Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 787 қаулысына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0(нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Айнабеков |