Текелі қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 136 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 24 мамырда № 28180 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Текелі қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі Б. Молдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады