Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің 23.09.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 2-17/63 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Құмтоғай ауылының О.Тәтеұлы көшесінің № 2, № 4/1, № 6, № 7 үйлерінде, О.Жұмабаев көшесінің № 1, № 5, № 9/1, № 10 үйлерінде, А.Рысбаев көшесінің № 8/1, № 8/2, №10, № 11/1, № 12 үйлерінде, Қ.Шегебаев көшесінің № 2/1, № 2/2, № 3 үйлерінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Құмтоғай ауылдық округінің әкімі | Н. Жұбаназаров |