Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 163 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 19-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28985 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Тараз қаласы халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктеріне атаулар берілсін:

      13-шағын ауданға Бәйтерек шағын ауданы;

      14-шағын ауданға Әулие-Ата шағын ауданы;

      15-шағын ауданға Ұлы Дала шағын ауданы;

      1-көшеге Роза Жаманова көшесі;

      15-көшеге Ақшан Машани көшесі;

      16-көшеге Төреқұл Жанұзақов көшесі;

      18-көшеге Қайду хан көшесі;

      Алматы тас жолындағы кіреберіс қақпадан автобекетке дейінгі аралықтағы даңғылға Кенесары хан даңғылы.

      2. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Рыночная көшесі Ақбиік көшесіне;

      Завком көшесі Есет батыр көшесіне;

      Кенесары көшесі Шаттық көшесіне;

      Кенесары тұйық көшесі Шаттық тұйық көшесіне;

      Ақмолда батыр көшесі Сырдария көшесіне;

      Паровоз көшесі Алтай көшесіне;

      Первомай көшесі Шалкиіз жырау көшесіне;

      Молодогвардейск көшесі Жас дәурен көшесіне;

      Коммунал көшесі Жиембет жырау көшесіне;

      Опытный көшесі Сыпыра жырау көшесіне;

      Памир көшесі Жалаңтөс батыр көшесіне;

      Ползунов көшесі Әлихан Бөкейхан көшесіне;

      Феликс Дзержинский көшесі Ескелді батыр көшесіне;

      23-партсъезд көшесі Ақтамберді жырау көшесіне;

      Мельничный көшесі Қожаберген жырау көшесіне;

      Мельничный кірме жолы Қожаберген жырау кірме жолына;

      Тепловоз көшесі Мөңке би көшесіне;

      Тепловоз 1-тұйық көшесі Мөңке би 1-тұйық көшесіне;

      Тепловоз 2-тұйық көшесі Мөңке би 2-тұйық көшесіне;

      Тепловоз 3-тұйық көшесі Мөңке би 3-тұйық көшесіне;

      Тепловоз 4-тұйық көшесі Мөңке би 4-тұйық көшесіне.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады