"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қостөбе ауылдық округінің Қостөбе ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Қ.Сарымолдаев 1 тұйық көшесі Көктөбе көшесіне;
Қ.Сарымолдаев 2 тұйық көшесі Қостөбе көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостөбе ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Кожабергенов |