Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округінің Құрмансай ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26797 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Құрмансай ауылдық округінің Құрмансай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Құрмансай ауылдық округі Құрмансай ауылының келесідей көшелері:

      "Декабристер" көшесі – "Қарасу" көшесіне;

      "Абай" көшесі – "Өлке" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құрмансай ауылдық
округінің әкімі
Н. Беккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады