіміне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/221 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен 2015 жылғы 22 мамырдағы № 5С-37-6 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сай өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
А.Бутакова
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Р.Түлкібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

      05.11.2015

  Целиноград аудандық
мәслихатының
2015 жылғы 5 қарашадағы
№ 331/47-5 шешіміне қосымша

Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізімі

      1. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 26.06.2017 № 128/16-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Күші жойылды – Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 13.06.2016 № 46/4-6 шешімімен.

      3. "Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 ақпандағы № 185/26-5 Целиноград аудандық мәслихатының шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4036 болып тіркелген, "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде 2014 жылғы 28 наурызда жарияланған):

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы мен 1-тармағына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 1-қосымшасындағы тақырыбына және бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 2-қосымшасында "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізілді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады