Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Райымбек ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Райымбек ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен елді мекендердегі аймақтардың шекараларын бекіту туралы" 2012 жылғы 11 маусымдағы №5-33 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-15-121 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Арипова |
Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 26-115 Райымбек аудандық маслихатының шешіміне 1-қосымша |
Райымбек ауданы жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Райымбек аудандық маслихатының шешіміне 2-қосымша |
Райымбек ауданының ауылдық елді мекендердің бағалау аймақтарының шекаралары және базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттері
№ | Ауылдық елді мекендердің атауы | Кадастрлық кварталының нөмірі | Аймағының нөмірі |
Түзету |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Сүмбе ауылы | 021, 022 | I (0,88-0,89) | 1,5 |
2 | Текес ауылы | 037, 038 | ||
3 | Жамбыл ауылы | 031 | ||
4 | Қайнар ауылы | 042, 043 |
II | 1,2 |
5 | Қақпақ ауылы | 045 | ||
6 | Сарыбастау ауылы | 016, 017 | ||
7 | Сарыжаз ауылы | 012, 013 | ||
8 | Тегістік ауылы | 028 | ||
9 | Қарасаз ауылы | 009, 010 | ||
10 | Шалкөде ауылы | 001 | ||
11 | Қаратоган ауылы | 032 | III (0,70-0,80) | 1,0 |
12 | Көкбел ауылы | 047 | ||
13 | Қызылшекара ауылы | 019 | ||
14 | Жаңатекес ауылы | 039 | ||
15 | Талас ауылы | 003 | ||
16 | Көмірші ауылы | 015 | ||
17 | Қостөбе ауылы | 024 | ||
18 | Тұзкөл ауылы | 007 | ||
19 | Ақбейіт ауылы | 014 | ||
20 | Нарынқол ауылы | 051 |
I | |
050 |
| |||
052 |
II | |||
053 | III (0,58) | 1,0 |