Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу Тізілімінде № 5226 болып тіркелген), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің 2, 2.1., 2.2., 2.3., 2.4., 2.5. тармақтары алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Акжалов |
Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 4 қарашадағы №35/244-VII шешіміне қосымша |
Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері
1. Осы Семей қаласында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу "Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
3. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәләндыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.
7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу ай сайын әр мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.