Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 8-17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 25 тамызда № 29272 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Қонаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді Қонаев қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қонаев қаласының әкімі Н. Куматаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады