"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Жайылма, Маятас және Қызылдихан ауылдары халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі Жайылма ауылының Жаңа көшесі Асқартау көшесіне қайта аталсын.
2. Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі Маятас ауылының Ю. Гагарин көшесі Ақсу көшесіне қайта аталсын.
3. Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі Қызылдихан ауылында:
Орталық көшесі Ақбұлақ көшесіне;
Жаңа көшесі Көксу көшесіне қайта аталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайылма ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Смагулов |