Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 18 наурызда № 27163 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы №173 "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22807 болып тіркелген), Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушысы Л. Турлашов

  Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 71 қаулысымен бекітілген

Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4 бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша

Алматы облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жыл (теңге)

2023 жыл (теңге)

2024 және кейінгі жылдар (теңге)

1

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру)
(Вn)

шаршы сантиметр

393

400

412

2

Алматы облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру)
(Вn)

шаршы сантиметр

97

97

97

3

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

172

184

197

4

Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

142

142

142

5

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

таңба

38

38

38

 
6

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

375 000

375 000

375 000

7

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Алматы облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Btv)

минут

10685

10685

10685

8

Алматы облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

13 000

15 000

20 000

9

Алматы облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликті дайындау және орналастыру) (Br)

секунд

566

570

580


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады