Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының "Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 55 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
шешімнің қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/180-VII шешіміне қосымша |
|
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с шешімімен бекітілген |
Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері
1. Осы Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.
2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (әрі қарай – оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу) "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар баланың (бұдан әрі – мүгедектігі бар бала) үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берген айдан бастап Шымкент қаласы білім басқармасының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында (бұдан әрі – қорытынды) белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар орын алғанда (қорытындыда белгіленген мерзімнің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектігі бар баланың Шымкент қаласынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқуы) төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі беріледі.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ құжаттарды қараудың және жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапты берудің мерзімі Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын бір мүгедектігі бар балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.
9. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту үшін негіздер Қағидаларға 3-қосымшада көзделген.