Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 25-165 "Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 32-110 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 8 тамызда № 29048 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 16-50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ескелді аудандық мәслихатының 06.12.2023 № 16-50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ескелді аудандық мәслихатының "Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 25-165 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4529 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тіркеуде тұратын азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай:

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі –үш ай.

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға – бір рет 5 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға - бір рет 5 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуідеп танылған азаматтар (отбасы):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің тоқсан сайын 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      4) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста 70 пайыздық шектен аспайтын, балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға - ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

      5) табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық жәине кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар – 500 айлық есептік көрсеткіш ағымдағы қаржы жылына бюджетте көзделген қаражат шегінде;

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Ескелді аудандық мәслихатының хатшысы К. Сатанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады