"Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/633-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қазанда № 136 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 22/211-VII шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 25.11.2022 № 22/211-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларында:

      3-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмеді;

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтініш беруші туралы мәліметтер (азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, өкілдің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), мекен-жайы, байланыс телефоны);";

      7-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:

      "7. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, гүлзарларда) байлауда қалдырылған және чипі бар жануарлардан басқа, ілесіп жүретін адамның қарауынсыз жүрген, қаңғыбас және қараусыз жануарлар ауланады.";

      9-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:

      "9. Ауланған қаңғыбас жануарлар иесіне берілгенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталынатын оқшаулағышқа жеткізіліп, онда 3 күн ұсталады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тасымалдауға арналған арнайы автокөлік аулау кезінде зардап шеккен жануарларға шұғыл жәрдем көрсету үшін ветеринариялық құралдар жиынтығымен толықтырылады, табиғи желдетуі мен жабдықталады.

      Сондай-ақ, тасымалдау техникалық ақаусыз, арнайы металл торлармен жабдықталған, Ұйымдардың белгісі мен телефон нөмірі бар автокөлікпен жүргізіледі.";

      14-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:

      "14. Ұйымдар әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні және ұйымның байланыс деректері, ауланған жануар туралы ақпарат (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануарлардың фото суретін орналастырады. Ақпарат сайтта 3 күн сақталады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Ұйымға қараусыз қалған немесе қаңғыбас жануарларды қайтару және (немесе) беру үшін жүгінген кезде иелері немесе өтініш беруші:

      1) жеке куәлігі;

      2) жануардың ветеринариялық паспортын және (немесе) иесі мен түскен фото суретін ұсынады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қаңғыбас жануарлардың өлекселері (қалдықтары) жою үшін Ұйымдарға беріледі.".

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрайымы Т. Султанова
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады