Кербұлақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 30-175 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 6 қаңтарда № 31617 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi - осы шешімінің 2-тармағымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы К. Бекиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады