Талас ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 304 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 тамызда № 29239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талас ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы №316 "Сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеудің мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3592 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас ауданының әкімі Қ. Мәдібек

  Талас ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 15 тамыздағы
№ 304 қаулысына қосымша

Талас ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындары

Алып жатқан аланы, шаршы метр

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

1.

Қаратау қаласы, Ә.Молдақұлова көшесі, №25/4 орталық базардың сол жағында

45

жоқ

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

5

2.

Қаратау қаласы, Ә.Молдақұлова көшесі, №53 үйдің оң жағында

60

жоқ

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

5

3

Қаратау қаласы, Ә.Молдақұлова көшесі, №23 "Акниет" жиһаз дүкенінің сол жағында

50

жоқ

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

5

4.

Қаратау қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, №55 үйдің сол жағында

55

жоқ

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

5

5.

Қаратау қаласы, Шахтер көшесі, "Мамбет" дүкеніне қарама-қарсы №4 Б

75

жоқ

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

5

6.

Ақкөл ауылдық округі, Ақкөл ауылы, Д.Қонаев көшесі, №23 үйдің сол жағында

40

жоқ

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

5

7.

Беріқара ауылдық округі, Майтөбе ауылы, Көксалов көшесі, №5 үйдің оң жағында

45

жоқ

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады