"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 22/211-VII шешіміне қосымша |
Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34 болып тіркелген).
2. "Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35 болып тіркелген).
3. "Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 56/472-6с шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 64 болып тіркелген).
4. "Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/634-6с шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 135 болып тіркелген).
5. "Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/633-6с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 136 болып тіркелген).
6. "Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3/24-VII шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 161 болып тіркелген).